Тіл – халық қазынасы, ата мұрасы
М.С. ƏБЖАНОВА, Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Макин орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімі |

Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ. Н. НАЗАРБАЕВ
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тіл мəртебесін көтеруге көп көңіл бөлініп келеді. Мемлекеттік тіл мəселесі ұлтжанды адамдарды толғандырады. Көптеген мекемелерде, оқу орындарында, ұйымдарда қазақ тілі оқытылып, тілге ынта қоюшылар көбейіп келеді, сонымен қатар іс-қағаздар, құжаттар мемлекеттік тілде жазылып жүргендігін көруге болады. Еңбекшілдер ауданы, Макин орта мектебінде де қазақ тілін оқушыларға меңгерту үшін пəн мұғалімдері аянбай еңбек етуде. Басқа ұлтты оқушылар сабақ барысында əртүрлі тапсырмаларды (қазақ тілінде мəтінді қатесіз оқу, аудару, сөйлесу, сұрақтар қойып, оларға дұрыс жауап беру, мəтінді мазмұндау, өлеңдер жаттау, грамматикалық тапсырмаларды орындау, т.б.) арқылы қазақ тіліне деген қызығушылығын көрсетеді. Оқушыларға қазақ тілін үйренуге көмек беретін Н.О. Еркебаева, Ұ.Қ. Қаженова, Э.К. Дельхман, М.С. Əбжанова атты ұстаздарымыз түрлі əдістемелерді сабақта қолдану негізінде жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, Мəнсия Сəбікенқызы Əбжанованың жетек ші лігі мен өзге ұлтты мұғалімдер мен жұмысшыларға арналған «Қазақ тілін үйренейік» атты пəн бойынша үйірме аптасына екі рет жұмыс істейді. 10-20 наурыз аралығында мектепте «Қазақ тілі – тірлігімнің айғағы» атты онкүндік болып өтті. Пəн мұғалімдері ашық сабақтар, КВН сайысы, суреттер сайысы, қабырға газет сайыстарын жəне Наурызға байланысты сыныптан тыс сабақтар өткізді. Əрбір сыныпта Наурыз мейрамына байланысты сынып сағаттары да болды. М.С. Əбжанова 10-сынып оқушыларымен Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толуына байланысты «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар ұлы Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін, аудармаларын оқып, өмірі мен шығармалары негізінде баяндама жасады. Интерактивтік тақта бойынша Абайға арналған слайдтар көрсетіліп, əндері айтылды. Сабақта Никита Банин, Елена Гайдукевич, Раушан Əбдрахманова, Сайыпжамал Абдашимова білімділігімен көзге түсті, басқа да оқушылар белсене қатысты. 9 «а» сыныбында Н.О. Еркебаеваның жетекшілігімен «Антонимдер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Əртүрлі мақал-мəтелдер, жаңылтпаштар жатқа айтылып, жұмбақтар шешілді, солардың ішінен антонимдерді тауып сөйлемдер құрау, мəтін бойынша тапсырмаларды орындау, т.б. жұмыстар жүргізілді. Сабақ қызықты да тартымды өтті. Ұ.Қ. Қаженова 6 «а» сыныбында «Жыл мезгілдері» атты сабақты көрсетті. Сабақта жылдың төрт мезгілі туралы мəліметтер беріліп, ақындардың өлеңдері оқылды. Тақтадағы берілген сөздердің аудармаларын тауып, жауаптарын тексеру, сұрақтарға жауап беру, жыл мезгілдеріне байланысты əңгімелер құрастыру тағы басқа да тапсырмалар орындалды. Э.К. Дельхман 3 «а», «б» сыныптары арасында өткен модульдерді қайталау негізінде КВН сайысын ұйымдастырды. Сайыста қатысқан оқушылар «Кітап», «Сағат» топтарына бөлінді. Əр топтың топ басшылары жəне ұрандары болды. Сайыста оқушылар сандарды сөйлету, сөйлемдерді дұрыс құрау, аудару, «Емханада», «Дүкенде» көріністерін қойып, бір сөзден бірнеше сөздер құрастыру, сөзжұмбақтар шешу сияқты тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында достық жеңді деп екі топқа мадақтамалар мен сыйлықтар ұсынылды. Əрбір ашық сабаққа директор К.Қ. Байқадамова, директордың оқу ісі бойынша меңгерушісі Ə.М. Жəкенова, пəн мұғалімдері, ата-аналар, өзге мұғалімдер қатысты. Ə.М. Жəкенова өзінің сабаққа деген көзқарасын, сабақтың жағымды жақтары мен кемшіліктерін көрсетіп, оны тудырмау үшін қандай əдістемелер қолдану керектігін айтып өтті. Онкүндік бойы 5-11 сыныптар арасында «Қазақ тілінің қызықтары» атты қабырға газеттер бұрышы жəне 2-4 сыныптар арасында «Жайдарлы көктем» суреттер сайысы жүргізілді. 19-наурызда Э.К. Дельхман, М.С. Əбжанова, С.К. Қанафина ұйымдастыруымен бастауыш сынып тарға арналған «Жыл басы – Наурыз» сыныптан тыс мерекелік той-думан болып өтті. Осы мұғалімдер сахнаны қазақтың киіз үйі сияқты əшекейлеп, түрлі суреттер, гүлдер, шарлар тағып, ұлағатты сөздермен безендірді. Қазақтың қандай болмасын тойы шашусыз өтпейді, сондықтан біздің мейрамымыз да шашу шашумен бастал-ды. Жүргізуші Д. Ұланова, А. Ұланова күмбірлеген ашық дауыстарымен тойды ашық деп жариялаған кезде, халыққа лық толы зал тым-тырыс болып, шудан тына қалды. Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры К.Қ. Байқадамоваға берілді. Директор өзінің жылы лебізін білдіріп, барша жұртты Наурыз мейрамымен құттықтады. Оқушылар Наурыз туралы екі тілде өлеңдер оқып, əндер айтып, сахналық көріністер қойып, қазақтың ұлттық «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Күміс салу», «Бөрік шешу» ойындарына қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Наурыз тойы Қыдыр атасыз қалай болады? Оқушылар мен мұғалімдерді, ата-аналарды, қонақтарды құттықтауға 7 сарбаз жігіттерді ертіп, Қыдыр ата (Қ. Жақсыбеков) келіп, ақ батасын берді. Көктем келгенде күн шығып, жылына бастайды. Бағдарлама бойынша сахнаға күннің көзі шығады.(К. Жамалиева) Сондай-ақ мұғалімдер Р.О. Мəукешова, Ж. Бөкен «Бесікке салу», 3-сынып оқушылары Т. Меркелайте, З. Сəбитова «Баланы қырқынан шығару» дəстүрлерін жиналған қауымға көрсетті. Мерекеде Р. Əбдрахманова «Алатау», А. Еркебаев «Махаббат жалыны», 4-сынып «Дастархан», 3-сынып «Қошақан», 3, 4-сынып «Зима прошла», 2- қазақ сыныбы «Наурыз», қазақ тілінің мұғалімі М.С. Əбжанова «Ағажан» əндерін шырқап, Р. Əбдрахманова, А. Головня жəне 2-қазақ сынып қыздары мың бұралып қазақ биін, Аружан, Диана, Айгүл деген қыздарымыз орыстың «Калинка-малинка» биін билеп, 1-қазақ сыныбы орыстың «Колобок» ертегісін қазақ тілінде ұсынса, ал 2-қазақ сыныбы «Алдар Көсе» ертегісін де қызықты етіп көрсетіп, жұртшылық көңілін көтерді. Мерекелік той барысында 1-4 сыныптар қазақтың ұлттық дастархандарын жайып, əділ-қазылар жүлделі орын алған (1-орын – 2-сынып, 2-орын – 4-сынып, 3-орын – 1-сынып, 4-орын – 3-сыныптарға) мадақтамалар мен белсене қатысып отырған оқушыларға сыйлықтар берді. Сонымен қатар, «Жайдарлы көктем» атты суреттер сайысына қатысқан оқушыларға алғыс жарияланып, «Ең үздік» суреттерді салған 4-сынып оқушысы Роман Гурьянов, Татьяна Меркелайте, Зарина Нөкенова мадақтамалармен марапатталды. Наурызға байланысты сыныптан тыс «Наурыз мейрамы» мерекелік бағдарламалар 5-11 сыныптар аралығында да болып өтті. Оны ұйымдастырып, өткізген мұғалімдер: Т.А.Швецова жəне Л.С.Козлова. 20-наурыз онкүндіктің жабылуына байланысты өткен сап түзеуде барлық сыныптарға пəн мұғалімдері атынан алғыс жарияланып, «Қазақ тілінің қызықтары» атты түрлі-түсті суреттер, сөзжұмбақ, анаграмма, нақыл сөздер, ребустары бар қабырға–газет сайысында орын алған (орта буында,1-орын – 7-сынып, 2-орын – 6 - «а»сынып, 3-орын – 6 «б», 5-сыныптары, жоғары буында 1-орын – 10-сынып, 2-орын – 8 «а», 11-сыныптар, 3-орын – 9 «б», 8 «б»-сыныптары) мадақтамалармен марапатталды. «Тіл – халық қазынасы. Сөз – сол қазынаның байлығы. Қазына болған соң, оны игілікке жаратпаққа керек», – дейді ғалым Р. Сыздықова. Сондықтан тілімізді, дінімізді, салт-дəстүрімізді ұмытпай, сақтайық! Журнал "Жасstar", №2 (24) 2010 г. [ Вернуться к содержанию ]
|