Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Атырау «Жас Ұланы» болашаққа сеніммен қадам басуда

«Атырау облысы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдерұйымы» ҚБ-нің атқарушы хатшысы М.Қанатова

2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінде Елбасының «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар ұйымдарын құруға берілген тапсырмасына орай оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында құрылған Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 2012 жылдың 6 шілдесінде 1жыл.

Өскелең ұрпақты отаншылдыққа, өз елінің адал, білімді де өнегелі етіп тәрбиелеуді, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруді мақсат етіп құрылған Атырау облысы өңіріндегі «Жас Ұлан» ұйымының алар орны да ерекше.

Өткен күндердің бір белесі болып, артта қалып бара жатқан осынау оқиғаларға көз жүгіртіп, сәл-кем шегініс жасап көрелік ендеше.

Атырау облысы бойынша ұйымға алғашқы мүшелерді қабылдау салтанаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жиырма жұлдызды күн» шеңберінде 2011 жылғы 3 желтоқсанда– «Жастар күні» жүргізілді.

Еліміз үшін аса маңызды тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келген жағымды жаңалық Қазақстан Республикасының тарихындағы тағы бір ерекше оқиға ретінде ел есінде қалуға лайықты, әсіресе ұйымға қабылданған жас өрендердің санасында өшпес із қалдыратын сәттерге айналды.

Атырау өңірінің ерекше қабілетті өрендері (1000 оқушы, оның 700-і- «Жас Ұлан», 300-і «Жас қыран») - Халықаралық, Республикалық, облыстық пәндік олимпиада жеңімпаздары, «Дарын» Республикалық Ғылыми-Практикалық орталығы оқушылар ғылыми жобаларының жеңімпаздары, Республикалық Абай-Шәкәрім, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев оқуларының жүлдегерлері, Барселона фестивалінің І орын жүлдегерлері, дзюдо мен самбодан халықаралық турнирлердің жеңімпаздары, кекушинкай-каратэден «ТМД кубогінің» алтын, күміс медаль иегерлері, «Жас қауырсын» Республикалық шығармашылық сайыс жеңімпаздары және қазақша күрестен Республика чемпиондары алғашқылардың легімен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдану мәртебесіне ие болды.

Қабылданушыларға төсбелгілер мен галстуктерді табыстау үшін облыс әкімінің орынбасары А.А.Керімов, облыстық білім басқармасының бастығы С.И.Есенғалиев, жастар ұйымдарының көшбасшылары, спорт, мәдениет қайраткерлері және бір топ еңбек ардагерлері қатысты.

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына Атырау облысы бойынша екінші толқын оқушыларды қабылдау салтанаты 1 мамыр - Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күні қарсаңында болып өтті. Бұл жолы облыс оқушыларының арасында ұйым қатарына ерікті түрде қабылдауға өтініш білдірген балалар өте көп болды. Олардың өтініштері толық қанағаттандырылып, нәтижесінде 15000 оқушы «Жас Ұландық» атанды.

Бүгінгі күні облыстағы «Жас Ұландықтар» саны 16000-нан асты. Келесі оқу жылында ұйым қатарына қабылдануға сұраныс берушілер қатары көбеймесе, азаяр емес. Осының өзінен-ақ балаларымыздың қоғам өміріне араласуға деген құштарлығы зор екендігін байқауға болады.

Ұйым қатарына өткен оқушыларымыз оқу озаты бола жүріп, әр түрлі бағыттағы сайыстар мен байқауларға қатынасып, жүлделі орындарды иеленуде. Адамдық ниетпен азға қарасу, жалғызға жаны ашудан туындаған қайырымдылық шараларының басы- қасынан табылып жүрген жасұландықтар да аз емес.

Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында аудан, қала мектептерінде бұрынғы «Тимуршылардың» ізін жаңғыртып, «Ұландар» қозғалысы ұйымдастырылды. Мысалы Атырау қаласының №9 мектеп жасұландықтары Ұлы Отан соғысы ардагері Пименова Мария әжейдің шаңырағында болып, қолғабыстарын тигізсе, Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің жасұландықтары жалғызбасты ауыл тұрғыны, тыл ардагері Бақыт Өтеғалиев ақсақалдың жары Қапсихова Сатыпалды әжейдің үйіне барып, ауласын тазалап, көмектерін көрсетті. Әрине, жасұландықтардың бұндай қайырымды бастамалары қуантады.

Сәуір айында Исатай ауданы Х.Нәубетов орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің ұйымдастыруымен жазба мәдени мұраларымызды насихаттау және қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Кітап алмасу» акциясы өткізілді. Акция барысында А.Құнанбаевтың қара сөздері, М.Жұмабаев, Ф.Оңғарсынова, М.Мақатаевтың лирикасы, ақын Ж. Молдағалиевтің «Мен - қазақпын!» поэмасы, ҚР-сы Әнұранының авторы Ж.Нәжімеденовтің лирикасы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі ұсынылып, оқушылар асқан қызығушылықпен талқылады.

Аталмыш акция қазақ әдебиетінің алтын қорына енген құнды туындыларды насихаттап, жас ұрпақты рухани байыту мақсаты орындалған құнды шаралардың бірі болды.

Сәуір айында өткен мазмұнды шаралардың бірі деп облыстық білім беру мекемелері мен қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты мектептердегі тәлімгерлермен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында он-лайн жүйесі арқылы өткізілген семинарды айтып өту керек. Аталған семинарға облыстың 7 ауданы мен, қала мектептері қатынасып, балалар ұйымының жұмысына байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап ала алды деп толық сеніммен айта аламыз.

Исатай ауданында жасұландықтарды «Жасыл жапырақ» акциясында тал егу жұмыстарына жұмылдырса, балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған «Шебер қолдар» қолданбалы өнер көрмесінде халқымыздың дәстүрлі шеберлік бұйымдарын ұрпақтарымыздың ұмытпай жалғастыруы арқылы көпшіліктің назарын аударды. Аудандағы Кеңес Одағының тұңғыш ғарышкері - Ю.А.Гагарин атындағы мектепте «Адам. Галактика. Космос» атты апталық өткізілді. Апталық аясында оқушыларға тұңғыш ғарышкердің өмірі мен ерлік жолдары таныстырылса, «Мен ғарышкер боламын» тақырыбында шығармалар конкурсы, «Космос бала көзімен» сурет конкурстарында балалар бақ сынасты. Апталықтың ең қызықты шарасы-қазақтан шыққан ғарышкерлер Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтардың ерлігі насихатталатын саяхат туры болды.

9 мамыр күні Ұлы жеңістің 67 жылдығына арналған шеруге облыстық білім беру басқармасына қарасты Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-лицей, Қазақ-түрік лицейі, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы, облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиялардың 50 оқушысынан құрылған «Жас Ұландар» тобы қатынасып, ұйым атынан мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды .

4 маусым күні Жылыой ауданының орталық алаңында аудан мектептерінің жас ұландары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Рәміздер- мақтанышым» атты мерекелік шара болып өтті. Шараның мақсаты - ҚР-сы рәміздерінің 20жылдық мерейтойын лайықты атап өту және жас ұрпақты рәміздерді құрметтеуге, отансүйгіштік қасиетке баулу . Шара барысында рәміздер тарихынан викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар марапатталды. Шара соңы ән-күйге ұласқан концерттік бағдарламамен аяқталды. Осындай тағлымы мол шаралардың басы-қасынан табылып жүрген Атырау өңірі ұландары ұйым бастамаларын әркез қолдайды және осы ұйымға мүше болу мәртебесіне ие болғандарын мақтаныш санайды.

Құрметті «Жас Ұландықтар»!

Бір жылдық мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміздің сәулелі болашағына апарар жолға түстіңіздер. Осы сапарда қатарларыңыз молайып, ертеңге деген сенімдеріңіз арта берсін!

Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум