Тәуелсіз елімді жаһанға танытқан ұлы тұлға.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлға. Өйткені, Тәуелсіздік пен Н.Ә.Назарбаев сөздерін бөлектеп айту мүмкін. Бұл екі сөз Тәуелсіз Қазақстанымыздың төл тарихында төрден орын алып, біртұтасып жатыр. Тарих толқынымен келген Тәуелсіздіктің тұғырының беки түсіп, тамырының тереңге жайыла түсуіне Нұрсұлтан Әбішұлының қосқан үлесі мол. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы да көрегенді саясатының арқасында Қазақстан мемлекеті тәуелсіздіктің 21 жылы ішінде өзге елдердің ғасырлық тарихын басынан өткерді.Бүгінде қарқындап дамып келе жатқан Тәуелсіз елімізді бүкіл ел таныды. Елбасымыз өз сөзінде «Қазақстанды әлем қауымдастығы аймақтың көшбасшысы, құрметті де жауапты әріптес, шынайы дос, сенімді де қайырымды көрші ретінде» деп атап өткені белгілі. Бұл тұжырымның өзі әр қазақстандықтың жүрегіне жылылық орнатып, ертеңгі күнге деген сенімдік тудырады. Бүгінгі күні Ұлт көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев тек Қазақстан мемлекетінің саяси жүйесін құрып қана қоймай, жаһандық саясатқа да өз үлесін қосып келе жатқан белгілі тұлға. Оған дәлел ретінде біздің тәуелсіз еліміз бен Президентіміздің үнемі тек ТМД ғана емес, барша адамзат үшін аса маңызды жаһандық бастамалар көтеріп отыратынын айта кетуге болады. Елбасымыздың бастамасымен жас астанамыз – Астана қаласының өзінде халықаралық көлемдегі түрлі шаралар өтіп жатқанын білеміз. Ұлтаралық татулық пен діндер арасындағы келісімді ту етіп келе жатқан Елбасымыздың арқасында қазақы қонақжайлылықпен Тәуелсіз еліміздің төрінде небір маңызды халықаралық құжаттарға қол қойылды. Өз халқын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып отырған Елбасымыз түрлі әлемдік, Азия көлеміндегі түрлі спорттық шараларды өткізуге бастамашыл болып, әлемді дүр сілкіндіріп отыр. Алысқа ұзамай-ақ жазда ғана өткен Лондон олимпиадасында қазақстандық спортшыларымыздың 7 алтынды қанжығаға байлап, Лондонда көк туымызды желбіретіп қайтқанының өзі біздің Елбасымыздың спорт саласына көрсетіп отырған қамқорының жемісі деуге әбден болады. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстан әлемді жайлап отырған қаржы дағдарысын да онша сезініп отырған жоқ. Халықтың ертеңгі күнге деген сенімін күшейту үшін Елбасымыз ертеден-ақ қамданып қойған. Соның арқасында мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері көбейіп отыр. Жұмыс істегісі келген адамның екі қолына бір күрек табу мәселе емес. Жастардың сапалы білім алуы үшін жасалып жатқан жақсылықтар ұлан-асыр. Елбасымыздың арқасында қазақстандықтық білімді әлем танитын күнге жетіп отырмыз. Қазақстанның 21 жылда қол жеткен табыстары ұзақ жылдар бойы салмақты да салиқалы ұстанып келе жатқан Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей еңбегінің жемісі.
Журнал "Жасstar", № 4 (34) 2012 г. [ Вернуться к содержанию ]
|