Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Болашақ бүгіннен басталады

Ш.Бисенгалиева, Кызылорда облысы

Тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктеріне барлық дүниежүзі куә болды және біз тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызды үлкен мақтанышпен айтамыз. Еліміздің жеткен әрбір жетістігіне «Отаным» деген әр азаматтың қосқан өз үлесі бар. Әрбір азаматтың жүрегі «Елім», «Отаным» деп соғуы үшін, ең әуелі баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіруіміз қажет.

Міне, осындай тәрбие берудегі игі іс-шаралардың бірі, Қызылорда облысында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» ұйымдастырған, балаларды бауырмалдыққа баулып, болашағына бағдар жасауға, көктемгі демалыс күндерін мазмұнды ұйымдастырып, балаларды өмірге бейімдеп, қадірлеп, сүюге және әр сәтті, уақытты пайдалы жұмсауға тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушыларының арасында өткен «Жаңа өмір» акциясын ерекше атап өтуге болады. Аталған акция облыс бойынша барлық сынып оқушыларын қамтыды. Акция барысында оқушының психологиялық танымын тәрбиелеу, оқушыларға психологиялық кеңес беру, сауалнамалар, ашық есіктер күнін ұйымдастыру, ата-анамен байланыс, сыныптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сараптау, топтық жұмыстар ұйымдастыру, балаларды оң өзгерістерге машықтандыру, балалар арасынан ынталы топ құру жұмыстары жүргізілді.

Құрылған ынталы топ мүшелері «жасұландықтарымыз» өз ұсыныстарын білдіріп, оны жүзеге асыруға көмектесіп, ұйымдастырылған шараларды бірге атқарды, психологиялық көмекке зәру оқушыларды анықтауға көмектесті. Оқушылардың қайырымдылық жасауға деген ниеттерін айтқан сөздерінен де байқауға болады. № 10 Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10 «ә» сынып оқушысы Аманжолов Бекарыстан: «Қазіргі таңда Елбасының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» ұйымында көшбасшы болып Сыр ұландарының қызықты да пайдалы істер жасауына өз үлесімді қосып жүрмін. «Жаңа өмір» акциясы бізге бергені көп болды. Ең қызығы акция бір мезетте барлық аудандарда өтті. Осындай шаралар арқылы біз жаңа достар тауып, қатармызды көбейтіп, «Жас Ұлан» ұйымының тағы бір қолтаңбасын тарих парағына қалдырдық деп ойлаймын» деді.

Аталған акция мектептерде апта бойына ұйымдастырылып, оқушылар Үйлерінде облыстық «Аққауырсын» газетімен бірлесе қорытынды шаралар өткізілді:

- отбасының қоғамдағы мәртебесін жоғарлату, үлгілі ата-аналар жолын насихаттау, бала мен ата-ана, ұстаздар арасындағы байланысты нығайтып, рухани-адамгершілік дәстүрін сақтауға үйрету мақсатында «Жан жылуы» ашық есік күні;

- оқушылардың арман–қиялдарын дамыту, әсемдікті көріп бағалауға үйретіп, жақсылыққа құштарлық сезімін ояту, қолөнерге деген қабілеттерін дамыту мақсатында «Өмір гүлі» қол еңбегі жәрмеңкесі;

- оқушылардың тіл байлығын жетілдіріп, өмірдегі, айналадағы жақсылықтарды сезініп, қаламдарына қанат бітіру, дос, достық ұғымдарын түсіндіріп, қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында «Ғажайып әлем» ертегілер жазу байқауы;

- оқушыларды денсаулық сақтау мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды өмірдің қадірін білуге, сүюге және өз өмірін қадірлеуге үйрету, қоғамдағы негізгі құндылықтар туралы түсіндіріп, ой түюге қалыптастыру мақсатында «Мен өмірді таңдаймын» плакаттар конкурсы;

- өмірге оң өзгерістер әкелуге талпындыру, жасөспірімді жат қылықтардан қорғап, балаларды бауырмалдыққа баулу, достарын қадірлеуге үйретіп, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Достарым - байлығым» үн парақтар байқауы;

- бітіруші түлектердің бойында саламатты өмір салтының басымдықтарын қалыптастыру, көшбасшылыққа тәрбиелеу, қоғамдағы істерге көзқарасын ашық айта білуге үйрету, балаларды бауырмалдыққа баулып, болашағына бағдар жасауға ықпал жасау мақсатында «Бақытты болашақ» құрбылар мінбері ұйымдастырылды.

«Жаңа өмір» акциясының қорытындысына жасұландықтар, сынып жетекшілері, тәлімгерлер қатысып, апталық барысында жеңімпаз жұмыстардан көрме ұйымдастырылды. Ең үздік ертегіні сахналап, үздік плакаттар парады ұйымдастырылды. Үздік үн қағаздар көпшілікке таратылды.

«Осы шараларды өткізуде жасұландықтар өздері ізденіп, барлық шараға белсенді қатысып, өздері өткізді. Біз тек бағыт, бағдар жасадық. Облыс бойынша «Жас Ұлан» ұйымының 10 000-ға жуық мүшелері мен «Аққауырсын» газетінің 6 000-ға жуық оқырманы ат салысты. Акция соңында 500 –ге тарта жасұландықтар ата-аналары мен достарына арналған үн парақтарын таратып, балалар әлеміндегі игі істерде тағы қайырымдылық қадамын жасады», - деді Қызылорда облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» жетекшісі Г. Е. Ақмырзаева.

Шын мәнінде, жас жеткіншектердің жүрегінен шыққан қайырымдылық істері көпшілікке үлгі болар қуантарлық жағдай. Бүгінгі таңда Жас Ұландықтар» салтанатты жиындар, кездесу кештерін, түрлі акциялар, апталықтар, айлықтар, интеллектуалды шаралар, отырыстар өткізуді дәстүрлі істерге айналдырған. Олардың жеткен жетістіктерін, жасаған мейірімді істерін көріп өскелең ұрпақ үлгі алады, аға ұрпақ қуанады! Отан үшін аянбай еңбек етіп, әрбір қазыналы уақыттарын туған елге арнаған «Жас Ұлан» ұйымының өкілдері әрқашан еліміз үшін атқарылатын игі істерге өз үлестерін қосады деп сенеміз.

Жасұландықтарға: «Қиялап ұшар қанаттарыңыз талмасын!» дейміз.

Журнал "Жасstar", №1(31) 2012 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум