Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Кемелді елдің кепілі-бүгінгі ұрпақ ...

Замира Табынбаева,

Ақтөбе облыстық «Жас Ұлан»

ұйымының үйлестірушісі.

Адамды тәрбиелеу – демек, оның ертеңгі,

қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.

А.С.Макаренко

«Адамзатқа ең алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп, ұлы ғұлама Әл – Фараби бекер айтпаған. Тәрбие беру – білім және өмір жолындағы үздіксіз процесс.

Жастар тәрбиесі әр уақытта да қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде ұғыну қажет.

Бүгінгі таңның айдарындағы басты мәселе – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тек қана тәрбие жұмыстарында ғана емес, сондай – ақ тәлім үрдісінде жүзеге асырылады. Сол себепті жеке тұлғаны тәрбиелеу және оны әлеуметтендіру қажет.Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.

Өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын «Жас Ұлан» ұйымының бүгінгі ұрпақ үшін қоғамдағы алар орны ерекше. Тәй-тәй басқан жас ұйым болса да, өзіндік мақсаты айқындалып, жас ұрпақтың жарқын болашағына жолдама болғандай.

2011 жылдың 3 желтоқсанында Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына Ақтөбе облысы бойынша 13124 оқушы ұйым қатарына салтанатты түрде қабылданып, «Жас Ұландықтар» саны күннен-күнге артып, бүгінгі таңда облыс бойынша 53124 ке жетті. «Жас Ұлан» ұйымын жанамын деген шәкірт жүрегіне шырақ болып, жарқырауларына жәрдем беретін ұйым ретінде қабылдаған ата-аналар қауымы балалары үшін қуанған ізгі ниеттерін білдіріп жатады.

Ұландар-болашақтағы еліміздің азаматтары. Еліміздің өркендеуі, гүлденуі - болашақ ұрпақтар қолында. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, білімді, тәрбиелі, белсенді болуымыз керек. Осы мақсатта Облыстық білім басқармасы, Облыстық оқу әдістемелік орталығы Қалалық оқушылар Сарайымен бірлескен түрде облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілері мен ұлан басшыларына арналған ««Жас Ұлан» балалар ұйымының жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.

Үйлесімді, рухани, дені сау және әлеуметтік бейімделген тұлғаны белсенді азаматтық көзқараспен қалыптастыратын, балалар қозғалысының қазақстандық әлеуметтік-педагогикалық үлгісін дамыту, облыстық «Жас Ұлан» балалар ұйымының жұмыстарын үйлестіру, дамыту, жандандыру мақсатында өткізілген семинарда ұйымының жұмыстары туралы талқыланды. Тәжірибелік семинарға аудандардан «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушілері мен ұлан басшылары, сонымен қатар, қала мектептерінің аға тәлімгерлері қатысты. «Қосымша білім беру ұйымдарында «Жас Ұлан» балалар ұйымының жұмыстарын жүзеге асыру» тақырыбында өткен облыстық дөңгелек үстелге облыс бойынша қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен әдіскерлері қатысып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүзеге асыруда өзіндік қосар үндерін, үлестерін білдірді. Облыстық «Ұланымыз ұлы елдің» атты облыстық ұлан басшыларына арналған, «Тәлімі мол Тәлімгер» байқауы сияқты т.б. көптеген «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыру мақсатында түрлі байқаулар, дөңгелек үстелдер, тәжірибелік семинарлар, салтанатты қабылдау жиындары, кездесулер т.б көптеген игі шаралар «Жас Ұландықтардың» қоғамдағы белсенділіктерін арттырып келеді.

Облыста құрылған «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы – балалар мен жасөспірімдердің пайдалы істерін жүргізетін нағыз шыңдалу мектебі болып табылады. Болашақта еліміздің көкбайрағын көкке көтеріп, абройын аспандату – жас ұландықтардың қолында.

«Жас Ұлан» ұйымының 6 шілдеде 1жылдық туған күнін барлық өңірде өткізу жоспарлануда. Біздің облысымызда да маусым айының аяғында облыс ұландарын біріктіретін «Кемелденген Келешек-2012» атты облыстық көшбасшылар слеті өтеді. Слетте Ұлан Басшылары бас қосып, «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарына ат салысып, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін шыңдай түседі. Слет барысында «Жас Ұлан» ұйымының қатары тағы да арта түседі. Слетте өздерін жан жақты көрсете білген ұландар Республикалық «Балдәурен» оқу сауықтыру орталығында өтетін «Жас Ұлан» ұйымының республикалық слетіне жолдама алады.

Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдану- әрбір шәкірт үшін үлкен мәртебе. Еліміздің өркендеуі, гүлденуі үшін әрбір ұлан белсенді, білімді, тәрбиелі болуы керек. «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүйелі орындап, жандандыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген Ақтөбелік ұландар қашанда игі бастамаларды қолдап, ұйымдастыруға ат салысып жүреді.Болашақты бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымы көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі. Болашақ-жігерлі, біліммен қаруланған, салауатты жастар қолында. Әрбір Жас Ұландыққа ертеңгі күн- сәулелі күн болмақ! Ақтөбе ұландары «Жас Ұлан» ұйымының ізгі бастамаларына сәттілік тілей отырып, әрбір нұрлы, шуақты шараларын қашанда қолдайды.

Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум