Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Жас Ұлан – ұлы істердің жаршысы!

Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның басты міндеті екені айтпаса да түсінікті. Білім мен тәрбиені қатар сіңіру арқылы ғана біз өз-өзіне сенімді, зиялы да текті ұрпақ тәрбиелей аламыз. Осы орайда, қосымша білім берудің, оның ішінде, балалар ұйымдарының алар орны ерекше. Осындай игі істердің жаршысы болып жүрген Елбасы, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұоының бастамасымен құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі» бүгінде өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өзіндің үлесін қосып келуде. Құрылғанына 4 жылдай ғана уақыт болса да өз ортасына 1,5 млн-ға жуық баланы біріктіре біліп, игі істердің жанынан табылды. «Жайдарлы Жас Ұлан» көңілді – интеллектуалды сайысы, «Бала би» шешендік өнер сайысы, «Алтын қалам» байқауы сынды көптеген дәстүрге айналған танымды да қызықты шаралар арқылы ұлт тәрбиесін түзуде еңбек етіп келе жатқан «Жас ұлан» ұйымы қоғамда өз орынын орнықтыра білген бірлестік.
Биылғы жылдың өзінде қоғамдық қатынасты қалыптыстырып, тәрбие кешенін жетілдіру мақсатында түрлі шаралар өтіп, бірнеше жоба өз бастауын алды. Соларға тоқтала кетсек.
Тәлімгерлерге балалар қозғалысын және білім жүйесін дамытуда жоғары тәлімгерлерді тәрбиелеу арқылы методикалық және тәжірбиелік қолдау көрсету мақсатында 2015 жылдың 19-20 қазан күндері Елордамызда, 29 және 30 қазан аралығында Алматы қаласында «Жас Ұлан»ББЖҰ» РҚБ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту мақсатында тәлімгерлер, ұстаз-ұйымдастырушылар, әдіскерлер, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру үшін аймақтық семинарлар (мастер-класс және тренинг) өткізді. Семинар жұмысымен Еліміздегі озық 150-ге жуық маман қатысып, біліктіліктерін арттырды. Пленарлық отырыста сөз алған ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Мұхамадиев Ернат Архатұлы қазіргі таңдағы балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде балалар ұйымдарының, ұйымдастырушы ұстаздардың жұмысының маңызды екенін атап өтіп, семинар жұмысына оң баға берді. Екі күнге созылған семинар барысында білікті мамандар психологиялық, әлеуметтік маңыздағы семинар-тренингтер мен арнайы оқытулардан өтті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
«Жас ұлан» ұйымында дәстүрлі түрде өткізілетін шаралардың бірі ол – «Алтын қалам» байқауы. Жас тілшілер мен журналистерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын бұл байқау биылда өз жалғасын тапты. Еліміздің барлық аймағынан барлығы 200-ден аса өтініш келіп түскен болатын. Солардың ішінен үздік деп танылғандары ғана жеңімпаз атағын иемденді. Жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болған «Алтын қалам» байқауының қатысушылары ҚР БҒМ вице-министрінің дипломы мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жас ұлан» ұйымында дәстүрге айналған атаулы шараның бірі «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық жас көшбасшылар форумы. Аталмыш форум еліміздің барлық аймақтарындағы ең белсенді, көшбасшы жастардың басын бірікітіріп, тәжірбие алмасу алаңын құруды мақсат етеді. 17-19 қараша күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Елордамызда кезекті «Ұланымыз ұлы елдің» форумы өтті. Форумға еліміздің 14 облысы 2 маңызы бар қаласынан барлығы 100-ден аса делегат қатысты. Үш күнге созылған форум аясында Құрылтай, алғашқы Ұланбасы кеңесінің отырысы, көңілді эстафета, таныстырылым сайысы, ораторлық пен көшбасшылықты дамытуға арналған семинар-тренингтер өткізілді. Мұнан бөлек, еліміздегі баламасы жоқ Ұлттық Мұражайға саяхат ұйымдастырылды. Форумы қорытындысы ретінде 19 қараша күні Өнер институты «Арган» залында салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жабылу рәсімінде жас өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, көңілді көңіл-күй сыйлады. Шара соңында сөз алған Ұланбасы кеңесінің мүшелері өздеріне артылған сенімді ақтауға уәде етті. Қызықты да танымды өткен бұл шара өз жемісін берер деген ойдамыз.
Игілік пен ізгілікке құрылған мұндай шараларды тізе беруге болады. Бірақ бастысы олардың әрбір жас қазақстандықтың жүрегінде орнығып, Отанға деген ыстық сезімін арттыруы. Осы орай, «Жас ұлан» ұйымы өз қызметін толыққанды атқарып келе жатыр деуге болады. Бұл «Жас ұлан» ұйымының алғашқы болмаса соңғы шаралар легі емес. Мақсатымыз айқын, болашақта атқарар істеріміз де жетерлік. Балалар арманына құрылған бұл ұйымның алар асулары әлі алда деп білеміз.
Ендеше, Самға, Ұлы істердің жаршысы болған Жас Ұлан!
Бекарыстан Аманжолов
«Жас ұлан» ББЖҰ» РҚБ баспасөз хатшысы

Журнал "Жасstar", №3-4 (45-46) 2015 2015 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум