Бірлікте – күш.

Осы жылдың 1 желтоқсанында елімізде бірінші рет жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің күні Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуының негіздеушісі, Қазақстанның бірлігін, Қазақстан Республикасы Конституциясының қорғалуын, халқының бостандығы мен құқығын қамтамасыз етті. Біздің еліміздің Президенті шын мәнінде дана адам, шебер саясаткер, стратег және нағыз патриот. Біздің тәуелсіздігіміздің уақыты ішінде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен біз көпке жеттік: берік мемлекет құрдық, ең динамикалы экономиканың бірін жараттық, біздің ел халқымыздың өмірлік деңгейін жақсарттық. Біз нық аяққа тұрдық, және біздің мемлекет алға қарай сенімді қозғалады. Қазіргі Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, тұрақты экономикасы мен болашақта үлкен келешегі бар демократиялық мемлекет. Бүгін біздің мемлекет өзі, құқығы және халықаралық алаңдағы мақсаттары туралы сенімділікпен айтады – бізді біледі, бізді құрметтейді, біз туралы айтады. Біздің елдің тағы бір артықшылығы – Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болғандығы. Бізді біріктіретін біздің Туған жеріміз, құрметіміз және жалпы мәдениетіміз. Бүгін Қазақстанда, біріңғай шаңырақтың астында 15 миллионнан артық адам тұрады, олар жүзден астам ұлт пен халық өкілдері. Кітаптар мен газет-журналдар қазақ, орыс, украин, поляк, неміс, ағылшын, ұйғыр, корей, татар және т.б. тілдерінде басылып шығады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, эстрадалық ансамбльдер орындауында іс –шаралар өткізіледі, радио мен теледидарда бағдарламалар хабарландырылады. Және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтуы бойынша: «Жаңа Қазақстанды құруға қажетті тірек, бұл - халықтардың достастығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық». Мен осындай бейбітшілікке және өзара түсіністікке толы керемет мемлекетте дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Өзінің еліне және халқына бейжай емес қарайтын президентімді мақтан тұтамын. Біздің елімізге, президентімізге және халқымызға тек ашық аспан, жаңа жетістіктер, жаңа қызықты да, қуанышты сәттер, жаңа шыңдар тілеймін! Журнал "Жасstar", № 4 (34) 2012 г. [ Вернуться к содержанию ]
|