«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» атты балалар қоғамдық ұйымдарының V саммиті өтті.Осындай атауды арқау еткен саммит 1-6 тамыз аралығында, Бурабайда өткен болатын. Бұл саммитқа тек қана Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған жастары ғана емес,сонымен қатар көрші Ресейден келген қонақтар да болды. 1 тамыз күні саммиттің салтанатты ашылуы болды. Содан кейін келген балалар,сонымен қатар жетекшілер де қызу жұмысқа кіріп кетті.Келесі күні қоғамдық ұйым көшбасшылары өздері жасаған әлеуметтік жобаларды қорғауға кірісті. Содан кейін саммитке қатысушылар Респбуликалық «Балдаурен» оқыту сауықтыру орталығына аттанды. Ондағы пресс конференцияға Ресейден келген халықыаралық балалар қоғамдық ұйымдарының эксперті Ромм, «Балдаурен» директоры, «Жұлдыз» БҚҰО президенті Е.А Дмитреинко қатысты.Ол жерде де балалар өздерінің жобаларын қорғады,сұрақтар қойылды,жауаптар айтылды.Содан кейін бәрі де «Балдаурен» жұлдыздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашаладық. Саммиттің келесі күнінде бәріміз де Ақкөл балалар үйіне жол бастадық..Олардың өнерлеріне бәрімізде тамсандық,қандай керемет десеңізші!Содан кейін оларға сыйлықтар таратылып,оларда да сол күні балалар қоғамдық ұйымы дүниеге келді.Жақсы көңіл күйімізбен еліміздің Ақордасы-Астанаға жол сілтедік.Ол жерде «Нұр Отан» аппаратында Ресей экперттері,парламент депутаттары қатысқан пресс конфереция өтті. Және ол кездесудің ең маңыздысы-Степногорск қаласының жас сұңқарлары Қырғыз даласында өткен халықаралық жарыстарда бірінші орынға ие болып,жеңіп алған «Алтын шашканы» президентіміздің бірінші мұражайына тапсыру рәсімі еді. Осы рәсім де керемет өтті! Енді осы «Алтын шашка» президенттің бірінші мұражайында сақталып тұрады.Содан кейін,саммит қатысушылары әсем қала Астананы аралап,керемет әсер алған еді. Саммиттің төртінші жұлдызында «Казақстан-сәттілік формуласы» атты акция өтті. Әрбір ұйым тәлімгерлерімен бірге осы акцияға қатысып,Қазақстанның гулденуіне өздерінің ұсыныстарын айтып,ойларын қағаз бетіне түсірді.Содан кейін бәрінде біріктіріп үлкен Қазақстан картасы жасалды.Балалар өнерлерін көрсетіп,ән де салды,би де биледі.Содан кейін көптеген мерекелік іс-шаралар,шеберлік сыныптары өткізілді. Ал саммитің бесінші жұлдызында бәрі де жабылу салтанатына дайындалған болатын.Осы бес күн ішінде көптеген жұмыстар жасалды,енді соның нәтижесін көріп,баға беру уақыты жеткен сияқты.Барлық қоғамдық ұйымдар,жетекшілер,тәлімгерлер марапатталып,сыйлықтарын алған болатын.Жабылу салтанаты да,концерттік бағдарламен жалғасты,содан кейін саммиттің слайд-көрмесін тамашалап,ең соңын бәрімізде қазағымыздың «Қара жорға» биімен аяқтадық.. Ең соңғы күн-қоштасу.Осы күндер аралығында бәрі де бір жанұядай болып кетті. Қоштасу қиын болды,бәрі де бір-біріне бауыр басып қалды.Осыменен саммит аяқталды.Және де мақаламды мынау сөздерменаяқтағым келеді: «Біздің баплық Ойымыз,Біліміміз бен Ісіміз-Отан,Ізгілік пен Қайырымдылық үшін» Журнал "Жасstar", №2(28) 2011 г. [ Вернуться к содержанию ]
|