Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

МЫ-МИРОТВОРЦЫ!

«Жас Ұлан» əскери спорттық ойыны өткізілді

Елеусіз Рыспаев, Ақмола облыстық білім

басқармасының дене тəрбиесі, спорт жəне алғашқы

əскери дайындық əдістемелік орталығының директоры

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның бола шағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тəрбиелеу, əрбір аза маттың өзін-өзі айқын биле уін қалыптастыру» деп жаз ды. Еліміздің ата Заңы – Конституцияның 36-бабында «Қазақстан Респуб ликасын қорғау – оның əрбір азаматының қасиетті парызы, міндеті» деп көрсетілген.

Міне, биыл адамзат тарихында ең қайғылы жойқын соғыс болып табылатын Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл толды. Бұл – фашизмнен азат етілген елдер, əсіресе тəуелсіз мемлекеттер одағы халықтары үшін аса маңызды аса қадірлі мереке. Алайда уақыт өзен, сол сұрапыл соғыстың қаһарлы жылдары алыстай түскеніне қарамастан, халықтың теңдесі жоқ ерлігі ұрпаққа өз Отанын сүюдің, қорғаудың бірден бір үлгісі болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Үкіметі жасөспірімдердің отансүйгіштік, елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына көңіл бөліп отыр. Патриоттық тəрбие беру – оқушының саналы көзқарасын қалыптастыруға əскери кызметтің ерекшеліктерін түсінуге алғашқы əскери дайындық пəнінің мəні айрықша. Соған байланысты əскери патриоттық тəрбиенің тереңдеуі Отанымыздың саналы жəне белсенді күрескерін тəрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға талантты əскери кадрлар даярлауға мүмкіндіктер туғызады. Отанды қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тəрбиесіне танымдары мен мінездерін қалыптастыру – ауыр жəне сан қырлы процесс. Əскери патриотизм тəрбиесі жасөспірімді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Əскери тəрбие жастардың Отан алдындағы азаматтық борышы мен жауапкершілігін терең түсіндіруге негізделеді. Əскери-патриоттық тəрбие беру үшін үздіксіз əртүрлі əскери бағыттағы іс-шаралар жүргізілуі керек. Соның бірі – əскери спорттық ойындарды өткізу.

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 65 жыл толу мерекесіне орай біздің облыстық білім басқармасының дене тəрбиесі, спорт жəне алғашқы əскери дайындық əдістемелік орталығының жылдық жоспары бойынша облыстық спартакиаданың бағдарламасына «Жастар – 2010» жоспарына сəйкес, 27 мамырдан 30 мамырға дейін Бурабай ауданының «Жезказганец» балалар санаториі аймағында мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» əскери спорттық ойыны өткізілді. Əскери спорттық «Жас Ұлан» ойынына Атбасар, Бурабай, Егіндікөл, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандары, Көкшетау, Степногорск қалаларының командалары қатысты. Əскери ойынның негізгі мақсаты: əскери патриоттық тəрбие, əскери жарғыларды түсіндіру, дене тəрбиесін жетілдіру болып табылады. Облыстың 19 ауданы мен 2 қаласынан (Көкшетау, Степногорск) 11 команда келіп, 114 оқушы қатысты. Əскери спорттық ойынның тоғыз кезеңінің жеті кезеңінде өте жақсы көрсеткішке жеткен Бурабай ауданының жас армияшылары, 191 ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Бұл команда кубок, медальмен жəне облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды. Соңғы жылдарда жүлделі бірінші орынды бермей келе жатқан Степногорск қаласының командасы 174,5 ұпай жинап, екінші орынға ие болып, медальмен жəне облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды. Атбасар ауданының жас армияшылары 150,5 ұпай жинап, үшінші орынды иеленіп, медаль жəне облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар кезең жеңімпаздарын «Жұлдыз» балалар ұйымының қоғам бірлестігінің Президенті Е.А. Дмитренко мақтау қағазымен марапаттады. Жарқайың, Целиноград, Есіл аудандары өздерінің сайысқа тыңғылықты дайындықпен келгендерін танытып, алдыңғы алты команда қатарында болды, Өкінішке орай (Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Бұланды, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды) сегіз аудан əскери спорттық «Жас Ұлан» ойынына оқушыларды жібермеді. Бұл көрсеткіш бұл аудандардың əскери-патриоттық тəрбиеге салғырт қарайтындарын білдіреді. Былтырғы (2009 ж.) жүлдегерлер – Зеренді, Аккөл аудандары командаларының қаржы жоқ деп сайысқа келмегендері мүлде түсініксіз.

2010 жылдың маусымның 2-нен 5-не дейін Бурабай ауданының «Жезказганец» балалар санаториі аймағында, облыстық білім басқармасының дене тəрбиесі, спорт жəне алғашқы əскери дайындық əдістемелік орталығы облыстық «Кезең – 2010» спартакиадасына сəйкес колледж, лицей оқушыларының арасында «Жас Ұлан» əскери спорттық ойын сайысын өткізді. Сайысқа келген командалар 19 (Степногорск қаласының тау-техникалық колледжі, №1 Көкшетау қаласының лицейі, №7 Есіл лицейі, Щучинск қаласының педколледжі, №11 Көкшетау лицейі, Көкшетау политех лицейі, Щучинск қаласының №4 лицейі, Щучинск қаласының техникалық колледжі, Щучинск қаласының экология колледжі, №8 Қатаркөл лицейі, Атбасар қаласының №9, №17 лицейлері, Кряр №3 лицейі, №12 Сандықтау лицейі, №14 Аршалы лицейі, Зеренді агробизнес, ауылшаруашылық колледжі, Көкшетау қаласының пед колледжі, №6 колледжі, Зеренді

ауданы) оқушылар саны 194 болды. Былтырғы (2009 ж.) жеңімпазы Степногорск қаласының тау-техникалық колледжінің жас армияшылары жеңісті қолдан бермей, биыл да командалық бірінші орынды жеңіп алып, кубок, медаль жəне мақтау қағазымен марапатталды. Екінші орынға Көкшетау қаласының ПЛ №1 лицей оқушылары жетті. Бұл команда да медальмен жəне облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды. Үшінші орынды Есіл ауданының №7 лицей оқушылары алды. Бұл команда да медальмен жəне облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталды.

Ақмола облысы білім басқармасының 9 лицей колледжі əскери спорттық «Жас Ұлан» ойын сайысына қатыспады. Бұл лицей мен колледждердің əскери-спорттық сайысқа келмеуі əскери-патриоттық тəрбиеге немқұрайлылығын білдіреді.

Журнал "Жасstar", №2 (24) 2010 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум