Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Жас ұландар – жасампаз болашақ иесі

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер

 ұйымының атқарушы хатшысы

Азат Амиртаев.

Әлемдік аренада қанатын кеңінен самғап, өркендеп дамып жатқан тәуелсіз мемлекетіміз жыл санап қуаттану бағытында. Анығырақ айтқанда ертеңгі күнін айқын көре алған қазақ елінің данышпан көшбасшысы, |Елбасы болашақ иелері жастарға жыл сайынғы Жолдауында ерекше мән беріп келеді. Сонымен бірге 2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.

Яғни, балалар ұйымының жеке тұлғаны жан - жақты етіп, оқушылардың рухани - адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оларды дербес өмір сүруге үйретуде маңызы зор. Қай уақытта, қай қоғамда болмасын жастар мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Өйткені еліміздің ертеңі жастарымыздың қолында. Болашақ жастардың қолында десек, ертеңгі келешегімізді заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техниканы жетік меңгерген жастар басқаратыны айдан анық.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар !»-деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді.

Жылдан-жылға жастар саясатына ерекше маңыз берілуі осының айғағы. Анығырақ айтқанда облысымызда соңғы жылдары |Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жүзеге асыруға арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің ұйытқы болуымен мектеп оқушыларының арасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен бірге ОҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жас ұлан» ұйымына желтоқсан айында екінші толқынды қабылдау рәсімі өткізілді. Ұйымға өткен оқушыларымыз мектептің қазіргі мақтанышы болып, мәдениет, спорт,білім-өнер сайыстарында өздерін шыңдап, жетістіктерін көрсетуде. Жуырда жасұландықтармен бірге «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздік тірегі» дөңгелек үстел өткіздік. Дөңгелек үстел өткізудегі мақсатымыз алдағы бірлесіп атқаратын жоспарларды айқындау, талқылау, ұсыныс-пікірлерді жинақтау. Оқушылардың жұмыстарына бағыт-бағдар беру болатын. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана оқушылармен жұмыстың тиімділігі артатыны белгілі.

Жастар тәрбиесі, оның ішінде оларға патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі таңда ертеңгі болашақтың биігіне бастар соны сүрлеу секілді.

Жастар, жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Болашақтың жемісін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру баршамыздың негізгі мақсатымыз. Сондықтан да ұлттық құндылықтар мен адамгершілік-ізгілік тәрбиесін бере отырып, жас ұрпақты өз Отаны – Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, білімді сапалы меңгеріп, өнерді бойға сіңіруге, саламатты өмір салтын ұстануға насихаттай келе, тәрбиелеуіміз қажет.

Осындай биік мақсаттар негізінде «Жас ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Бұл ұйымның ертеңгі болашақ үшін берері мол. Өйткені, тәрбие беру бағытында міндеттер көп.

«Жас ұлан» ұйымының балаларға берері мол. Олардың білім нәрімен сусындап, өнерді серік етуіне бірден-бір ықпал ететін ұйым.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық шығармашылық деңгейін көтеру мен насихаттау мақсатында ұйым қатарына қабылдау болды. Сонімен бірге 1 мамыр күніне орай облыс көлемінде «Жасұландық» атануға талпынған 50 мың оқушы салтанатты түрде ұйым қатарына қабылданды. Қабылдау шарасына облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиева, облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбеков бастаған бірқатар ел ағалары қатысып, Жас ұландықтарға ақ жол тіледі. Сөзіміздің тобықтай түйіні ретінде осы ұйым арқылы оқушыларды қоғамдық жұмысқа тарту, оларға сенім артуды жалғастыру, ой-еркіндігін, сөз мәдениетін дұрыс дамыту керек.

Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум