Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Ұланымыз ұлы елдің!

Батыс Қазақстан облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы

Жосабек Есенгалиев.

«Біздің ойымыздың,

тілегіміздің бәрі – жастарда.

Егер отансүйгіш болып өсетін

болса, мемлекетіміздің

тәуелсіздігін сақтап қалатын

болса, еліміз өркендеп өседі».

Н. Назарбаев

«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы бастамасы бойынша құрылған еліміздегі бала тәрбиесінің алдыңғы қатарлы моделі. Ұйымның басты мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Ел болашағы деп танылған ұйымның қатарына қабылдау Еліміздің мерейлі мерекелері күндеріне орайластырған. Достықтың таңы, бірліктің заңы болған 1- мамыр Қазақстан Халықтарының достығы күні, 6-шілде жалынды көшбасшылар ұйымы «Жас Ұланның» өз туған күні және Тәуелсіз мемлекеттің көк байрағын желбіреткен 16-желтоқсан күндері ел үшін тыныстаған, сапалы білімді саналы ұл-қыздарымыз ұйымның қатарын толықтыра алады.

Еліміздің 20-жылдығына орай 2011жылдың 3 желтоқсанында облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың және ардагер ұстаздардың қатысуымен ұйым қатарына қабылдау өткізілді. Бұл күні облысымызда 1000 оқушы «Жас ұлан» төсбелгісі мен көк галстугын желбірете тақты.

2012 жылдың 26–29 қаңтар аралығында Щучинск қаласында Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» кеңейтілген семинары өткізілді. Семинар барысында ұйымның жұмыс жоспары талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шараға әр облыстан ұйым жұмысын үйлестірушілер қатысып, «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы келеңсіз жағдайдан зардап шеккен 150 оқушыны ұйым қатарына қабылдау рәсімінің куәгері болды. Ал, 30 қаңтар күні облыстық жетекшілер Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековпен кездесіп, ұйымды насихаттаудағы кедергілерді шешу мәселелерін талқылады.

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының білім басқармасында еліміздің барлық облыстарының қатысуымен Қазақстан балалар ұйымдары одағының Республикалық кеңесінің онлайн-отырысы өтті.

Отырыс барысында «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының төрайымы Н.Бөлтірікова сөз сөйлеп, ұйымды құрудың мақсаттары мен міндеттерін нақты белгіледі.

«Жас Ұланның» қатары 1-мамыр күніне орайластырып, 27-30 сәуір күндері тағы да толыға түсті. Бұл жолы ерік жігері мықты жас ұландықтар саны 14000-нан асты.

Мамыр айының 1-ші жұлдызында облыстық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы еріктілері «Алғашқы қадам – Жас Ұлан!» акциясын өткізді. Акцияға қала мектептерінен 150 оқушы қатысты. «Жас Ұлан» ұйымының галстугі мен төсбелгісін таққан оқушылар 1- мамыр Қазақстан Халықтарының достығы күні мерекелік шерумен бірге жүріп өтті. Акцияның мақсаты оқушыларды бірлікке, достыққа шақырып, қарым-қатнасын нығайту.

Сонымен қатар, 18- мамыр Бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымдарының «Жайық ұландары – болашақ қырандары» І облыстық құрылтайы өтті. Құрылтайға 80 жас ұландық қатысты. Шараның басты мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылық және шығармашылық белсенділігін арттыру, білім мен іскерлігін көрсету, облыстық «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын қатысушыларға таныстыру. Құрылтайға қатысушылар 5 кезең бойынша өздерінің дайындап келген жұмыстарын қорғады. Олар - «Достарды шақырамыз!», «Жас Ұлан жырлаймыз!», «Бірге ойнаймыз» ойын марафоны, «Ақ парақта – ақпарат!». Шара барысында қатысушылар «Жас Ұлан» ұйымы туралы әнді топпен орындап, көпшілікпен ойналатын ойындар өткізді. Әр топтың жас тілшісі «Мен - Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын» тақырыбына шығарма жазып алып келді.

Аз уақыт ішінде көптеген ізгілікті істерімен көріне білген «Жас Ұланның» игі істері, алар асулары әлі де алда! Ұйым биылғы жылы 6 шілде күні 1 жасқа толады. Осыған орай, 3-17 шілде аралығында Щучинск қаласында «Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығында І Республикалық «Жас Ұлан» көшбасшылар форумы өтті. Форумға облысымыздың ұшқыр қиялы мол, белсенді көшбасшылары қатысты.

Біздер Ұлы елдің ауыз толтырып айтар мақтаныштарымыз! Біз тірегі биік, тәуелсіз ел ұланымыз! Біз – «Жас Ұлан» бағындырар әлі талай белесті!

Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум