Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Акмолинская область

Қорғалжын ауданы

 Қорғалжын ауданы білім бөлімінің тарихы 
 Қорғалжын аудандық білім бөлімі Қорғалжын ауданымен қоса 1928 жылы негізін қалады. 1928 жылдан бастап аудан көлемінде білім саласына аса назар аударылып, көптеген білімді де білікті азаматтар басшылық етті. Атап айтсақ, ҚР Парламент депутаты Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы, Қорғалжын ауданының «Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері Нұрлан Есіркепұлы Тәжин, атақты қоғам қайраткері Мұхит Шермұханұлы Ахмет т.б. Аудан бойынша 19 мектеп (8 орта, 6 негізгі, 5 бастауыш), 2 бала бақша, 12 шағын орталық жұмыс істейді. 
 Қазіргі уақытта Қорғалжын ауданының білім бөлімінің басшысы Рыспаев Сартай Мырзабаевич болып табылады. 
 Білім берудегі инновация 
 Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық инновациялық және ақпараттық технологиялармен жетілдіруді талап етеді. Осы орайда ӨТҮ инновациялық технологияларын кеңінен қолдана отырып, әр ұстаз педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өзінің білім, білік дағдыларын өз сабақтарында шығармашылықпен қолдану керек. Осы мақсатпен мектептегі мұғалімдер шығармашылық тобы жыл бойы жұмыс атқарды. Шығармашылық топтың тақырыбы: «Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану-бүгінгі күннің талабы». Тақырып бойынша мақсаты мен міндеттері айқындалып, жұмыс жоспары құрылып, 11 мұғалім жұмыс жасайды. Әр мұғалім ӨТУ қолданатын өзінің инновациялық технологиясын қолданудың жетістіктерін ашық сабақтарда, семинарларда көрсетіп, тәжірибемен әрдайым алмасады. Бүгінгі таңда мектепте «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», «Модульдік оқыту», «Саралап оқыту», «Ойын арқылы оқыту», «АҚТ,Кембридж университетінің 7 модульді бағдарламасы (оның ішінде диалогтік оқыту) технологияларының әдіс-тәсілдері жүйелі түрде тәжірибеге енгізіліп жатыр. Топ мүшелері Б. Журкаева, Г. Сакенова «Диалогтік оқыту әдісі арқылы оқушының белсенділік қабілеттерін арттыру» тақырыбында коучинг өткізіп, топтық жұмыстағы диалогтік тәсілдің тиімділігін көрсетті. Коучинг екі бөлімнен құрастырылып, мұғалімдер практикалық негізінде жұмыс атқарды. Топ мүшелері «Жаңаша технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өткізіп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Р. Байзильдина, Ж. Бегімбетова «Инновациялық оқытудың ерекшеліктері мен принциптері, мұғалімнің инновациялық мәдениеті» тақырыбында мектепішілік семинар өткізді. Оқу жылы барысында мұғалімдер көптеген қашықтық сайыстарға, халықаралық инновациялық жәрмеңкеге қатысып, өз материалдар арнайы тақырыпта жинақтап, ұсынды.  
 ҮЗДІК МҰҒАЛІМ  
 20.05.2016 ж. «Информзнайка» педагогикалық журналында «Современный педагог» тақырыбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асқарова Нағима Тортуылқызының мақаласы жарық көрді. 
 13.05.2016 ж. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тусупбеков Мурат Дуанбайұлы ҚР спорт шеберлерінің чемпионатына самбо күресінен қатысып ІV орынға ие болды. 
 17.05.2016 ж. Көкшетау қаласында өткен VІ халықаралық педагогикалық-инновациялық жәрмеңкесіне 16 ұстаз қатысып, «За вклад в развитие технологизации учебного процесса», «За вклад в социализацию личности», «За вклад в развитие творческих способностей» номинациялары бойынша марапатталды. 
 04.04.2016 ж. «Мамандығым – мақтанышым» атты республикалық байқауға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нурмухамбетова Мира қатысып ІІ дәрежелі диплом алды. 
 2015 жылдың «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық сайысының іріктеу айналымының қорытындысы бойынша Қорғалжын мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. М. Султанова ІІІ орынды иеленсе, осы сайысқа қатысушы сертификаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Шайхинаға берілді. 
 Мұғалімдердің жетістіктері 
 Байтуғанова М.М. Халықаралық деңгейде республикалық қашықтықтық сайыста бастауыш сынып олимпиадасында ІІ, ІІІ-дәрежелі диплом және номинация «Үздік сабақтар презентациясына» 2015,2016 ж.; 
 Бірлестік бойынша: 
 КИО ара-қашықтық олимпиадасынан сертификат 2015 ж.: Исатаева А., Ахметова Г., Айтмағанбетова Г., Сүйіндікова К. және Байтуганова М. – күміс жүлдегері болды. 
 Деңгейлік курс өткен ұстаздар: 
 Айтмаганбетова Г. – 2 деңгей 2014 ж. 
 Ахметова Г. 3-деңгей 2013 ж. 
 Айтмағанбетова Г.: «Ашық сабақтар растайтын жеке сайт» сертификат 2015 ж. 
 Байтуганова М.: инфоурок кіріктірілген сабақ жарияланды: «Тау жыныстары»; 
 Ахметова Г.: «Зият» ғылыми-әдістемелік орталығында «Үздік сабақ» диплом ІІІ-орын; «Қазақстан ұстазы» журналы басылым 2015 ж. «ZIAT» – ғылыми-әдістемелік орталығы «Мен үшін есептеу оңай» 2016 ж. 
 Республикалық «Зерде» атты оқушылар ғылыми жоба Қабдыраш Н. – 2016 ж. 
 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ 
 ОҒҚ «Дарын» мақсаты: бала дарынының ашылуы қабілетіне орай, жан жақты білімді, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары қабілетті оқушыны қалыптастыру, дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. 
 Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің, ата-аналармен, психолог, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Дарынды баланы анықтап шығармашылық тұрғыда дамытуға араналған жұмыс түрлері жүргізілді. Атап айтқанда, қыркүйек айында мектебімізде әрбір сыныптағы дарынды оқушылар анықталып, «Дарын» ОҒҚ жаңа мүшелері сайланды. Жоспар бойынша дарынды балаларға арналған әртүрлі интеллектуалды сайыстар өткізілді: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» 5-7 сынып, 8-11 сыныптар арасында, жеңімпазы 7 «б» сынып оқушысы, облыстық олимпиада физика пәнінен грамота иегері Жаманбаева М. Қараша айында «Ақ бота» интеллектуалды марафон өтіп, аудандық олимпиадаға дайындықтар жүргізілді. Оқушылар халықаралық инфосабақ олимпиадасына, командалық КИО олимпиада, пәндер бойынша қазақ тілінен, физика, математика, орыс тілінен, география, биология пәндерінен сертификаттар иеленді. Наурыз айында «Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері» тақырыбы бойынша мектепішілік семинар өтті. Сәуір айында мектепішілік ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға орта және жоғарғы буын оқушылары қатысты. Конференция тақырыбы: «Ғылым жолы». Ғылыми – практикалық конференцияға оқушылар қатысып, зерттеу жұмыстары мен жобаларын ұсынды: 
 1. Маратова Айсұлу – Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасы, жетекшісі А. С. Ташмаганбетов. 
 2. Егінбаева Айдана – Шаш адамның көркі,жетекшісі А. И. Мамбетбаева. 
 3. Жаманбаева Малика – Альтернативтік энергия ресурстары, жетекшісі Г. С. Сакенова. 
 4. Қабдраш Нұрай-Мен тез есептеуді үйрендім, жетекшісі М. М. Байтуганова. 
 Конференцияға қатысушылар сертификаттармен марапатталды. 
 Сәуір айында «Жыл оқушысы-2016» сайысын өткізіп, жеңімпазы 9 «а» сынып оқушысы Муканова Толқын марапатталды. Қорытындылай келе, әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылды. 
 Арықты орта мектебінің 11 сынып оқушысы Боранбаева Айтолқын 2015 жылы «Ақберен» республикалық сайыста шығарма жазудан 1-орынға ие болды. 
 Омаров Асылхан, Тезекбай Данияр, Сарсеков Данияр – 2015,2016 жылы қазақша күрестен облыстық жарыста 1-ші және 2-ші орынға ие болды. 
 Семейхан Асылжан интернет олимпиадалардың жеңімпазы. 
 12.05.2016 ж. Арықты ОМ 2 сынып оқушысы Октябрь Естай «Әрқашан күн сөнбесін» атты Республикалық байқауға қатысып ІІІ орынға ие болды. 
 14.05.2016 ж. «Болашақтың балалары» республикалық байқауға Арықты ОМ 9 оқушы қатысып, 2 оқушы – І орынға ие болды, 2 оқушы ІІ орынға ие болды, 1 оқушы ІІІ орынға ие болды. 
 13.05.2016 ж. Аудандық «Парктер шеруі-2016» акциясына қатысты. 2015 жылдың 15 қыркүйегінде аудандық тілдер бөлімінің өткізген өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты байқау өтті. 
 Қорғалжын ауданы бойынша облыстық олимпиадаға 6 оқушы қатысып, соның ішінде Қорғалжын мектеп-гимназиясының оқушысы Соколова Александра облыстық жалпы пәндер олимпиадасына қатысып, ІІ-орынды иеленді. Республикалық деңгейге қатысып, сертификат иеленді. Аудандық ғылыми жұмыстарға 38 оқушы қатысып, оның 18 оқушысы облыстық деңгейге жолдама алды.

Журнал "Жасstar", №1-4 (47-50) 2016 г. г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-4 (47-50) 2016 г.

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

СЕЙЧАС
30.01.2017 - 30.11.2017
Курсы по детской хореографии и вокальному мастерству

СКОРО
25.10.2017 - 27.10.2017
«Агрофорум молодых 2017: достижения молодых любимой Родине!»

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2017 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум