Таныс болаіқ: Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы
Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы |
Құрсабаев Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қарақол ауылында көпбалалы малшы отбасында дүниеге келді. 1976 жылы 8 сыныпты үздік бітірген соң Жаркент (Алматы облысы) педагогикалық колледжінде білім алады. 1980 жылы туған ауылындағы мектептен аға пионервожатыйлық қызметті бастайды. 1980-1982 жылдары Кеңес Үкіметі әскері қатарында өзінің борышын өтейді. 1986-1988 жылдары Халықарлық «Артек» балалар орталығында тәлімгер болып жұмыс істейді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің география-экология факультетін және Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірген. Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан. 1988 жылы «Артектен» оралған соң Қазақстандағы пионер ұйымының орнына «Атамекен» балалар ұйымын құру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізеді. Туған ауылына қайта оралып, ұстазы Г.Омарханқызының қолдауымен республикады тұңғыш рет тәуелсіз «Атамекен» атты ұлттық балалар қоғамдық ұйымының бастауыш ордасын құрады. Нәтижесінде, «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасы дүниеге келеді. Кейін бағдарлама жобасы республика мектептеріне таралған уақытта М.Құрсабаев Алматыға көшуге мәжбүр болады. Астанада ол Республикалық «Жұлдыз-1989» жиыны мен Қазақстан пионерлерінің 7 Республикалық (1990) Слетіне қатысып, өзінің идеясы жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізді. 1990 жылдың 4 қараша күні Алматы қаласындағы «Жетісу» қонақ үйінде жасырын өткен «кіші Слет» шешімі бойынша қабылданған «Атамекеншілер» тобының (М.Қыдырбайұлы, О.Нұрғалиева, Г.Омарханқызы, А.Кәріпжанов, Т.Айтқазыұлы,А.Лайықова, Қ.Таттыбаев, Б.Сүйеубаева, Б.Бақтыбаева, Ж.Сүлейменов т.б) 7 Слет күн тәртібіне «пионер ұйымының» орнына «Атамекен» балалар ұйымын құру жөніндегі ұсынысы қабылданбайды. Алматы қаласы № 112 мектеп директоры Л.С.Шереметьеваның қолдауымен аталмыш мектепте аға пионервожатый болып жұмыс істеп, мектептегі тәрбие жұмысын республикалық деңгейге көтереді. Оның ұйымдастыруымен мектеп базасында жер сілкінісінен зардап шеккен Армения (Спитак, 1988) балаларымен мектеп базасында халықаралық іс-шара ұйымдастырылады. Бұл іс-шара Ленин аудандық комсомол комитетінің 1-хатшысы М.Насырхан мен аудандық оқушылар сарайының директоры Н.Иванова тарапынан жоғары бағалануы нәтижесінде, мемлекет қайраткері Г.А.Алтынбекова ұсынысымен М.Құрсабаевтың Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетіне жауапты қызметке алынуына себепші болады. 1990 жылы мемлекет қайраткері Г.А.Алтынбекованың ұсынысымен Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің нұсқаушысы болып, Ф.Оңғарсынова мен Н.Б.Абаеваның ұсынысымен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында ғылыми қызметкер болып істейді. 1991-1994 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы аспирантурасында оқып жүрген жылдары М.Құрсабаев көрнекті ғалым-философ З.Қари мен № 49 мектеп директоры Р.Төменқызының қолдауымен «Мұхамедрахим медресесі» атты авторлық мектеп ашады. Медресенің Алматыдағы № 76, № 145 орта мектеп базасында филиалының ашылуы үкімет және құқық қорғау ұйымдары тарапынан қайшылық тудыртуы салдарынан жабылады. 1991 жылы 7 желтоқсанда өткен І Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігінің Құрылтайында М.Құрсабаев Төраға болып сайланады. 1990 жылы «Қазақстан пионері» (Ұлан, 18.03.1990), «Егемен Қазақстан» (27.08.1991) газеттері мен «Ақжелкен» (№5, 1990), «Қазақстан мектебі» (№5, 1991) журналдарында жарияланған М.Құрсабаевтың «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасы бүкіл Қазақстан мектептері мен одан тысқары жерлерде «пионер бөлмесінің» орнына «Атамекен ордасы» ұлттық тәрбие жүйесінің пайда болуына тарихи-педагогикалық маңызын тигізді. 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматыдағы Қазақстан ЛКЖО ОК ғимаратында өткен І Республикалық «Атамекен» балалар ұйымының Құрылтайында М.Құрсабаев Төраға болып сайланады. Құрылтай шешімімен «пионер бөлмесі – Атамекен ордасы», «вожатый-тәлімгер», «пионер-ұлан» т.б деп өзгертіледі. 2003 жылы көрнекті саясаткер С.Ақатаевтың әріптесі қоғам қайраткері Ж.Қасымның шақыруымен («Атамекеншіл» досы Қ.Исиннің ұсынысымен) М.Құрсабаев «Көкше» Академиясы этнопедагогика лабораториясы жетекшілігіне жұмысқа шақырылады. Онда көрнекті ғалым, қазақ этнопедагогикасының ақсақалы академик Серғазы Қалиевтың қатысуымен С.Мұқановтың шәкірті, ұлағатты ұстаз Сейтен Сауытбековтың педагогикалық мұраларын жұртшылыққа насихаттау барысында Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық коференциясын ұйымдастырады. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б.С.Әйтімованың атына балалар ұйымдары ардагерлерінің атынан хат жазып, ұсыныс жасау нәтижесінде Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында І Республикалық балалар ұйымдары Одағының Құрылтайының өтуіне (Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қ, 25-27 тамыз 2006) М.Құрсабаевтың қосқан үлесі зор. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы Бас директорының шақыруымен директордың ғылым жөніндегі орынбасары болып істейді. Орталық базасында көрнекті ғалымдар п.ғ.д.,профессор Кертаева Ғ.М, п.ғ.д., профессор Тесленко, п.ғ.д.,профессор Рысбаева А.Қ, психолог.ғ.д.,профессор Кукубаева А.Х қатысуымен ғылыми семинарлар өткізді. «Білім әлеміндегі жаңалықтар», «Бразилиядағы оқу ісі», «Сингапур мемлекетіндегі оқу мен тәрбие», «Этнопедагогика және этнопсихология», «Қазақстандағы балалар ұйымдарының дамуы мен қалыптасуының ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбындағы ғылыми семинар, қосымша білім беру ғылыми-зерттеу лабораториясын ашу, Интернет арқылы «Балдәурендік» оқушылар (5-9 сынып) арасында ғылыми жобалар сайысын ұйымдастыру сияқты іс-шаралар М.Құрсабаевтың авторлық идеясы арқасында игіліктенуде. Өзі белсенді ат салысқан 2011 жылдың 30 сәуір-2 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жоспары бойынша өткен «Жазғы демалыс педагогикасы: тәжірибе, дәстүр, инновациялар» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының жоғары деңгейде өткені жоғарыда аталған нәтижелі істердің айғағы. М.Құрсабаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жаңа жүйедегі «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар ұйымын құру жөніндегі ұйымдастыру Алқасының (10.03.2011) мүшесі. Екі бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Жолдасы Нұрғалиева Назгүл Секенқызы үй шаруасында. Қызы Фарида заң қызметкері. Ұлы Алдияр Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенті. 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы Диссертациялық Кеңесте педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 2 монография және 30-дан астам ғылыми мақалалар авторы. Қазіргі таңда Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары және «Көкше» академиясы этнопедагогика һәм этнопсихология орталығының жетекшісі болып істейді. Журнал "Жасstar", №3(29) 2011 г. [ Вернуться к содержанию ]
|