Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне 40 жыл!

Күнтуған Тойшиевич Тойшиев, колледж директоры 2009-2011 ж., қазаң

Облысымыздағы іргелі оқу орындарының бірі Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне 40 жыл толды.

Осы өткен 40 жыл ішінде колледж атауы бірнеше рет өзгерді:

1. 1971 жылдың 2 шілдесінде ҚССР жоғарғы және орта арнаулы министрлігінің № 751-ші бұйрығымен Шымкент қаласында Шымкент автомеханикалық техникумы атауымен ашылған.

2. ҚР Оқу министрлігінің 1995 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 бұйрығымен Шымкент автомеханикалық техникумы Оңтүстік Қазақстан автомеханикалық колледжі деп өзгертілді.

3. ҚР Үкіметінің 08.05.1997 жылғы № 814 қаулысы және ОҚО әкімінің 18.06.1997 жылғы № 14 шешімімен Оңтүстік Қазақстан автомеханикалық колледжі Шымкент аграрлық-техникалық колледжі болып аталды.

4. ОҚО әкімінің 14.03.2003 жылғы № 120 қаулысымен Шымкент аграрлық-техникалық колледжі - Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі болып аталды.

1971 жылдан 1997 жылға дейін автокөлік және жол шаруашылығының 1617 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мен 1601 «Автомобильдерді техникалық пайдалану», 0518 «Көтеру-транспорттық, құрылыстық жол машиналары және жабдықтарды пайдалану, техникалық күту және жөндеу» мамандықтарына орта буындағы білікті, кәсіби шыңдалған мамандар дайындады.

1997 жылдан осы күнге дейін:

1. 2802002 – «Көтеру-транспорттық, құрылыстық жол машиналары және жабдықтарды пайдалану, техникалық күту және жөндеу»;

2. 3002002 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»;

3. 3005002 - 01 – «Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару»;

4. 3005002 - 02 – «Тасымалдауды ұйымдастыру және автомобиль көлігіндегі қозғалысты басқару»;

5. 4332002 – «Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану»;

6. 2807002 -02– «Вагондар мен жылжымалы рефрижераторлы құрамдарды жөндеу және техникалық күту»;

7. 3602002 - 01 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»;

8. 2019002 - 01 – «Мұнайгаз және май құю станцияларының жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтарына білікті мамандар дайындалуда.

Осы аралықта колледжді (техникумды) білікті, тәжірибесі мол басшылар басқарып, алдынғы қатарлы білім ордасына айналдырды.

1.1971-1972 жылдар аралығында И.К.Донских басқарып, оқу ордасының жартылай біткен ғимаратын қалыпты жағдайға келтірді. Оқытушылар ұжымын тәжірбиелі оқытушылардан құрау жұмыстарын жүргізді.

2.1972-1981 жылдарда С.М.Волочаев басқарып, оқу ордасының шеберханасының, гараж комплексінің ғимараттарын көркейту, жабдықтау жұмыстарымен қатар мамандықтар бойынша автокөлік кәсіпорындарынан білікті мамандарды оқытушылыққа шақырып, арнайы пәндерден циклдік комиссия құрамындарын жасақтады.

3. 1981-1988 жылдарда А.А.Пшеничный басқарып, оқу ордасының мамандықтар бойынша материалдық техникалық базасының нығаюына үлкен күш жігерін аямады және Совет Одағындағы автокөлік және тракторлар шығаратын Москва, Горький, Ижевск, Елабуга, Волгоград т.с.с. заводтармен келісім-шарт жасап, оқушылардың сол кездегі алдынғы қатарлы кәсіпорындарда өндірістік машықтануларды өтуіне, кәсіби шындалуына ықпалын тигізді.

4. 1988-1997 жылдарда А.Т.Жолдыбаев басқарып, колледждің мамандықтар бойынша және жалпы техникалық, жалпы білім беру, арнайы пәндерден зертханалар мен дәрісханалардың сол кездегі талапқа сай жабдықталып, оқытушылардың техникалық оқыту құралдарын кеңінен пайдалануға мүмкіндіктер туғызды.

5. 1997-2009 жылдарда К.С.Сейтжанов басқарып, колледжде автокөлік және жол саласының мамандықтарынан басқа теміржол көлігінің бірнеше мамандықтарын ашып, мамандар дайындауға және колледж ғимаратының тозған, бүлінген бөліктерін қалыпқа келтіруге үлес қосты.

6. 2009 жылдан колледждің басшылығын автокөлік саласының тәжірбиелі маманы, көп жылдардан бері оқу ісін басқарып келген, білім саласының үздігі К.Т.Тойшиев басқаруда.

Колледж директоры К.Т.Тойшиев алғашқы күннен бастап, колледждегі оқу дәрісханаларын ақпараттық технология құралдарымен жабдықтаумен қатар, зертханалық және оқу машықтануларының материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы автокөлік, жол-құрылыс, теміржол салаларының өндірістік технологиялық құрал-жабдықтарымен жабдықтау жүргізуде.

Қазіргі кезеңде колледжде 8 мамандық бойынша 2570-тен аса оқушылар білім алуда. Колледжде 4 ғылым кандидаты, 12 магистрлік біліктілік, 35 жоғары санатты, 17 бірінші санатты және 31 екінші санатты оқытушылар қызмет етуде.

Осы жылдар аралығында колледжде оқушыларға білім берумен қатар кәсіби білім беру оқытушыларының біліктілік деңгейінің сапалы қалыптасуына көп көңіл бөлінген. Соның нәтижесі автокөлік және жол құрылыс мамандықтарында С.Тишков, Қ.Сарғалдақов, М.Сырымбетов, С.Тілепбергенов, С.Мырзагелдиев, М.Елекеев, Б.Манкараева, теміржол мамандықтарында Я.Романенко, М.Огурките, А.Бейдалиева, А.Стамкулова, экономика пәндерінен О.Федоренко, Г.Окаева, жалпы білім беру пәндерінен Б.Жанова, Р.Ешимов, А.Пернеев, Ж.Рыстанбекова, Г.Есжанова, А.Омарова, Е.Бакбергенов, Г.Есенаманова сияқты кәсіби білім беру оқытушылары қызмет етуде.

Осы білікті оқытушылар көмегімен оқу стандарт талабына сәйкес барлық мамандықтар бойынша қазақ, орыс тілдерінде типтік оқу жоспары негізінде жұмыс жоспарлары, пәндерден жұмыс бағдарламалары жасалынып, оқу-әдістемелік кешендерді толықтыру жұмыстары ғылыми прогрестің жаңалықтары ескеріліп, жаңартылып отырады. Колледж басшылығы, оқу бөлімі, әдістемелік кабинет арнайы пәндерден мамандықтар бойынша ғылым мен техниканың жаңа теориялық базаларын келешекте практика жүзінде іске асыруға мүмкін болатын материалдарын оқу процессіне енгізіп, болашақ мамандардың теориялық дайындық деңгейінің жоғары болуын үнемі бақылауда ұстауда.

Колледждің материалдық техникалық базасы оқу ғимараты, жатақхана, гараж кешені, оқу шеберханасы, спорт алаңшалары және автомобиль жүргізіп үйретуге арналған кіші алаңшалардан құралған.

Теориялық оқыту стандарт талаптарына сәйкес жабдықталған 44 дәрісханада және 17 зертханаларда жүргізіледі. Колледждегі дәрісханалар мен зертханалар қажетті техникалық және көрнекі оқыту құралдарымен, мультимедиялық жабдықтармен, интерактивтік тақталармен, зертханалық қондырғылар, станоктар, стенділер және өлшеу-сараптау құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар, оқытушылардың ақпараттық – компьютерлік технологиялық (АКТ) біліктілігін арттыру мақсаты алдыңғы қатарға қойылып, оқытушылардың АКТ күнделікті жұмысында пайдалануына қысқа мерзімді арнайы тақырыптарға жалпы немесе арнайы курстық сабақтар өткізілуде. 2010-2011 оқу жылында колледжді басқару бөлімдері және бірнеше оқу дәрісханалары Megaline жүйесі арқылы интернетке қосылған.

Колледждің оқу – материалдық базасын жақсарту және өндірістік кешенінің жаңа технологиялық құрал – жабдықтарымен жабдықталуы 2009 – 2010 оқу жылынан бастап жандана түсті.

Атап айтсақ:

-Колледжде ақпараттық – технологиялық орталығы құрылды;

- Колледжді басқарудың біртұтас локальдық компьютерлік жүйесі құрылды;

- Оқу шеберханасының ұсталық, пісіру, шина жөндеу бөлімшері, автомобильдер мен жол машиналарына техникалық қызмет көрсету бекеті жаңа жабдықтармен қайта жабдықталынды;

- Автомобильдер мен жол машиналарының қозғалтқыштары мен электрондық жүйесін диагностикалау «BOSCH» фирмасының FSA – 740 маркалы кешені алынды;

- Автомобильдердің доңғалақтарын балансирлеу жұмыстарын жасауға «LAUNCH» фирмасының жабдығы алынды;

- Автомобиль қозғалтқыштарының инжекторлық қоректендіру жүйесінің форсункаларын компьютерлік ультрадыбыстық тазалау жабдығы алынды;

- Автомобильдердің оталдыру, қуатпен қамту, желдету-жылыту, борттық бақылау жүйелерінің және КАМАЗ автомобилінің тежегіш жүйесінің пневмо-схемасының зертханалық тренажер машықтану қондырғылары алынды;

- Колледждің циклдік комиссияларының және бөлімшелерінің кабинеттеріндегі жиһаздары жаңартылды;

- Шеберханадағы машықтану бөлімшелерінің құрал-саймандары жаңартылды;

- Автомобильдерді, жол машиналарды жуып тазалау қондырғысы алынды;

- Автомобильдердің жүріс бөлігінің геометриясын келтірудің «LAUNCH» фирмасының компьютерленген жабдығы алынды;

- «LAUNCH» фирмасының 4 бағанды гидро көтергіші алынды; (6 тонна)

- Жүргізуге оқыту компьютерлік тренажеры алынды;

- Ауди А-4 маркалы автокөлігі алынып, диагностикалық зертханасына қойылды; Колледжде оқушылар негізгі мамандық алумен қатар, өз мамандықтарына сәйкес «В», «ВС» категориялы автомобиль жүргізушісі, автокөлік саласының слесары, жол машинасының машинисті және т.б. жұмысшы кәсіптерін игереді; «В», «ВС» категориялы автомобиль жүргізушісі, жол машинасының машинисті жұмысшы кәсібін игеруге 6 жеңіл автокөлігі, 1 автобус, 2 трактор, 2 жүк артқыш машина, 1 экскаватор пайдаланылады.

Мамандықтардың түрлеріне қарай өндірістік технологиялық, диплом алды практикалар кәсіпорындар базаларында өткізіледі.

Мамандарды сапалы дайындауда, оқытуды өндіріспен ұштастыруда шешімі қиын мәселелер де кездесіп отыр:

- Кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерінің, материалдық – техникалық базасының ескілігі, бүгінгі күн талабына сәйкес келмеуі;

- Кәсіпорындардың жүйелі бір қалыпты жұмыс істемеуі;

- Кейбір кәсіпорндардың жас мамандар дайындаудан сырт қалуы, өндірістік практиканы келісім бермеуі;

Осы мәселелерді шешуге колледж облыстағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, әлеуметтік серіктестік қарым – қатынас туралы 20 кәсіпорынмен келісім-шарт түзген. Солардың ішінде жастар тәрбиесі мен білікті мамандар дайындауға жауапкершілікпен қарайтын «Корпорация Береке – А» ЖШС, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ-ның Шымкент жол бөлімшесі, «Қазығұрт» станциясы, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті, РММ «Қазақавтожол», «Оңтүстік Қазақстан жол зертханасы» кәсіпорындарда оқушылардың өндірістік – технологиялық машықтануларды өтуі, олардың мамандығына сәйкес кәсіби шыңдалуы, біліктілігінің артуы, нәтижесінде білікті сапалы білімді маман дайындауға үлкен көмегін тигізуде.

Осы оқу жылында колледжде «Әлеуметтік әріптестік – сапалы маман даярлаудың кепілі» тақырыбына әлеуметтік серіктестердің қатысуымен семинар өткізілді. Семинарда қойылған мақсат-Елбасы бекіткен «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруда, бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа моделін қалыптастырудың жолдары.

Осы жылдар аралығында колледж кәсіби - техникалық білім беру саласында көптеген жетістіктерге жеткен, солардың соңғы жылдардағысы:

- 2009 жылы 2 қарашада Облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Таңдаулы техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі» атты облыстық сырттай байқауында колледж бас жүлдеге ие болды;

- 2009 жылы 13 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының үздігі» атты Республикалық конкурста колледж «Оқу орнын материалдық – техникалық базасын жаңартқаны үшін» номинациясымен марапатталды.

- 2010 жылдың 11 наурызында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары федерациясының ДИПЛОМЫ «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 2009 жылғы республикалық қоғамдық байқаудық жеңімпазы.

- Жылдың ең үздік номинациялары иегерін іріктеу жөніндегі облыстық комиссияның шешімімен, 2009 жылы 30 желтоқсанда ОҚО – ның әкімі А.Мырзахметовтың атынан «Білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін» 2009 жылдың «Үздік колледжі» болып танылып, ДИПЛОММЕН марапатталды.

2009 жыл «Нұр Отан» ХДП оңтүстік Қазақстан облысы филиалы, Партияның жарғылық және бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда қосқан үлесі үшін еңбекті «АВТО» бастауыш партия ұйымы 2009 жылдың «Үздік бастауыш партия ұйымы» болып танылып, ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Нұр Отан» ХДП Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік Білім беру жүйесінің 70 жылдық мерейтойына орай «Біз Қазақстанды бірге құрамыз» атты Республикалық байқауының Көлік және коммуникацияны Дамыту номинациясы бойынша Дипломмен марапатталды.

40 жылда техникалық мамандық иелерін дайындаудың ұясы, кәсіптік шеберханасы болған оқу орны бүгінгі күнге дейін 13 123 білікті мамандар дайындады.

Колледж ұжымы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мен Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген талаптарға сәйкес мамандарды даярлауда оқу сапасын көтеруге басымдық беріп, қажетті іс – шаралар жоспарын жасап, қажырлы еңбек етуде.

Қазіргі кезде біздің ғана емес еліміздің мақтанышына айналған талантты түлектеріміз сапалы кәсіби білімдері мен саналы тәрбиелілігімен дараланып, республикамыздың ғана емес СНГ елдерінде, Германия мен Грецияда қызмет атқаруда.

Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосатын кәсіптік білім саласында болашақ ұрпақты тәрбиелеуде, техникалық маман иелерін даярлауда еңбек етіп келе жатқан әріптестерімді және білімге талпынған шәкірттерімді колледждің 40 жылдық мерей тойымен құттықтаймын!

Автор туралы мәлімет:

Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры Тойшиев Күнтуған Тойшиевич 1972 жылдан колледжде оқытушы, кафедра меңгерушісі, күндізгі және кешкі бөлім меңгерушісі, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде қажырлы да, жемісті еңбегінің арқасында колледж директоры қызметіне дейін көтерілген, білікті маман, іскер басшы. Осы жылдарда К.Тойшиев кәсіби білім беру қызметінде мол тәжірибе жинақтап, ұйымдастырушылық қабілетін шыңдап, білікті маман дайындауда ұжымның нәтижелі де, сапалы жұмысына басшылық жасап келеді.

Соңғы жылдарда колледж оқу-материалдық базасы жаңаланып, білім беру сапасы көтерілуіне сәйкес, оңтүстіктегі оқу орындарының алдыңғы сапында.

К.Тойшиевтің еңбегі еленіп, бірқатар марапаттауларға ие болған азамат:

14.10.1986ж. «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төс белгісі;

01.10.2005ж. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы; 06.05.2006ж. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төс белгісі;

16.12.2006ж.Оқу-тәрбие жұмысындағы жетістіктері үшін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдық мерекесіне орай колледждің «Құрмет грамотасы»

2008-2010жж. ОҚО ББ-ның, қала әкімінің, кәсіподақ ұйымының «Алғыс хаттары»,

2010-2011жж. ОҚО мәслихатының, Шымкент қалалық маслихатының «Алғыс хаттары»;

2011 жылы ҚР Президентінің «Алғыс хаты».

К.Тойшиев колледж ұжымында белсенді басшы және білікті маман ретінде құрмет пен ерекше беделге ие.

 

Журнал "Жасstar", №3(29) 2011 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум