Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Областные общественные организации

«Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі

 Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әлихан Бөкейханов: «Тірі болсам... Қазаққа қызмет қылмай қоймаймын», - дегендей, бүгінгі қоғам, тек биікке самғайтын жастарды талап етіп отыр. Жүректерінде жалыны, бойларынан күштері бар жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға шошып қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді. Жан – жақты дамыған азаматты тәрбиелеу – бүгінгі күннің мақсаты. 
 Осыдан бес жыл бұрын Елбасының бастамасымен Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылып, өңірлерде бөлімшелері ашылған болатын. Соның бірі «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі. 
 Ұйымның негізгі мақсаты- өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. 
 Мақсатты орындау барысында, «Жас Ұлан» ұйымы жеті бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Олар: «Зерде», «Руханият», «Атамекен», «Салауат», «Еңбек», «Жеті жарғы», «Экоәлем». 
 Аталған бағыттар бойынша бес жыл ішінде ұйымның дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жобалары мен шаралары қалыптасты. Атап өтетін болсақ, жыл сайын: пікір – сайыс турнирлері, «Үздік Ұланбасы», «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуалдық сайысы, «Ұланымыз Ұлы Елдің!» форумы, «Біз, Қазақстан балалары!» слеті, «Бала би» шешендік өнер сайысы, «Қасиетті домбыра» байқауы, «Біржан әндері» облыстық байқауы, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты өзге ұлт өкілдері арасындағы облыстық байқауы, облыстық «Алтын сақа» сайысы, облыстық жас ақындар айтысы, «Қазақшаң қалай, балақай?» атты балабақшалар арасындағы байқауы, «Мен жеңімпаз» көңілді спорттық жарысы, түрлі тақырыпта шығармалар байқауы, кездесулер және тағы басқалары. 
 Жылына үш рет міндетті түрде салтанатты қабылдаулар рәсімін өткізіледі. Осының арқасында қазіргі таңда ұйымның мүшелерінің жалпы саны елу мыңға жетіп отыр. Бұл жалпы облысымыздың оқушыларының санының елу пайызына жуық. 
 «Жас Ұлан» ұйымының қатарында болу әрбір оқушы үшін үлкен мәртебе. «Жас Ұлан» ұйымының жұмыстарын жүйелі орындап, жандандыруға өзіндік үлестерін қосып жүрген Ақмола облысының ұландары қашанда игі бастамаларды қолдап, ұйымдастыруға ат салысып жүреді. 
 Болашақты бүгіннен ойға алған әрбір жас өрен «Жас Ұлан» ұйымы көптеген мүмкіндіктерді ашуға апарар жол деп біледі. Облыста құрылған «Жас Ұлан» балалар ұйымы – балалар мен жасөспірімдердің пайдалы істерді жүргізетін нағыз шыңдалу мектебі болып табылады.

Журнал "Жасstar", №1-4 (47-50) 2016 г. г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-4 (47-50) 2016 г.

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

СЕЙЧАС
30.01.2017 - 30.11.2017
Курсы по детской хореографии и вокальному мастерству

СКОРО
11.05.2017 - 14.05.2017
Форум консолидации детского общественного движения Республики Казахстан «Мы - дети твои, Казахстан! Нам жить в новом мире!»

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2017 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум