Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Будущее за профессионалами

Лицейім - алтын бесігім!

Е. Алдияров

«Елу жылда-ел жаңа» деген халық даналығы текке айтылмаған ғой.

Қазіргі № 13 кэсіптік лицей 50 жылдық тарихы бар білім мекемесі.1961 жылы 186 ауылшаруашылық механизацияландырылған училищесі болып қүрылған. Сол жылы 160 оқушы қабылданды. 1965 жылдан механизатор мамандығына қосымша аспаздар, ағаш шеберлері, сатушы кадрлар даярлайтын топтар ашылды. Бастапқыда ауыл шаруашылығына механизаторлар даярлау мақсатымен ашылған болса, қазір көп салалы оқу орны болып отыр.

Жарты ғасырлық тарихында еліміз үшін нағыз береке тірегі - ауылшаруашылығы мамандарын дайындаудың ұясы, еңбек майталмандарының шеберханасы болған оқу орны бүгінгі күнге дейін 20 мыңнан астам білікті жұмысшы кадрлар дайындады.

Лицей тарихында оның дамуына өз үлестерін қосқан директор ағалар нағыз еңбек майталмандыры болды. Осы салаға қосқан үлестері зор. Әрбір жасаған игі істері оқу орнында, әріптестері жүрегінде өшпес із қалдырды. Олар: Қуандықов Болғанбай, Мамасеріков Құрманэлі, Абентаев Абубакир, Шалбаев Қожанберген, Абдуалиев Абуталип, Нұрмағанбетов Ерғали, Есенов Тазабек, Оспанов Абрек, Әліқұл Қуандық. Бэрін де өзімнің өмірлік ұстаздарым деп білемін. Ардагер ұстаздармен жэне олардың отбасыларымен үнемі хабарласып, мерекелерде қонаққа шақырып, отбасыларына қүттықтаулар жіберіп қол үзбей байланыста болып отырамыз.

Қазіргі таңда № 13 кэсіптік лицей мына төмендегі біліктілігі жоғары мамандар дайындалуда:

Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.

Газбен электр дэнекерлеуші

Электрондық есептеу машинасының операторы

Тігінші.

«Жол картасы» бағдарламасының кадрларды даярлау жэне қайта даярлау бағытымен қысқа мерзімдік 3,5 айлық мамандығы «Қүрылыс шебері» жэне 10 айлық мамандығы «Автомеханик» курстары бойынша оқыту жалғасуда.

Соңғы жылдары лицейдің материалдық-техникалық базасы жаңарып, толықтырылып келеді.

2006 жылы Трактор МТЗ-80; 2007жылы Пісіру агрегаты «Искра», Газель -33023-212 жүк тасу машинасы алынған болса, 2009 жылы жатақхана күрделі жөндеуден өтті, 2010 жылы Газбен пісіру кабинеті алынды.

Заман талабына қарай білікті жүмысшы маманға деген қажеттілік жылдан жылға өсіп келеді. Тікелей мемлекеттік тапсырысқа байланысты маман дайындау ісінде оқушыларды іс - тәжірибеден өткізу ауылдық жерлерде жеке шаруа қожалықтарында, түрлі кішігірім кәсіпорындарда келісім шарт арқылы сапалы жүргізілуде. Мүмкіндігінше оқуды бітіргенде сол кәсіпорында жүмысқа орналастыру шаралары жүзеге асырылуда. Заман талабына сэйкес жергілікті кәсіпкерлерде өз көмектерін беріп жатыр, яғни элеуметтік серіктестеріміз көбеюде. Бүгінгі күні лицеймен тығыз байланыста жұмыс істеп жатқан серіктестеріміздің аттарын атап, алғыс білдіргім келеді. Олар: Жүзенов Абай «Зеңгі - Ата» өндірістік коопера-тивтің төрағасы, Асанов Нарынбай «Дина-Н»ЖШС-нің басшысы, Абдиев Нүрлан «Азие» ЖШС-нің басшысы, Үсенов Ерлан « Мақташы» ЖШС-нің басшысы т.б.

Жастарға мамандық негізін қалауда, кәсіби білім беруде білімді оқытушылар мен білікті өндіріс шеберлері аянбай еңбекетуде. Олар: С.Орманов, А.Абубакиров, Б.Оспанов,

С.Байбуриев, С.Туралимов, С.Икрамов, Г.Жанқараева, Ш.Төреханова, С.Рустемова, Қ.Юсупова, С.Садыкова, С.Ходжагелдиев, Қ.Бөкенбаев, Г.Құрманқүлова, С.Сүйеров, Н.Бек-баевт.б.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан төрт қабатты бұл оқу орнының   аудан,   облыс  көлемінде  үйымдастырылған   іс -шараларға белсене қатысып, жинаған өзіндікбеделіжоғары. Ынтымақ - бірлігі жарасқан ұжым мүшелерінің де жас жұмысшы кадрларды сапалы даярлауда жеткен жетістіктері де мол. Облыс көлемінде ұйымдастырылған түрлі байқауларда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болса, 2008 жылы информатика пәні оқытушысы Т.Аринов республикалық « Алтын диск » байқауында жүлдлі III орынға иеленді.

Елбасы биылғы Халыққа Жолдауында « Өмір бойы білім алу» эрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кэсіптік жэне техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз»-деді.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік дарламасында» анық көрсетілген.

Мемлекеттік бағдарламада педагог кәсібінің беделін арттыру және кәсіби шеберлік деңгейі бойынша қойылатын талаптарды арттыру іс - шаралары қарастырылған.

Бастауыш кәсіптік білім саласы қызметкерлеріне белгілі жағдай, оқушыларды элеуметтік жағынан қолдауда, бірінші кезекте бүрынғы шәкірт ақының берілу мэселесі жүзеге асырылса дейміз. Бүл мэселенің оңды шешім табуы ауыл жастарының бастауыш кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Себебі, ауылдық жерлердегі лицейге оқуға қабылданған оқушылардың 60-70 пайызы тұрмыс жағдайы төмен балалар.

2011 жылы лицейдің 50 жылдығы еліміздегі тарихи оқиғалармен түспа -түс келгені біз үшін үлкен қуаныш, жақсылық нышаны. Бірінші рет Қысқы Азиаданың өтуіне, Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына, Тэуелсіздігіміздің 20 жылдығына сәйкес келіп отыр.

Журнал "Жасstar", №1 (27) 2011 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум