Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Уроки нравственности

Экология және біз

Байболат Мейрам, Атбасар ауданының №2 Ново-Александровка орта мектебінің 3 сынып оқушысы.

Табиғаттың пайда болуы -адамның пайда болуы деген сөз. Демек адам табиғатсыз өмір сүре алмайды ол табиғаттың бір бөлшегі. Адам өзіне қажетті нәрселерді бәрін де табиғаттан алады. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі қажеттінің табылар содан бәрі деп бекер айтпаған». Біздіің бүгінімізде, ертеңгімізде болашағымыз да туған жердің табиғаты.

Табиғаттың саналы иесі-адам. Адам үшін ең бірінші байлық ол денсаулық. Мен ойлаймын дені сау адамзат болашақтың ертеңі. Егер біздің деніміз сау болып өскіміз келсе, әрқашан табиғатты аялауымыз керек. Табиғат пен адам үнемі бір-бірімен байланыста болады. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Адамдар жағдайда табиғаттың ластануына өздері кінәлі деп ойлаймын. Себебі, табиғатта кездесіп жатқан оқи келексің жағдайлар адам қолымен жасалады. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретін ауылды жерді үй түтіннен шыққан түтін, ал қаланы жерлерде улы газдар, олар ауаны, суды ластайды. Осы өзгерістер адамдардың өзінен, яғни біздің денсаулығымызға әсер етеді. Біз үнемі дүниетану сабағынан табиғатты қорғау оған қамқорлық жасау туралы эссе жазамыз немесе әңгімелесіп отырамыз. Табиғат-тал бесік деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Атаңнан мал қалғанша, артында тал қалсын деген де мақал бар. Бұл мақалдың барлығы да осы бізге айтылған сияқты.

Мен көктем шыға бастағанда үйдің маңайын қоқыстан тазартып, ағаштардың сынған бұтақтарын түзетіп байлап ,әпекем екеуміз ағаштардың дінің әктап және суғарып отырамыз. Осымен қатар мектеп жанында көптеген көркейту жұмыстарын жүргіземіз жыл сайын қайың ағаштардың көшеттерін отырғызамыз. Жазғы демалыстарда табиғатқа саяхат жасап бақылау жұмыстар жүргізіп жатамыз. Мұғалім бізге табиғаттың тамашасын сезуге, түсінуге үйретеді. Құмырсқаларды, қанқыздарды, көбелектерді, теңізде жүзіп жатқандай бұлттарды бақылап жатсақ, өз үшін көп қызық өмірмен танысуға болады. Менінше табиғаттың да көңілі тоқ болады, егер құстарымыз көңілді сайрап жатса, егер көбелектеріміз, араларымыз еңбек жасап пайда әкелсе, егер бір кесілген ағаштың орнына 5-10 ағаш отырғызсақ осының барлығын шексіз айтуға болады. Сонда табиғат та аямай мол сыйлығын бізге берер еді. Менің өз арманым болашақта экологиямен байланысты мамандықты таңдап өз Отаным үшін, елім үшін көп үлес қосқым келеді. Әрбір адам дені сау болып болашақ та саналы ұрпақ . Табиғатқа қамқоршы бола білу керек .

Табиғаттың жомартылығын бағалау керек.

Журнал "Жасstar", №1(31) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум