Қарлығаш Кәрібаева
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы Қорғалжын мектеп – гимназиясының «Мұрагер» балалар ұйымының көшбасшысы. Қарлығаш – оқу озаты. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре білетін инабатты, жан-жақты дамыған, өнер жағынан көптеген марапатқа ие болған оқушының бірі. Ол пән олимпиадаларына қатысып, 2010 жылы аудандық олимпиадада және облыстық «Мектеп одиссеясына» қатысып, I орынға ие болды. 2010 жылы Р. Есімжанова атындағы ән-күй балалар мектебін тәмамдады. «Қорғалжын жас таланттары» аудандық байқауында «Күй шебері» атағына ие болды. «Көркемсөз» үйірмесіне барып, түрлі аудандық іс-шараларға белсене қатысады. Қарлығаш болашақта еліміздің өркендеуіне үлесін қосатын азаматшаның бірі болады деген сенімдеміз. Ұраны: Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. Журнал "Жасstar", №4 (26) 2010 г. [ Вернуться к содержанию ]
|