Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Право на достойное образование

«Жас ұлан» қатарының мүшелері болды

Шарбану Нурпеисова, Көкшетау қаласы

Назарбаев зияткерлік мектебінің бір топ үздік оқушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қосылды.

Айта өтейік, 2011 жылдың 1-қыркүйегінде Елбасы балалар және жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін қабылдаған болатын. «Жиырма жұлдызды күн» атты шара аясында өтіп жатқан екінші толқынды қабылдау біздің мектепте де жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 3 желтоқсанда облыстық «Болашағымыз біздің қолымызда» атты жастар форумы аясында үздік оқушы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Осы күні облыстың барлық қалалары мен аудандарында мүшелерді «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау өтті. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық ұйым қатарына қабылдау құқығын оқу үздіктері, интеллектуалдық және шығармашылық конкурстар, ғылыми-практикалық конференциялар, спорт жарыстарының жеңімпаздары алды.

Қаз-қатар тізіліп, жүректері лүпілдей соққан оқушылар тек оқу озаттары мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Бұл ұйымға қабалданатын балаларға да қойылатын талап осы. Үлгілі болу. Осындай Жас ұландықтар мен жас қырындықтардың міндет-мақсатын түсіндірген облыстық білім басқармасының бастығы Марат Өмірбайұлы Ыбыраевтың сөзінен кейін оқушылар төс белгі мен көк галстук тағып, мүшелікке өтті.

Ертеңіміз деп еленіп, мәртебесі марқайғандар үшін бұл артылған сенім мен жүктелген міндет болмақ.

Елінің патриот ұл-қызы болып, тарихымыз бен тілімізді сақтауға ант берген Назарбаев Зияткерлік мектебінің озат оқушысы Асқар Жаналиев артылған үмітті ақтаймыз деп уәде берді.

Осылайша маңызды мақсатымен ерекшеленген мұндай іс-шараның оқушыларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуде алар орны ерекше.

Журнал "Жасstar", №3(29) 2011 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум