Қайырымдылық - асыл қасиет
Адема Бейсекова, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 «В» сынып оқушысы |
Қазақстан мемлекеті дамып, дүниенің жарқын беттерінде із қалдырды. Еліміз күннен күнге өркендеп даму үстінде. Отанымыз ірі және дамыған мемлекетке айналып отыр. Қазақстан мемлекетіндегі халықтар татулық пен ынтымақта бейбіт өмір сүруде. Еңбек сүйгіш елімнің тәуелсіздігіне, жетістіктеріне 20 жыл толуына қуаныштымыз. Тәуелсіз еліміздің тірегі болатын білімді ұрпақ-ол бізбіз. Сондықтан елімнің дамуына біз де өз үлесімізді қосамыз. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде, мектеп ұжымының ұйымдастыруымен жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен жасаппаздығының қуанышындай сезілді. Жәрмеңке Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ж.Н. Абдильдинаның құттықтау сөзімен басталды. Мерекеде шашу шашылып, балалар ән айтып, би биледі. Бұл жәрмеңкеде бастауыш сынып оқушылары Қазақстан елінде тұратын ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, ұлттар арасындағы сыйластықты көрсетті. Әр ұлттың тағамдарын көрмеге ұсынды. Біздің сынып жәрмеңкеге поляк халқының ұлттық тағамдарын әзірледі. Тағамдардың басымын ұннан дайындады. Себебі нан – біздің Отанымыздың байлығы ,халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады. Ас атасы-нан, нан-қасиетті тағам деген - ата –бабамыз. Бұл жәрмеңкеден түскен қаражат Саумалкөл балалар үйіне жіберілді. Сонымен қатар менің және сыныптастарымның ата-аналары киім-кишектер, кеңселік заттарды Саумалкөл балалар үйіне сыйлық ретінде берді. Осындай қайырымдылық акциялары жиі ұйымдастырылса екен деймін. Көмекке зәру жандарға қол үшін беруге әрқашан дайынбыз. Журнал "Жасstar", №3(29) 2011 г. [ Вернуться к содержанию ]
|