Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Аннотация номера

Нөмірде жарияланған материалдардың қысқаша аңдатпасы

«Жастар» журналының биылғы жылғы екінші нөмірі Мәскеу қаласы мэрінің бірінші орынбасары, Мәскеу Үкіметінің саяси ғылымдары кандидаты - Л.И.Щвецованың редакция алқасына және біздің оқырмандарымызға жолдаған қүттықтау сөзімен ашылады.

Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі басқармасының бастығы - Р.П.Шер Қазақстан балаларына үндеу жасай отыра, Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу бағдарламасын үсынады.

Е.С.Петренконың материалында Қазақстан Республикасының үлттык заңнамаларында «Бала қүқықтары туралы Конвенция» ережелерінің мазмүнына сараптама жасалады.

«Дөңгелек үстел» айдарында журналист Л.Борисова астаналық Оқушылар сарайы жанындағы республикалық балалар қоғамдьщ қабылдауының волонтерлері әзірлеген «Мені қорға» бағдарламасының түсаукесері туралы, сонымен бірге «Children’s Hope International» халықаралық үйымының жетекшілерімен кездесу жайында әңгімелейді.

«Ғалымдарға сөз» айдарын педагогиа ғылымдарының кандидаты - Е.А.Дмитриенко (Қазақстан-Көкшетау) ашады. Автор қоғамдық балалар қалыптасуларының түрлері мәселелерін, оның түрлі үлгілерін, тәсілдері мен біліктілік принцптерін: бағыттылық үлгісін, әлеуметтік-психологиялық, қүқықтық мәртебесі жөніндегі жіктеуді жан-жақты зерттейді.

Н.А.Некрасов атындағы КМУ профессоры (Ресей, Кострома қаласы), психология ғылымдарының кандидаты - А.Г.Кирпичник «Балалар қоғамдық бірлестігінің ерекшеліктері, тәрбие үйымы ретінде» атты мақаласында балалар бірлестіктеріне біліктілік пен сипаттама береді, оларға тән тәрбие үрдістерін зерттейді.

О.С.Коршунова (Ресей, Кострома қаласы, КМУ) дайындаған «Жүйелендірілген балалық пен жастардың қоғам және мемлекетпен өзара қарым-қатынасы» мақаласында балалар мен жастар қандай жағдайларда мемлекет пен қоғамның шын серіктері бола алады деген мәселелерге жауап береді.

«Пікірлер қиылысы» айдарында Л.В.Алиеваның «Мәскеудің балалар қозғалысы, азаматтық қоғам субъектісі ретінде» (жайы, беталысы мен даму болашақтары), сонымен қатар Я.Н.Оспанованың (Астана қаласы ЮНИСЕФ -тің үлттық эксперті) студент жастарды саяси әлеуметтендіру үрдісіндегі «жастар жариялылығының» рөлін зерттейтін материалдары үсынылады.

«Балалар қоғамдық бірлестіктерінің палитралары» айдарында аймақтардағы балалар қоғамдық бірлестіктерінің іс-тәжірибелері көрсетілген: «Қостанай. Табысқа жетер жол». «Павлодар. Менің қайырымдылығым адамдарға көмектессш» атты екі материал ұсынылады.

«Практика. Тәжірибе. Мәселелер» айдарында Балалар қоғамдық бірлестіктерінің Ақмола облысында «Жұлдыз» бағдарламасы бойынша іс тәжірибесі жайында жарияланған материалдар: Л.Кайданович (Степногорск) - «Жүлдыз», «Таңшолпан» - табысқа және достарға апарар жол!; Д.Айтмағамбетов (Ақкөл ауданы) - «Барлық жаңалар -жақсы үмытылған өткендер», Т.Г.Щербинина (Астрахан ауданы) -«Бригантина желкендерін көтереді».

«Жүлдызды жобалар» айдарында А.Омаров «Мені қүрылыс отрядына жазыңызшы», Л.Тришечкина «Тәлімгер алауы» атты мақалаларында «Жүлдыз»- МСО, «Табыс формуласы» бағдарламаларының жобасын жүзеге асыру жайында әңгімелейді.

«Рауанды шақтың балалары» өмір сүретін үй» материалынының авторы Т.Чикишева Сандықтау балалар үйіндегі «Жастық шақ» педагогикалық отрядының жүмыстары жайлы сөз қозғайды.

«Қарлығаш» айдары оқырмандарға жас қалам иелерінің өлеңдері мен шығармаларын таныстырады.

Журнал "Жасstar", № 2 (4), июнь 2005 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум