Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Нам жить в новом мире

Жұлдызды калейдоскоп Отан, ізгілік және әділеттілік игілігі үшін!

Елена ДМИТРИЕНКО, «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ президенті, ҚР Президентінің жастар ісі жөніндегі одағының мүшесі.

«Жұлдыз» ба­лалар қоғамдық ұйымдарының одағы үшін 2013 жыл әлеуметтік маңызды жо­баларымен өте мазмұнды және қызықты жыл болады деген үмітіміз бар. Яғни бұрыннан қалыптасқан педагогикалық дәстүр бойынша тәрбиелік мәні бар іс-шараларға толы болмақшы. Жаңа жылдың жақсы баста­луы өткен 2012 жылы сәтті іске асырылған бағдарламаларға негізделген.

Балалар мен ересек азаматтардың ара­сында ең танымал болған Ақмола облысы балалар бірлестіктерінің бастамасы бойынша 2000 жылдары бастау алған, ал бүгінгі таңда елімізден асып, басқа да елдерге кең таралған дәстүрлі жобалар. Сондықтан жобалардың көбі республикалық мәртебеге ие және ҚР БҒМ және басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, ҚазМӘУ, «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» ЖҚ, «Қазақстан ауыл жастарының одағы» ҚБ, «ҚР кулинарлар ассоциациясы», «Мүгедек балаларды қолдау ассоциациясы» және басқа ұйымдар мен биз­нес құрылымдардың ұйымдастырушылық қолдауы арқылы өткізілуде. Осы жобаларды жүзеге асыруға әлеуметтік серіктестік тура­лы Меморандумды басшылыққа ала отырып, басты қолдау көрсетіп келе жатқан Ақмола облысының әкімділігі және оған бағынысты құрылымдар.

Жобалардың арасында балалар мен жастардың асыға күтетіні және талап етілген ең нәтижелісі мына халықаралық форумдар:

•      Наурыз айында көктем демалысы күндері Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.«Нұр Отан» ХДП және БАҚ бірігіп өткізілетін «Бақытты жұлдыз астында» атты жас тілшілердің, балалар және жастар БАҚ медиа фестивалі. Биылғы фестивальға Москвадан, Санкт-Петербургтан, Новосибирск және Яку­тиядан келетін жас тілшілерді күтудеміз.

• «ХХI ғасырдың балалары: уақыт және өзім туралы диалог» атты балалар қоғамдық қозғалыстары көшбасшыларының саммиті. Бұл өте маңызды халықаралық форум 2004 жылдан бері «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ көшбасшыларының бастамасы бойынша өткізілуде және осы жылы алтыншы саммит өткізілмекші. Бұл саммит­те «Әлемдік мәдениет жолына қарай» басты тақырып арқылы мемлекет пен қоғам өміріне балаларды қатыстыру, кәсіби бағдарлау және мамандық таңдау проблемаларын талқылау жоспарланды;

• Халықаралық балалар дипломатиялық корпусы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ бірігіп қызмет істеу көлемінің кеңеюіне байланысты өзінің қызмет құрылымында, жаңа бастамалары бой­ынша маңызды өзгерістерді күтуде;

• РФ, ҚР және басқа да елдерде бала­лар қоғамдық қозғалыстары мен балалар әлеуметтік бастамаларына мемлекеттік қолдау көрсету, заңнамалық және нормативтік қамтамасыз ету проблемаларына көңіл қою белсенділігінің арттыру мәселеріне байла­нысты Москвада өтетін балалар қоғамдық қозғалыстарын зерттеушілердің халықаралық ассоциациясының жұмысына қатысу өте қызықты және жемісті болатын түрі бар;

•      Жылдың екінші жартыжылдығында «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ, балалар қоғамдық қозғалыстарын зерттеушілер ассоциаци­ясымен бірлесіп, шетел әріптестеріміздің қатысуымен ғылыми-практикалық конферен­ция өткізу жоспарланған.

•      «Болашақ қәсіпқойлардың қолында!» ұранымен «ПРОФИ.KZ» қоғамдық қозғалыстар аясында республикалық жобаларды іске асыру бойынша дайындық басталды.

•      «Сенің стилін» атты жоба түрлі сала бой­ынша қызмет көрсетуге арналған мамандарды кәсіби даярлау және жастар мәдениетінің алу­ан түрлерін қамтыды ( 2013 ж. сәуір.);

•      «Жастар агрофорумы» жобасы, оның ұраны «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі! Болашақты бірге жасаймыз!», 2013ж. қазан айында «Қазақстан ауыл жастарының одағы» ҚБ бірлесіп, Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастырушылық қолдау бойынша өткізу жоспарланды;

•      «Жұлдыз достарын шақырады» жас музыканттардың республикалық фестивалі (вокал, аспапта орындаушылар, балалар музыкалық шығармашылығы, (авторлық музыкалық пьеса (композиция), мюзикл, өлеңдер), (2013 ж. қараша);

•      «Мельпомена 2013» балалар те­атр ұжымдарының республикалық конкурсы (2013ж. қараша- желтоқсан.).

Ағымдағы жылдың сәуірінде ҚР ІІМ бірлесіп «Жас заңгер» жоба көшбасшыларының республикалық форумы өткізілмекші. Ма­мыр айының соңында ҚР ІІМ бірлесіп қозғалыстардың жас инспекторлары (ҚЖИ) белсенділер слеті, Қазақстан суретшілері одағы және ЮНЕСКО БҰҰ клубының қатысуымен жас суретшілерге арналған көшпелі ауысым– пленэр өткізіледі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша жылына екі рет мамыр мен қарашада          2008 жыл­дан бастап республикалық атанған бала­лар қоғамдық қозғалыстары көшбасшылары мен белсенділерінің слеті өткізіледі. Өткен 2012 жылы бұл слет «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ көшбасшылары және белсенділерімен бірлесіп, ерікте түрде өткізілді.

Бұрынғыдай облыстық мәртебеге ие жо­балар: «Мектеп Одиссеясы», Оқушылар ғылымының шағын академиясы, «Жас Ұлан», «Сұңқар» жас патриоттар слеті, «Біз өмір сүруді таңдаймыз!» атты санитарлық және наркологиялық пост, «Ұстаз болғым келедi» атты болашық педагогтарға арналған профильді олимпиада, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қатысуымен «Шексіз балалық шақ», «Бірге біз – Қазақстанбыз!», «Жаңа құрылымдар мен компаниялардың қолдауы арқылы қиын өмір жағдайға ұшыраған бала­лар мен балалар үйінде тәрбиеленушілерге мейірімділік пен қамқоршылық көрсету акция­лары.

Өткен жылы Ақкөл балалар үйі үшін біздің көптеген жобаларымызды қаржыландыру бой­ынша демеушілік көрсеткен «Шелл-Қазақстан» компаниясы болған. Осы компанияның қолдауымен «Ақтаң таймс» балалар медиа орталығы қымбат тұратын заманауи нтерактивті құрал-жабдықтармен фото, видео, оргтехни­ка, әдебиет т.б. ашық ақпараттық кеңістігінде қажетті материалдармен жабдықталды.

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің базасында балалар техникалық шығармашылығын дамыту жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізу - біздің жоспары­мызда бар. Осы жоспарға байланысты Ақмола облысы білім басқармасының демеушілік қолдау көрсететініне сенеміз.

«Туған жер» атты қоғамдық мұражайлардың байқау-конкурсы түрінде өткізілетін рухани және патриоттык тәрбие беруге бағытталған, 2011 жылы бастаған жобалар да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Биылғы жылы осы жобаның мақсатты тақырыптары: Абылай ханның тарихи мұрасы, жерлесіміз Мәлик Ғабдуллинның батырлығы және сол сияқты қазақстандықтардың Ұлы Жеңістегі ерліктері мен батырлықтары. Қазақстан халқының тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары жасаған ерліктеріне, бүгінгі таңда ерлік танытқан батырларға және де бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам өміріне бала­лар мен жастардың қатысуына да назар ауда­рылады.

Сонымен қатар «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ жұмысын балалар қоғамдық қозғалыстарына кең таралған және алуан түрлі ақпараттық қамтамасыз ету және педагогикалық қолдау көрсетусіз елестету қиын.

Сондықтан «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ қызметінің маңызды стратегиялық және ағымдағы бағыт жұмысы – ресми түрдегі, тәуелсіз БАҚ дамыту.

Сонымен бірге біздің балалар ұйымының мемлекеттік қаржыландырусыз шығарылатын басылымдарына ата-аналар, педагогтар, ба­лалармен жұмыс істейтін ұйымдар басшылары түсінушілік танытып, қолдау көрсетеді деген сенім білдіремін.

Құрметті естияр оқырмандар! Біздің БАҚ жазылуларыңызды сұраймын! Газет және жур­налдарымызды қаржыландыруға байланысты қандай қиындық болса да, жылдық жазылу бағасы бұрынғыдай, көтерілген жоқ. Біздің тоқсан сайын шығарылатын «Ребёнок и пра­во», «ЖасStar», «Педагогический бюллетень» журналдарымызға 2013 жылы жазылу а.ж. 1 ақпанына дейін «Казпочта» АҚ арқылы.

«Педагогический вестник», «Лидер», «Ли­дер плюс….» газеттеріне жазылу ай сайын қабылданады.

Сонымен бірге, барлықтарыңыз www.zhuldyz.kz, сайт арқылы біздің ұйым,оның қызметі,жұмыс жоспары, БАҚ, фотомате­риалдар туралы ақпарат алуларыңызға бо­лады. Сайт форумында тіркеліп, балалар қоғамдық қозғалыстары мен балалық шақтың өзекті проблемалары бойынша өткізілетін конференцияларға қатысуға болады, неме­се жай қана балалармен біраз уақыт араласу мүмкіндіктеріңіз бар.

Жоғарыда аталған жұмыс бағыттары мен жобалар біздің қызметіміздің жалғыз қана жұмысы емес. Сонымен бірге «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ көп жыл бойы (ЮНИСЕФ) БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының, ҚР БҒМ бала құқығын қорғау комитетінің, техникалық және кәсіби білім беру департаментінің, ҚР ІІМ, Жол полиция комитетінің, Ақмола облысы прокуратурасының, Ішкі істер, білім, ішкі саясат, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының белсенді әлеуметтік серіктестігі және де ба­лалар қозғалыстарының мүдделерін «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті жанындағы жастар жұмысы жөніндегі одағында, ҚР ардагерлерінің орталық кеңесінде, БҰҰ Қазақстандағы ко­миссиясы жұмысында белсенді ұсынады және халықаралық байланыстарды жемісті дамытуда.

Осының барлығы тек жай қатысуды қана емес, сонымен қатар маңызды, шығармашыл және жауапты жұмыс жасауды талап етеді.

Біздің мақсаттарымыз бен ұмтылысымыз биік. Жоспарларымыз нақты және балалар әлеуметтік бастамаларына жан-жақты қолдау қорсетуге бағытталған. Мемлекетіміздің құқықтық және халықаралық алаңында біз та­бысты қызмет көрсетудеміз және ойдағыдай даму жолындамыз.

Ең бастысы! Қазақстан балаларына шын жүректен қамқорлық жасаған, балалар қоғамдық қозғалыстарына ерекше үлес қосқан үлкендерге Алғысымызды білдіреміз!

Разы болу – ол мейірімді және рухы мықты адамдардың тағдыры. Осығын біз әрдайым балаларымызды, ұйым мүшелерін үйретеміз. Осы жылы ең лайықты ересек жандарды 2012 жылы көшбасшылар слетінде Бізбен бірге бол! Бірге - біз Қазақстанбыз! Қазақстан Республи­касы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР балалар қозғалыстарының үйлестіру кеңесі ұйымдастырған «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-нің «Ба­лалар үшін Алтын жұлдыз» төсбелгісімен на­градтау жұмысын жалғастырамыз.

Журнал "Жасstar", № 4 (34) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум