Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Нам жить в новом мире

Ел бірлігі доктринасы – тəуелсіздік тұғыры

Биылғы жылы Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мəртебесін иеленген болатын. Бұл ретте еліміздің ту етіп ұстайтын бас тамасы – барша əлемге бейбітшілікті жария ету. Төрағасы Елба сы мыз Н.Назарбаев болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі осы бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Жуырда ғана қабылданған Қазақстанның Ел бірлігі доктринасының негізгі мақсат-мүддесі төңірегінде Қа зақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президент Əкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі

 - Ералы ТОҒЖАНОВПЕН сұхбаттас қан едік. бірлігі доктринасы іспетті іргелі құжатты дайындауға не себеп болды?

                    Егемендік жарияланған соң, Қазақстан халқы дербес ел, тəуелсіз мемлекетке айналды. Аталған жылдар ішінде елімізде жаңа этнодемографиялық  жағ дай мен өркениетті қауым қалыптасты. Тұйық кеңістік  екпеннен шыққан қоғамға Батыс пен Шығыс құндылықтары белсенді түрде ене бастады. Біз қаптаған діни бірлестіктер мен миграцияға толы əлемдік кеңістікке белсенді ықпалдаса бастадық. Аталған мəселелердің барлығы – еліміздің сəйкестілік қорғанының беріктігіне жасалған қысым деп атауға болады.

Тəуелсіз елдің ендігі бағытын айқындайтын, бүкіл қазақстандықтарды ортақ мақсатқа ұйыстыратын, идея тудыратын уақыт келгені баршаға белгілі. Толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белес тер мен асқар асуларды бағындыру үшін азаматтар рухын оятатын, қоғамды жарқын мақсаттарға жетелейтін жаңа бағыттағы іс-қимыл қажеттілігі туындады. Доктринаның дүниеге келуі пісіп-жетілген мəселе екендігіне күмəнім жоқ.

Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы – ел болу, бірегей қоғам қалыптастыру деген сөз. Тəуелсіздік жылдары мемлекет іргесі бекіді, қоғамның демократия негіздері, азаматтық қоғам институттары сияқты маңызды күретамырлары қалыптасты. Қазақстан Конституциясы, Қазақстан-2030 даму стратегиясы, бірқатар концепциялық құжаттар мен стратегиялық бағыттар, Ассамблея туралы заң елдің болашаққа бастар жолын айқындады. Осы бағытта əлемдік қауымдастық тарапынан мойындалған, этностық ерекшелігіне қарамастан, сүттей ұйыған барша азаматтарды қазақ халқының төңірегіне ұйыстыра отырып, ел бірлігін əрі қарай дамытатын құжат қабылдау – заңды құбылыс.

Доктрина қазақ мемлекеттілігі мен дəстүрінің ғасырлар бойы жинақталған тəжірибесіне негізделеді. Аталған құжат əрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын халық мұраты, терең əлеуметтік философиялық жəне патриоттық мағынадағы «Ел бірлігі» ұғымынан бастау алады. Соныме қатар, мəдениеттер мен өркениеттер тоғысында орналасқан халықтың қонақжайлылық пен сыйластық қасиеттері аталған ұғымның берік орнығуына негіз болды.

Аталған ұғымның мағынасы əрбір Қазақстан азаматының жанына жақын жəне түсінікті болып табылады. «Ел бірлігі» байырғы қазақ жерінің дəстүрлі «Ел» атауы мен Қазақстанда тұратын барлық азаматтардың өзара ажырамас тарихи байланысының мəнін ашатын «бірлік» сөздерінен тұрады. Аталған сөздерді тіркестіре қолданғанда қазақ халқының ғасырлық үміт-арманы – Тəуелсіз мемлекет құру, біртұтас халқын қалыптастыру идея сын аңғартады.

Қазақстан қоғамында болып жатқан өзгерістер əлемдік эко номикалық жəне əскери-саяси жүйелердің ғаламдасу үдерісі нəтижесінде жүзеге асып отыр. Бүгінгі таңда, аталған ғаламдасу үдерісі дағдарысқа байланыс ты өз бағыт-бағдарын қайта қарастырып, жаңа, тың жолдар іздеу үстінде. Халықаралық қауымдастық бірлікті қамтамасыз етуге қабілетті біртұтас жүйе ойлап табумен шындап айналыса бастады. Халықаралық қатынастардың көп полярлы жүйесі халықтар, мəдениеттер, діндер арасындағы бейбіт тіршілік кешу жолдарын орнатуды міндет етіп отыр. Ал толеранттылық ұғымын жаңа геосаясаттық өзекті идея ретінде енгізбей, аталған міндеттерді орындау, тіпті, мүмкін емес. Сондықтан, доктрина этносаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісі негізінде құрастырылған, уақытында ұсынылған маңызды құжат.

– Доктрина қандай заңнамалық негізге сүйенеді?

                    Доктрина – болашақ дамуға бағытталған əрекеттің жетекшілікке алынатын теориялық жəне саяси ұстанымын білдіретін мемлекеттік маңызды құжат. Доктрина мемлекеттік егемендік туралы Декларациясынан, мемлекеттік Тəуелсіздік туралы конституциялық заңнан, Қазақстан Республикасының Конституциясынан, сондай-ақ «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасынан бастау алып, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік ұлт саясатының бағыт-бағдарларын айқындайды.

Доктрина халықаралық тəжі рибені терең талдай отырып, қазақстандық шынайылық негізінде дүниеге келді. Жапония қалай технологиялық державаға айналды, ислам əлемінде беделі мығым Түркия мен халықтың  өмір сүру деңгейі бойынша бірінші орында тұрған Суоми бұл биіктерді қалай бағындырды? Біздің мақсатымыз – Қазақстанның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, өзге елдердің озығынан өнеге алу. Доктринада еліміздің стра тегиялық таңдауы нақтыланған. Елдің, дамудың жаңа сатыға көтерілуіне, өтпелі қоғамның құбылыстарына төтеп беретін басты күш – ұлттық рух екендігін өзге мемлекеттер тəжірибесі дəлелдеді. Ендігі мəселе – доктринада көрсетілген жайларды еліміздің мəдени-идеологиялық өрісінде, патриоттық тəрбие ісінде, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, мемлекетшілдік сананы нығайтуда қолдану.              Қоғамдық келісім, экономиканың бəсекеге қабілеттілігі, интеллектуалдық жасампаз қоғам жəне бүкіл əлемде құрметтелетін мемлекет құруда Ел бірлігі доктринасы еліміздің іргетасы, Отанымыздың табысты дамуының негізі болады деген сенімдемін.

– Қазақстанның Ел бірлігі доктринасын дайындауға қандай қоғам қайраткерлері атсалыс ты?

- Доктрина қабылдау туралы идея ны 2008 жылғы 23 қазанда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясында Елбасы Н. Ə. Назарбаев ұсынды. Өткен жыл басынан бері аталған құжатты əзірлеу мақсатында белсенді іс-əрекеттер жүргізілді. Мамыр айынан бастап, доктрина жобасына ұсыныстарды талқылауға арналған бірнеше ірі шаралар өткізіліп, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланды. Беделді қоғам қайраткерлері мен халық құлақ асатын зиялы қауым өкілдері тартылды.

Халықтың бірлігі мығым əлеумет ретінде белгілі бір деңгейде пісіп-жетілгенін байқаған мемлекет басшысы елді өрге сүйрейтін құжат қабылдау жөнінде маңызды бастама көтерді. Халық Елбасыны қолдап-қуаттап, қоғам болып ашық пікір алмасу, талдау-талқылауға кірісті.

Құжат жобасы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланғаннан соң, əртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері құжат жобасының кейбір бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс жасады.

Біз қоғам өкілдерінің ел дамуын айқындайтын келелі құжат дайындауға қатысуға ықылас білдіргеніне үлкен алғысымызды білдіреміз. Құрамына мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым жəне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарта отырып, осы жылдың 20 қаңтарында Доктрина жобасын пысықтаумен айналысатын қоғамдық комиссия құрылды.

Комиссия құрамына Қуаныш Сұлтанов, Төлеген Мұхамеджанов, Розақұл Халмұрадов сияқты Парламент депутаттары, Мұхтар Шаханов, Мұрат Əуезов, Смағұл Елубай сияқты белгілі қоғам қайраткерлері, Александр Дедерер, Ахмед Мурадовтай этностық бірлестік басшылары жəне өзге де азаматтар қатысып, келелі шешім қабылдады.

Комиссия жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы республиканың түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған ұсыныстар, жобалар мен ұсынымдар қарастырды. Дос Көшім, Айдос Сарым, Дос Нұрахмет сияқты қоғамдық ұйым өкілдері, Бақытжан Əбдірайымов, Георгий Кан, Владимир Коченов, Еңлік Нұрғалиева, Бүркітбай Аяған сынды елімізге танымал тарихшылар мен заңгерлер 3 ай көлемінде тынбастан еңбек етті. Əзірленіп жатқан Доктрина жобасының Конституция мен нақты заңнамалық құжаттарға сəйкестігі мұқият сарапталды.

Жалпы доктрина жобасын талқылау барысында менің байқағаным , ел тұрғындары мемлекет мүддесі, ел болашағына алаңдаушылық білдіріп, нақты жұмыс атқаруға үлкен ынта-ықылас білдірді. Сөзіме дəлел келтіре кетсем, тек Ассамблея Хатшылығына өңірлерден, халықаралық сарапшылар тарапынан 500-ден аса ұсыныс келіп түсті. Қазақта «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады» деген керемет сөз қалған. Біздің мақсатымыз – барлық мүдделі азаматтарды қатыстыра отырып, елдіктің, мемлекеттіліктің жолын салу.

– Доктринада қазақ тілінің мəртебесін көтеруге көңіл бөлінді ме?

– Доктринада қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту мəселесіне ерекше назар аударылды: «Мемлекеттік тілді меңгеру – əркімнің парызы мен міндеті, жеке бəсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын ұм тылысы мен ынталануына айналуы қажет. Бұл шешуші басымдық – рухани жəне ұлттық бірліктің негізгі факторы» ретінде нақтыланды.

– Бұл құжатты дайындауда Ассамблеяның рөлі қандай болды?

                    Ел тарихында доктринадан бұрын да көптеген құжаттар, тұжырымдамалар қабылданды. Сол кездері, зиялы қауым жəне қоғамдық ұйымдар  құжатқа қатысты мемлекетке деген сыни көзқарас жəне баспасөз конференциясымен шектелетін. Ұсыныстар тек ауызша əңгімелер арқылы айтылатын. Ал нақты Ел бірлігі доктринасына қатысты келіп түскен көптеген сауатты ұсыныстарды қарастыра отырып, бірлесе жұмыс істеуге құлшыныс білдірген азаматтардың ықыласы мені қуантты.

Мемлекет пен қоғамда даму негізі ел тұрғындарының саяси белсенділігі мен азаматтық ұстанымдарының айқындығынан құралатыны ғылыми нақтыланған. Сондықтан, доктрина жобасының төңірегінде өрбіген оқиғалар ел дамуы жолындағы келесі сатыға ұмтылыс деп бағалаймын.

Елбасы алғаш Ассамблеяны құру туралы жарлыққа қол қойған күннен бастап, аталған ұйым Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің бел ортасынан көрінді. Маңызды мемлекеттік шешімдер мен Елбасы бастамаларына қолдау көрсетіп, мемлекеттік мүдденің жүзеге асуын қамтамасыз етті.

Егемендікке ие болған алғашқы жылдардағы елдің басты құжатының бірі «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспары Ассамблея сессиясында бекітілді. Ассамблея сессияларында осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама, «Қоғамның идеялық ұйысуы – Қазақстанның дамуының басты шарты» тұжырымдамасы сияқты қоғамды алға сүйреуші маңызды құжаттар көпшілік талқысына ұсынылды.

Қазақ халқында бабалардан «төрт көзі түгел» деген сөз қалған. Ел тағдырын шешетін маңызды шешім қабылдайтын кезеңде ел көсемі ұлыстар мен ру көсемдеріне, би-шешендерге ат шаптырып, атақты Күлтөбе биіктігіне жинаған. Сол төбеде қарамағындағы халқы таңдаған көсемдер ортақ шешім қабылдап, түйіні күрделі ұлт міндеттерін орындауға қол жеткізген. Мемлекеттік билік органдарының басшылары мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен сан алуан этнос өкілдерінің беделді тұлғаларынан тұратын Ассамблея сессиясы Күлтөбедегі жиынды еске түсіреді. Кез-келген мемлекеттік маңызы бар құжат бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданса, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы референдуммен тең дəрежедегі шара болып табылады. Ассамблеяның тарихи маңызды рөліне сарапшы уақыт əлі өз бағасын береді деп сенемін.

Ассамблеяны «мемлекет іш індегі мемлекет» деген ауқымы тар пікірден бас тартып, оны қоғам азаматтарының барлығын күрделі мəселені талқылау үдерісіне қатыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін диалог алаңы деп түсінген жөн. Соңғы 3-4 айдағы доктринаға қатысты жұмыс – осы ойдың дəлелі.

– Доктрина еліміздің болашақ дамуына қаншалықты серпін береді деп ойлайсыз?

– Доктрина сияқты құжатты дүниеге əкелу қажеттілігін уақыттың өзі ұғындырып отыр. Бізді қоршаған əлемде жаһандану ықпалы артты. Қазақстан əлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ғана болып қалған жоқ, ол түрлі геосаяси мүдделердің нысанына да айналды. Жаңа ғасырдың екінші онжылдығында елдің алдында инновациялық-өндірістік дамуға өту жөнінде жаңа əлеуметтік-экономикалық міндеттер тұр. Аталған мəселелер жаңарған қоғамнан бірлік пен қоғамдық келісімге сүйенген ұйысудың жаңа түрін талап етіп отыр. Сондықтан, қазіргі уақытта елдің барлық азаматтарының ұсыныстарын жи нақтай отырып, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасын қабылдау аса қажет. Ұлт бірлігі доктринасы – халыққа уақыт талабын ұғындырудың, қоғамдық бірігу қажеттілігін түсіндіру құралы. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Доктринаның қажеттілігі өм ірдің өзінен, біздің жал пы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені, бірліксіз – ұлт, ұлтсыз – мемлекет, мемлекетсіз болашақ жоқ. Осы мəселелерді негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт бірлігін қабылдау туралы шешім қабылданды. Доктринаны қарастыру барысында шет мемлекеттер тəжірибесі қандай екен, қазіргі таңда түбірі мықты, экономикалық əлеуеті зор елдер қандай қадамдарға барды деген сұрақтар туындап, өзге елдердің тарихын ақтардық. Қазіргі уақытта, жедел даму көрсеткішімен бүкіл əлемді таң қалдырып отырған Сингапур, Малайзия сынды «Азия жолбарыстары» ел тарихының шешуші сəттерінде бүкіл ұлтты алға сүйрейтін маңызды құжаттар қабылдаған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары отарлық қамыттан босаған Сингапур елі тəуелсіздіктің алғашқы кезеңінде ең алдымен, елдің əл-ауқатын көтеру, əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешуге белсене кіріскен. Халықтың əлеуметтік тұрмысын, елдің экономикалық жағдайын белгілі бір деңгейге жеткізіп, қоғамда саяси тұрақтылық орнатқаннан кейін мығым ұлт болу, халықты ортақ мақсатқа жұмылдыру жолдарын қарастыра бастайды. Əлем мойындаған Сингапурдың озық ойлы басшысы Ли Куан Ю саяси билік жəне қоғамдық ұйым өкілдерімен келісе отырып, елдің ресми идеологиялық доктринасын қабылдайды. Аталған құжат заманауи зерделі ұлт қалыптастыру, дамыған қоғам құруға бағытталған. Сингапурдың идеологиялық доктринасының негізіне келесі ұстанымдар енгізілген: қоғам  мүддесінің тұлға мүддесінен жоғары болуы, отбасын қоғам үйірмесі ретінде қарастыру, кез-келген мəселені келісе отырып шешу, əлеуметтік үйлесім жəне діни төзімділік. Елдің экономикалық жетістіктерін идеологиялық тəлім-тəрбие, жастарды білім-ғылымға жетелеумен ұштастыра отырып, Сингапур бүгінгі таңда əлемдегі өмір сүру деңгейі алдыңғы қатарлы бес мемлекеттің қатарына қосылды. Елдің жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі 52 000 АҚШ долларына жеткен. Діни менталитеті Қазақстанға жақын Малайзияны алайық. Аталған елдегі достың сүйінішіне, дұшпанның күйінішіне айналған жетістіктеріне жету оңай болған жоқ. Ел егемендігінің алғашқы жылдары ел тұрғындары рулық-тайпалық, аймақтық, ұлттық, əлеуметтік тұрғыда бөлініп, қоғамда бірлік болмады. Басым бөлігі орман ішіндегі елді мекендерде өмір сүретін жергілікті малай ұлтының өкілдері ішкі қоғамдық бəсекелестікке түсе алмады. Билікті қолға алған Махаткир Мохаммад не істеді? Еркін нарық заңдылықтарын жетілдірді, жастарға білім беруге басты назар аударды. Ішкі саяси тұрақтылық мəселесін басты міндет деп жариялады. Ел етек-жеңін жинап, халық əл-ауқаты жақсарған соң, малай көшбасшысы ұлттық рух, қоғамдық бірлік мəселелерін жетілдіруге баса назар аудара бастады. Аталған елде 1997 жылы Малайзияның даму доктринасы қабылданып, басты назар технологиялық дамуға, білім мен ғылымға ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда, осы құжаттар өз жемісін бере бастағанына куə болып отырмыз. Малайлық азаматтар технология, маркетинг, қаржы салалары бойынша əлемдегі озық мамандар ретінде мойындалған. Малайлық жастар əлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қызмет етеді. Бүкіл ел нақты іспен айналысуда. Əлемдегі ең биік ғимараттар құрылысын жүргізуде. Малай еліне барған азамат малайлардың рухани биіктігіне көз жеткізеді. Кез-келген қоғамдық орында халық ұлттық маңызы жоғары мəселелерді талқылауда, пікір таластыруда. Жастардың спорт сайысында жеңіске жетуге ұмтылысы, білім алуға деген құлшынысы көзге анық байқалады. Малайзия сенімді əрі шынайы еңбекке сүйене отырып, алға жылжуда. Міне, алысқа бармай, Қазақстан аталған «жолбарыстар» тəжірибесінен үлгі алып отыр. Əлеуетті, бəсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуды мақсат етіп отыр.

Əрбір қазақстандық аза маттың сана-сезімінде ел бірлігі ұғымы қандай орын алуы керек?

– Қазақстан халқы Ас сам блея сының ХV-сессиясында Ел басы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ел дамуының жаңа кезеңіндегі стратегиялық басымдық – ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ел бірлігіне стратегиялық таңдау жасау деп нақты атады. Бүгінгі ғаламдық дағдарыс, жаһандану үдерістері- нің бой алып тұрған кезеңінде əр азаматтың бойында өз елім, өз Отанымның болашағы үшін қандай игілікті іс қолымнан келеді деген сұрақ туындауы тиіс. Біз Ұлт ретінде оянып, интел лектуалдық серпіліс жасауымыз керек. Тек қана жаһандық деңгейдегі ұлы міндеттер мен мақсаттарға ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бəсекеге қабілеттілікке бет түзеу ұлт рухының ең маңызды бөлігіне айналуы шарт. Бұл – ұлттың алға қарыштап қадам басуының, серпіліп жаңа көкжиектерге ұмтылуының негізі мен кепілі. Қазақстанның əрбір азаматы мұны жақсылыққа, байлыққа, ақылдылыққа ұмтылыс деп танып, туған елінің гүлденуіне қолдан келгеннің бəрін істеу қажет деп сезінуі керек. Əрбір адам өз бойындағы осы қасиеттерді дамытуы шарт, олар жеңіс рухының өз ғұмырының, қоғам мен мемлекет өмірінің бір бөлшегіне айналуына бар күш-жігерін сарп етуі тиіс. Доктринаның қағидаттары атал ған мəселелерді ескере отырып, алдағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін қалайды. Əрбір ұрпақ өкілдері үшін келер ұрпақ алдында азаматтық борыш, ұлттық парыз сынды мақсат-міндеттер тұрады. Яғни, болашақ ұрпақтың өсіп-өркендеуі, заңды тарихи орнының сақталуы алдыңғы буынның аталған міндеттерді қаншалықты адал жүзеге асыратындығына тікелей байланысты. Сондықтан, Қазақстан азаматтары ел мүддесі үшін жанын құрбан еткен Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сияқты адал азаматтарға қарап бой түзеп, мемлекет болашағы үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Ал осы мақсаттарды іске асыру үшін доктрина ережелері Ұлттың патриот азаматтарына бағыт-бағдар көрсететін құрал ретінде қызмет етеріне күмəн жоқ.

     – Сұхбатыңызға рахмет.

 

 

Журнал "Жасstar", №2 (24) 2010 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум