Спорт сергектікке жетелейді
А. Арғынғазинов,Алматы облысы. |

Еліміздің ертеңі жас ұрпақ десек, олардың мектеп қабырғасында білім алып қана қоймай, жан-жақты дамуына бар жағдайды жасағанымыз абзал. Осы мақсатты ұстанған Алматы облыстық жастар саясаты орталығы мен Алматы облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымы бірлесе отырып, жасөспірімдер арасында теннистен жарыс ұйымдастырды. Облыс орталығындағы «Жетісу» теннис кешенінде өткен сайысқа спортсүйер жасұландарымыз қатысты. Үш күнге созылған тартысты додада Кеңесов Қанат, Деятникова Таня, Омашев Диас, Пай Майя жеңіс тұғырынан көрінсе, Дмитриченко Екатерина, Титова Алина, Ғалиев Ғалым, Шантуов Даулет, Воробьева София жүлделі орындарды өзара бөлісті. Сайыс соңында барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар марапатталды. «Бойыңды сергітіп, жаныңды жадыратын осы шараның өткізілгеніне өте қуаныштымыз, осы тәріздес сайыстар жиі өткізіліп тұрса»,-деп тарасты қатысушылар. Журнал "Жасstar", №1(31) 2012 г. [ Вернуться к содержанию ]
|