Елбасымызға – үлкен рахмет!
Әжептәуір, жер десе жері бар, ел
десе елі бар қазақ деген ұлт жоңғар мен орыс сынды тас жүректердің езгісіне
ұшырап, жүндей түтіліп, құруына аз-ақ қалған шақ еді. Ел арасынан жібі түзу,
елін емірене сүйетін азаматтар шығып, елдің қайысқан қабырғасын көтеріп, алға жетеледі.
Міне, сол азаматтар арқасында еліміз еңселі жағдайға жетті. Ел тәуелсіздігін
жырлау, қағаз бетіне түсіру біздің міндетте.
Тәуелсіздік! Бостандық! Кім-кімнің
де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің? Қалай толқымассың?
Тәуелсіздік – халқымыздың
бостандығымен демократиялық жаңару жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының
нәтижесі.
Жол! Тәуелсіздік жолы. Ол асыл мен
жарқынды қосады. Кешегі мен болашақты жалғайды. Біз ғасырлар бойы жоқ іздеген
халықпыз. Біздің жоғалтқан асылымыз – тәуелсіздік еді...
Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің
жастары, Біріңғай Балалар мен Жасөспірімдер ұйымы «Жас Ұланда» бастарын қосып
еңселі ұйымға айналды. Жас Ұлан осы жылы Елордамызбен 6-шы шілдеде өзінің
алғашқы туған күні, 1 жылдығын атап өтті. Тәуелсіздігіміздің тағы бір белгісі,
130- дан астам ұлтпен ұлыс бір ту, яғни қазақ туының астында өмір сүріп
жатқаны. Соған тамшыдай «Жас Ұлан» ұйымы да үлес қосуда. Атап айтсақ, XIX-шы
Қазақстан Халқы Ассамблеясы болды. Бұл атаулы кезеңге, еліміздің әр
өңірінен келген қазақ тілін еркін меңгерген, өзге ұлт өкілдерінің балалары –
жасұландықтар қатысты.
Және жасұландықтар осындай
татулықтарын шет елдегі қандастарымызбен де жоғалтқан жоқ. Соған дәлел ретінде
жасұландықтар өздеріндей, Моңғолия Халық Республикасының Баян Өлгей аймағының
оқушыларымен кездесіп, дөңгелек үстелде отырып, содан соң, Елордамыздың әсем
жерлерін аралаған жәйі бар. Бір жылда істелген жұмыстар мен мақсаттарға жазса
қағаз, айтса сөз жетпейтін деңгейге жеттік. Осындай деңгейге жеткізген
Елбасымызға үлкен рахмет!
Яғни біз, жасұландықтар алдағы
уақытта алдымызға асқақ мақсаттар мен міндеттер қойып отырған жәйіміз бар. Бұл
мақсаттар талқысында «жұмыла көтерген, жүк жеңіл» дегендей жасұландықтар бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта біздің ұйым өзінің мақсат міндеттері
арқасында көп деген асулардан асып, тұғырдың биігінде тұратыны сөзсіз.
«Ұқсатсам Күлтегіндей кемеңгер»,-
деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан ойып орын алған
Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – артынан
ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал
болған тұлға.
Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына
сенеді. Жас ұрпақ, біздер де ертеңімізді Елбасымызбен, оның нұсқаған басым
бағыттары арқылы елестете аламыз.Еліміз ауыр да, сынағы мол жылдарды артқа
тастады. Ендігі кезең – жарқын жылдар болмақ. Мен осынау Елбасы туралы ойымды
Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт
жолында ұйытқы соғар желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу
керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»
Еліміз аман болсын, көрген
қиыншылығы артта қалып, мәңгі тек тарих беттерінде жазылсын. Айрандай ұйып
отырған мемлекетіміз ләйім биікте болғай!
Журнал "Жасstar", № 4 (34) 2012 г. [ Вернуться к содержанию ]
|