Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Біз - «Жас Ұлан», адалдықтан жаралдық, Парызымыз - Ұлы Отанға адалдық!

Гүләйім Ақмырзаева

Қызылорда облысы «Жас Ұлан»

бірыңғай балалар мен жасөспірімдер

ұйымы атқарушы хатшысы.

Сыр өңірінде 10 жылдық тарихы бар, 60 000-ға жуық мүшесі бар «Жас Ұрпақ» ұйымы Елбасының бастамасын қуаттап, осыған дейін атқарған игілікті шараларын «Жас Ұлан» ұйымында жалғастыруда. Бұл ұйым балаларға жаңа ой әкеліп, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін әкелді. Қызылордалық ұландар да аталмыш ұйымның бір бөлшегі болып қаланды. Осы уақытқа дейін балалар әлемінде талай игілікті істер атқарған жас ұландықтар талай жетістіктерге жетті. Қызылордалық жас ұландардың алғашқы шарасы 2 қыркүйектен бастау алған болатын. Бұл күн әрбір жас ұландықтың жүрегінде қалды. Дәл сол күні орталық алаңда «Жас Ұлан» қатарына қабылдау сәтіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты. Жүректері лүпілдеп, жүздері қуанышқа толған жас жеткіншектер Елбасының тілегін тыңдап, «Қазақстанның болашағы үшін атқарылатын игілікті істерге әрқашан да дайынмын!» - деп ағынан атқарылды. Осылайша қызылордалық жас ұландардың алғашқы қадамының тұсауын Елбасы кескен болатын. Бұл, Сыр өңірінің ұландары үшін жақсылықтың нышаны болды. Жақсы бастаманы қолға алған жас ұлан жетекшілері үшін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атрибутикалары, жарғысы, жоспарлар мен ережелер таныстырылып, электронды тұсау кесері жасалады.

Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған салтанатты қабылдауда мектеп белсенділері, өнерлі өнерпаздар, олимпиада жеңімпаздары, оқу үздіктері, спорт жеңімпаздары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Оларды облысымыздың ардагерлері мен қайраткерлері мүшелікке қабылдады. Дәл осы күні Сыр өңірінде 1000 жас ұландық кеудесіне үміт ұялатып, мойындарына алғаш көк галстук тақты. Республика көлемінде ұйымдастырылған бұл шараға қызылордалық жас ұландар өз үлестерін қосты.

Қай заманда да ұлылығымен ерекшеленген қазақ халқы бәйгеден оза шауып, жүйріктердің қатарынан көрінетін. Осы дәстүрді жалғаған жас ұландықтар да үнемі жеңіс тұғырынан көріне білді. Өткен жылы қала басшысының кубогіне арналған «Жас эрудит – 2011» сайысы ұйымдастырылған. Аталмыш шараға облыс бойынша қатысқан ардагер ұйымдары мен білімнің тереңіне үңілген ғылыми қоғамдық бірлестіктердің арасында жас ұландықтардың абыройы биік болып 10 кезеңнен тұратын сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, бас жүлде «Жас эрудит – 2011» атағын жеңіп алды. Сөйтіп, алып жиын алдында он бесінде сөз сөйлеген Төледей төрелер ұрпағы барын дәлелдеді.

Сыр өңірінде «Жас Ұлан» ұйымының қалыптасқан жұмыс жүйесін дамыту, ұйым мүшелерін жаңа игі істерге жұмылдыру, ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу, адамгершілікке, мейірімділікке баулу, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға үйрету мақсатында тәлімгерлер тәрбиелік мәні бар шаралар ұйымдастырып, белсенділік көрсетуде. Болашақта біз тәуелсіз мемлекетімізді алып елдің қатарына қосып, Ел Президенті айтқандай, Азия барысына айналамыз. Осындай үкілеген ұлы үміттерге біздің жастарымызды «Жас Ұлан» ұйымы алып барады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай жақсы істерді жандандырып, атаулы мереке қарсаңында көптеген қайырымды қадамдар жасады. Сондай игі шаралардың бастауы «Жас Ұланның алғашқы қайырымды қадамы қарттарға» деп аталатын акцияға өңір бойынша 600 бала қатысып, қарттарға өз жүректерінің жылуын ұсынды. Бұл шара одан кейін «Тәуелсіздіктің тәтті сыйы» апталығымен жалғасып, 10 000 мыңға жуық жас ұлан қайырымды істерде өз қолтаңбасын қалдырды.

Достарымызды өмірге оң өзгерістер әкелуге талпындырып, жат қылықтардан қорғап, бауырмалдыққа баулып, болашағына бағдар жасауға ықпал ету мақсатында «Жаңа өмір» акциясы ұйымдастырылды. Бұл күндері батыстық ықпалдың арбауына түсіп, ата – анасын ұлықтамай, кері ағар пікірге ие болған достарымызға ой салып, орны толмас қателіктердің болмауы үшін аталмыш акцияны өткіздік. Акция барысында түрлі сайыстар, түсіндірме жұмыстары, семинар – тренингтер ұйымдастырылды. Акция соңы мерекелік концертке ұласты. Аталған акция өзінің Қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу мақсатына жетті. Акцияның өз деңгейіне өтуіне облыс бойынша 13 000-ға жуық оқушы, 3713 жас ұлан ұйымының мүшелері мен «Аққауырсын» газетінің жас тілшілері ат салысты. Акция соңында қатысушылар ата-аналар мен достарына арналған үн парақтарын таратып, балалар әлеміндегі игі істерде тағы бір қайырымдылық қадамын жасады. Акция қорытындысы бойынша жас ұлан ұйымы облыстық бұқаралық ақпарат өкілдерінің алғыс хатымен марапатталды. Біздің «Жас Ұлан» ұйымының тағы бір жетістігі жас ұландықтардың Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясына қатысуы болды.

Бұл бізге, жас ұландықтарға артылған сеніммен үміттің қаншалықты зор екенін білдіреді. Осындай үлкен шарадан соң қазақтың қос қарлығашының бірі, батыр апамыз Маншүк Маметованың 90 жылдығына арналған республикалық патриоттық форумында жас ұландықтар үндеу жолдап, сол аға – апаларымыздың ерлігін мәңгілікке жүректерде сақтауға, үлгі-өнеге тұтуға ант берді.

Бұған дейін де көптеген қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жас ұландар республика бойынша ұйымдастырылып жатқан «Болашақ бүгіннен басталады» акциясынан да тыс қалмады. Мамыр айына апталық акция жоспарлаған ұйым мүшелері «Құстар – біздің досымыз» атты қайырымдылық акциясынан бастады. Аталған акцияға облыс бойынша барлық жас ұландықтар қатысты. Акция барысында 300 жас ұландықтар құстарға арнап ұя жасап, орнатты.

Облыстағы түрлі ұлт өкілдерінің диаспорасымен кездесулер ұйымдастырып, «Жасұлан.Достық.Ынтымақ» тақырыбында кездесу кеші болды, кештің құрметті қонақтары жас ұлан мүшелігіне қабылданды.

Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға қол көмек көрсету, бірге жұмыс жасауға жағдай туғызу. Қайырымды, мейірімді болуға, қиналған сәтте көмек беруге, қайырымды іс жасауға тәрбиелеу мақсатында «Қайырымды жүрек қартаймайды» атты мейірім күні ұйымдастырылды.

Мектептегі ұландар тобы мен үйден оқитын балаларды бірін-бірімен достық қарым-қатынас жасауға, сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Біз әрдайым жаныңдамыз» атты акция өткізілді.

Оқушыларды тарихи ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу.Оларды құрметтеп, көркейтуге, шығу тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында«Ескерткіш» операциясы ұйымдастырылды.

Қала,аудан мектептерінің көшбасшыларымен еркін микрофон ұйымдастырылып, «Жас Ұлан жұлдыздары» бас қосты.

Облыс бойынша белгіленген бір уақытта «Жас Ұлан» ұйымының әні «Әнұраным-айбарым» тақырыбында орындалды. Ұлы жеңістің 67 жылдығына орай бейбітшілікті жырлаған ақындардың өлеңдерінен «Жеңісті жақындатқан жырлар» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.

Республикалық «Болашақ бүгіннен басталады» акциясында облыс бойынша 15 000 –нан аса жас ұлан мүшелері белсенділік көрсетті. Осы акция барысында оқушылар арасында ерекше қабілетті балалар мен республикалық, халықаралық өнер, білім, ғылым, қолөнер, спорт т.б. шараларға қатысып жетістіктерге жеткенмен байқалмай, танылмай жүрген балаларды таныту мақсатында сол балалар туралы іздестіру, жеткілікті деңгейде насихаттау, деректер базасын жинақтау жұмыстары жүргізілді.

Өткеннен сабақ алып, болашаққа батыл қадам жасаған Сырдың жас ұландары оқуда озат, өнерде алда болумен қатар аға буын өкілдерінің арасында алтын көпір орнатып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда. 19 мамыр - пионерлер күні қарсаңында «Аға буын мен бүгінгі ұрпақ сабақтастығы – дәуірлер жалғастығы» тақырыбында кездесу кешіне қатысып, аға буын өкілдерінің өнегелі істеріне тәнті болды. Кездесу барысында Қызылорда өңіріне еңбегі сіңген, белгілі азаматтар Алмагүл Божанова, Жәукебаева Бибіжан, Садықова Райхан, Әбішев Сайлау, Ершова Галина т.б кісілермен кездесіп, аға буын өкілдерімен тәжірибе алмасып, өз ұйымдары туралы баяндап берді. Кездесу барысында екі буын өкілдері өз кезеңдерінің әндерін шырқап, ұрандатты. Пионер ұйымының өкілдері өз тәжірибелерін насихаттай отырып, Сыр елінің ұландарына Ғани Мұратбаевтың ерлік істерін үлгі ете отырып, сыр перзентінің өнегесін болашаққа жалғастыруды аманаттады. Өз кезегінде жас ұландықтар да батыр аталарының 110 жылдығына арналған жұлдызды күн өткізуді жоспарлады.

Жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие беріп, жас ұландықтарды игілікті істерге бастап жүрген атқарушы хатшылар арасында облыс бойынша «Тәлімі мол тәлімгер-2012» байқауы болып өтті. Балалар қозғалысы жетекшілерінің жұмысын жандандырып, жас ұлан ұйымының жұмысын насихаттау. «Жас Ұлан» жетекшілерін ортақ іске біріктіріп, жылдың үздік тәлімгерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға атқарушы хатшылар «Тәлімгер-тәрбие ісінің шамшырағы» кезеңі бойынша қатысты. Байқауда атқарушы хатшылар ұйым туралы ақпарат бұрышын ұйымдастырып, «Талантты тәлімгер-дарынды жас ұланға» тақырыбында жаңашыл идеялар көрмесін ұйымдастырды.

Ұйым белсенділігін анықтау парағы арқылы жас ұландар жұмысының нәтижесі шығарылды. «Тәлімі мол тәлімгер» кезеңі бойынша ұйым жұмысының көрмесін ұйымдастырып, «Менің тұжырымдамам» атты тәлімгер мінберінде жаңа жобалар ұсынды. «Тәлімгер тәжірибесі» тосын тапсырма орындау барысында тәлімгерлер балалармен флеш-моб,тренинг ұйымдастырып, ситуациядан шыға білу жолдарын көрсетті. Нәтижесінде тәлімі мол тәлімгер деп танылған Арал ауданының атқарушы хатшысы Маханбетова Қанағат 1-орын иеленіп, ауыспалы вымпелді жеңіп алды.

Облысымыздың көш бастар, көреген жастары жиылатын дәстүрлі «Алаштың асқақ рухты жастары» атты облыстық форуымына қатысқан «Жас Ұлан» ұйымы «Жыл жаңалығы» номинациясының иегері атанды. Облыстық «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Аманжолов Бекарыстан форумда барша Сыр жастарына үндеу жолдады. Бұл да жас ұландықтар бағындырған бір белес болды.

Қашан да жақсы істердің басынан табылатын жас ұландықтар ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығы мерекесінің қарсаңына облыстық «Менің Қазақстаным!» патриоттар акциясына қатысты. Акцияда 400 жас ұлан белсенділік танытып, патриоттық әндер шырқады. Шеруде «Ту, Елтаңба, Әнұран-жасасын Қазақстан!» ,«Көк байрақ, көк аспан –жайнай бер Қазақстан!» ,«Ынтымақ, Ырыс жарасқан, Жаса мәңгі Қазақстан» деп ұрандаған жас ұландар рәмідер туралы мазмұнды көріністер жасап, тәрбиелері өнгелерін көрсетті. Қазіргі таңда 43 000 асатын Сыр ұландарының атқарған игілікті істері теңіздегі тамшыдай болуы мүмкін. Дегенмен, «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларды отан сүйгіштікке, елжандылыққа, биік мәдениетке тәрбиелеу бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Өз Отанын, елін сүюге және өз елінің нағыз азаматы болуға дайындап, балалар ұйымының қоғамдағы белсенділігін арттыруда. Болашағы бүгіннен басталған, ұлылығы бойына дарыған жас ұланның атқарар қызметі әлі алда. Ендеше, Жаса, Жайна, Асқақта байтақ елім! Өс, Өн, Өрле жаңа бастама иесі - «Жас Ұланым»!

Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум