Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Гулдене бер, Қазақстан!

Туған жер.

Камила МЕЙРАМ.

«Бір әңгіме қозғашы - ауыл жайлы,

Одан артық әңгіме табылмайды»

( М. Мақатаев )

Әр адамның бойында, жүрегінің түкпірінде бойтұмардай сақтайтын асыл ұғымдары болады .     Ол –ата- ана, Отан, әдет- ғұрып, салт -дәстүр, ана тілі, туған жер деген ыстық әрі қасиетті ұғымдар.

Бұл тақырыптардың қайсысына да болмасын тебіренбей қалам тарту мүмкін емес. Менің туған жерім- Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Бестөбе ауылы. 

Ауыл – қаймағы бұзылмаған қазақтың мекені. Ауыл қазақтың қазақтылығын, мәрттігін, бар болмы­сын, халқының әдет- ғұрпы мен салт- санасын таны­татын киелі жер. Қонақ келсе, төрінен орын беріп, бар асылын алдына қоятын дара әрі дана халқымның, жетімін жылатпауға тырысатын, біреудің қайғысына бірге қайғыра білетін кең пейілді халқымның бастауы осы ауыл емес пе?

Қалаға тіреу болып отырған, ежелден келе жатқан мал өсіру, жер өңдеу секілді жұмыстың қызған орта­сы осы ауыл болып табылады. Қыста соғымын сой­ып, ауылдастарын соғымға шақырып, қуаныш пен қайғыны бірге көтеретін де осы ауыл тұрғындары. Шет елдерге танымал болған қазағымның қымыз, шұбат, қазы-қартасының да мекені осы ауыл емес пе? Ендеше, осындай қасиетке ие болып отырған менің туған ауылым  -  Бестөбе. 80 жылдық тарихы бар, бүгінде барша әлемге ең жоғары алтынымен та­нылып, Қытай, Ағылшын,  Ресеймен бірлесе жұмыс жүргізіп отырған туған ауылым мен үшін өте ерекше әрі қымбат.

Жеті мыңнан астам тұрғыны бар ауылым­да үш шахта мен алтын өндіретін фабрика жұмыс істеуде.Осы фабрикада менің әжем, Мұқатова Алтын,абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.Ауылды көркейтуде және оны танытуда бірнеше ел азаматтары қажымай еңбек етуде. Біз - бүгінгі жастар, олар жайлы тәрбие сағаттарында, ізгілік сәттерінде ай­тып, кездесулер ұйымдастырып, аға буын өкілдерінің бойындағы туған жерге, ауылға деген сүйіспеншілік қасиеттерді өз бойымызда дарытуға тырысамыз. Өнерлі шәкірт тәрбиелеп, халық мәдениетін көтеру мақсатында, табысты жұмыс атқарып отырған «Рау­ан» мәдениет үй мен әлемдік кеңістікке еркін шығу мүмкіндігін беретін, сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған үш білім ордасы бар. 50 жылдан астам тарихы бар, бүгінде 500 жүзден артық оқушы оқытып отырған таза қазақ мектебі бар. Мектебімізден гене­ралдар, бірнеше ақындар мен ғалымдар,  ұстаздар мен дәрігерлер, еңбегі ерен жұмысшылар түлеп ұщқан.  Осы ретте ұстаздық еңбегі зор, ардагер ұстаз Хасено­ва Жәмила Мұсақызын айтып өткім келеді. 

Қандай да бір істі бастамас үшін бата алу- халқымның дәстүрі. Олай болса, үлкен де, кіші де, алыс та, жақын да сыйлай білген, олардан бата алу үшін алыстан ат терлетіп келген жолаушылар да болған. Ауылдың ырысы мен қазығы атанған Қалпе, Шәкірт, Сабыр аталарымның орны бүгінге дейін ерекше.

Мен өзімді өз елімнің, өз ауылымның патриоты­мын деп санаймын.

Ауылда туып, жақсы білім алып, келешекте ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын деген сенімдемін. Табиғаты көркем, өзі сұлу, тұрғындары мейірімді ауылыммен әрқашан мақтанамын.  

«Шығыстың әлеміне құйрықты жұдыздай жарқ еткен» - Шоқанды, «Кел, балалар, оқылық»,- деп, қазақ балаларына әкелік қамқолық танытқан- Ыбы­райды, «Елім, қазағым, жұртым», - деп өткен  Абайды сыйлаған осы ауыл емес пе?

Әлемге қазақты бар болмысымен танытқан Мұхтар аға, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтың батырлығы мен қайсарлығын көрсеткен – Бауыржан, қазағымның өрлігін мен өжеттігін танытқан Ербол, Қайрат  ағаларым да кешегі ауыл балалары емес пе?

«Қандай да болмасын елдің бүгіні мен ертеңін білгің әрі көргің келсе, оның жастарына қара» де­ген ой бар. Елбасы жастарға үлкен сенім артады. Олай болса, елдің ертеңгі тірегі, яғни бүгінгі мектеп шәкірті білімді, жігерлі, қайратты болу керек.

Ендеше, кішкентай ғана жүрегім «елім», «жерім», «қазағым» деп соғып, білім мен жігерге толы көкірегім өз еліме деген сүйіспеншілікке толы. Ау­ылымды биік-биік белестерден көрсету үшін мен де аға- әпкелерімдей адал қызмет етемін деп ойлаймын

 

Журнал "Жасstar", № 4 (34) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум