Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Мы выбираем жизнь

Денсаулық жолы – сапалы азықта!

   Мамыр айынан бастап «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы ЮНИСЕФ ҰҰБ  балалар  қорының  фортифицилинген  ұнды қолдану  арқылы  балалар  мен  репродуктивті жастағы  әйелдер  арасында  темір  қышқылының жетіспеушілігінің алдын алу ұнды фортификациялау  бағдарламасын  жүзеге  асыру  үшін  қоғамның  әлеуметтік  жұмылдыруы  туралы  жобасын іске асыруда. Бұл жоба Қоректенуді жақсарту Ғаламдық Альянсы, ҚР денсаулық министрлігі, Қазақ  қоректену  Академиясы,  Қазақстанның  нан пісірушілері  мен  бидай  өңдеушілер  Одағының көмегімен атқарылуда.

   Бес  айдың  аралығында  дәруменді  ұнды  фортификациялауды  алға  бастыру  оқуын  бітірген еріктілеріміз халық, балалар мен жастар арасында үндеу-хаттарды,  жарнамаларды  тарату,  плакаттарды жабыстыру, әңгімелер, лекциялар, кездесулер, бұқаралық мәжілістер өткізу, теледидар мен радиоға сөз сөйлеу және басылым БАҚ-да жариялау арқылы көптеген іс-шараларды өткізді.Осындай  іс-шаралар  Қазақстанның  түкпіртүкпірінде әр оқу орнында, базар мен  емханада өтуде. Еріктілеріміз күн сайын көбейіп, жобамызға қосылып жатыр.

   Мысалы, Павлодар облысында тіпті балабақшаларда да «Жақсының барлығы -балаларға!» атты ақпараттық алдын алу жұмысы жүргізілді. Ал Қызылорда, Ақмола мен Қарағанды облыстарындағы жазғы балалар сауықтыру лагерлерінде «Ақылдылар мен мықтылар дәруменді нанға ұмтылар!» атты акциялары өтті. Маңғыстау облысында театрланған спектакльдер қойылды. Ақтөбеде балалар көрмесі ұйымдастырылған. Шымкент, Атырау қалаларында еріктілердің көмегімен мыңцаған ақпараттық парақшалар мек-тептер, жоғары оқу орындар, базар мен дүкендерде таратылған. Алматы, Астана, Орал қалаларында көптеген ақпараттық жұмыс жүргізілуде. Мұнда семинар, тренингтер ұйымдастырылып, ақпарат көпшілікке таратылуда.

   Барлық аумақтарда балалардың үлкен қызығушылығымен және жаппай қатысуымен суреттер сайыстары өткізілді. Сонымен қатар шығармашылық және әлеуметтік жәрмеңкелері де болды.

    Барлық республика бойынша кең ауқымда бұқаралық денсаулық фестивалі өтіп, оған біздің еріктілер белсене қатысты. Бұл акция Салауат-ты өмір сүру орталықтарының көмегімен және қатысуымен өтті. Барлық өңірлерде дәруменделген ұнның пайдасын түсіндіру жөнінде үгіт-насихат компаниялары өтіп, ақпараттық парақшалар та-ратылды. Ешбір жақсы іс-шара сыйсыз өтпейді, біздің мол сыйымыз дәруменді ұннан жасалған тәтті, жұмсақ, ыстық бауырсақтар мен І-ші сортты дәруменді ұн, әртүрлі кеңсе заттары, сыйлықтар болды. Сонымен қатар денсаулық фестивалінің қатысушылары мен қонақтары дәруменді ұн туралы қызықты сұрамағына қатыса алды және өз денсаулықтарының қалай сақтап, нығайтуы туралы мәліметтер білді.

   Біз өзіміз ғана денсаулығымыз үшін жауаптымыз! Ендеше дәруменді ұнды қолданып, денсаулығыңыз мықты болсын, ағайын!

Журнал "Жасstar", №3 (25) 2010 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум