Біз - «Жас Ұлан»
Арайлым Сайлауова, Жамбыл облысы, Меркі ауданы. |
Балдауренге арнау Балдауренге 10 жыл міне толыпты, Тартқалы бері алға қарай қонысты. Жан-жағымнан келген қазақ баласы, Атқаруда үлкен-үлкен ұлы істі. Ән де айтып,би де билеп,қуанып, Міне, менде отырмын саған жыр жазып, Балдәуренім алға ұмтылып,өсе бер, Әрқашанда бізді осылай қуантып. Еліміздің тірегі, халқымыздың жүрегі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. «Жас Ұлан» ұйымының жастары егеменді елімізді биік белестерден көрсету керек екенін сезініп, ұшқыр ойымен асқақ армандарынан қорықпай алға ұмтыла отырып, жұмыс жасауда. Біз «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, Президентіміздің саралы саясатының арқасында жасөспірімдерге арналып құрылған ұйымға шексіз ризамыз. Біз үшін баға жетпес білімді алуға барлық жағдай жасалған. Қатарының алды болып, абыройға бөленіп отырған еліміздің дара жолын сәтті жалғастыру жастардың парызы. Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп Абай атамыздың «Бес асыл ісін» бойына сіңіре білетін «Жас Ұлан» ұйымына өз үлесін қосатын, жан-жақты білімді, өз ұлтының қамын ойлайтын патриотты ұл-қыздарымыздың қатары көбеюде. Осы оқушылардың арасындағы ең үздіктері биылғы жазда Балдәурен Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «І Республикалық «Жас Ұлан» жас көшбасшылар форумына» қатысып, лагердің 9-шы маусымында демалып қайтты. Осы бақытты балалардың қатарында мен де болдым. Мен «Балдәуренге» баратынымды білген кезімде қуанышым қойныма сыймады. Ал келген кезімді сөзбен айтып жеткізу мен үшін тіпті қиын.Алғаш келген күндер шынымен де қиын болды, бір-бірімізді мүлдем танымаймыз. Бір отрядта Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ұл-қыздары жиналдық. Тіліміз бір болғанымен кейде сөйлеген сөздерін түсінбей қалған кездерім де болды. Бірақ уақыт өте келе бауыр басып кеттім, арамызда тусінушілік те пайда болды. Бізге демалуға тек он бес күн берілді, бірақ осы он бес күн ішінде он бес жылдық қызықтар өтті. Таңертең тұрғаннан бастап кешкі ұйқыға жатқанға дейінгі кезде талай істі атқарып үлгердік. Оларды тізіп айта берсем тағы он бес күн керек сияқты. Не дегенмен қысқаша тоқталып өтейін үйірмелерге, спорттық жарыстарға, шығармашылық байқауларға, бас қосуларға, концерттерге, лагердің жұмыстарына қатыстым.Әрбір іс-шараға қатысқан сайын ерекше бір әсер алып отырдым.Өйткені әрбір дайындықтың, әрбір жарыстың өзіндік бір ерекшелігі бар. Қарапайым және ең бастысы ол жаңа достар табасын. Сахнаның артында тұрғанда қобалжап емес, қайта бір-бірімізбен танысып жаңа достар тауып тұратынбыз. Осылай алаңсыз өткен әрбір күндеріміз қуаныш пен бақытқа толы болды. Ұйымдастырушы ұстаздарға да біраз бауыр басып қалдық. Өйткені ол кісілер ата-анамыздың алыста екендігін білдірмес үшін біраз терлерін төкті, еркеліктерімізді көтере білді.Біз бір отряд емес,бір жанұя сияқты болып кеттік.Алғашқы кезде үйрене алмай үйімізге кеткіміз келіп еді, ең соңында керісінше бір-бірімізді қимай жүрдік. Осылай жүргенде қоштасатын сәтте туды, бірақ біз қоштасқан жоқпыз біз келесі кездескенше дедік. Алла қаласа алдағы уақытта бас қосамыз деп үміттенемін, өйткені біз қазірдін өзінде интернет желісі арқылы байланысқа шығып отырамыз. Бұл сыйластық мәңгі достықтың нышаны деп сенемін.Лайым достығымыз ұзағынан сүйіндірсе екен деймін!!! Сөз соңында барлық Жас Ұландықтардың атынан еліне елеулі, халқына қалаулы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына шексіз алғысымды білдіремін!!! Журнал "Жасstar", №3(33) 2012 г. [ Вернуться к содержанию ]
|