Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Уроки нравственности

Ұлықталсын ұлы дала тарихы

Радна ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, С. Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекеленеді. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігі жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 20 қазанында өткен Астана қаласының активімен кездесу кезінде айтқан еді. Қазақ хандығының бастауы болып саналатын дата, яғни 1465 жыл, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих –и Рашиди» еңбегі арқылы көрсетіліп отыр. Қазақ хандығы – шаруашылықтың дамуы, өңдіргіш күштердің өсуі, феодальдық қатынастардың қалыптасуы нəтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген қөшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ – қазақ халқы негізінде бірігуі арқылы 15-ғасырдың орта шеңінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды жəне түбегейлі шешуші  рөл атқарды. 1456-жылы Керей хан мен Əз Жəнібек ханның Əбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді деп көрсетілген. Қазір қазақ хандығының құрылуына қатысты мəселелер жəне түрлі деректер айтылып жатыр жəне осы мəселе өте өзекті болып отыр. Осыған орай тың деректермен шыңайы тарихты білу үшін тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басына жиналды. Бұл ауқымды тақырыпты кеңінен көтеріп, тарихтың сырға толы беттерін ортаға салу үшін С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы тақырып төңірегінде зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен жастарды кітапханаға жинады. Кешке арнайы шақырылған қоңақтар: Ақтөбе облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының орынбасары – Ермұқан Қыдырғали Мұхитұлы;Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мəдениет қайраткері Құрманбеков Еркін Жолмырзаұлы;тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры – Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы; облыстық тарихи- өлкетану музейінің директоры – Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы; облыстық тарихи –мəдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының директоры – Аслан Мамедов; облыстық тарихи –мəдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының маманы Досмуратов Фархат Сабыртайұлы; сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының жəне колледждер мен мектептердің тарих пəнінің оқытушылары, №34, №39,№47,№40 жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы класс оқушылары, Ақтөбе «Автожол» колледжі, Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында өлкеміздің сай-саласын аралап, таутасын кезіп, онда өмір сүрген адамдардың өмір жолынан, бабаларымыздың жүріп өткен жолынан сыр іздеген, еліміздің мəдениеті мен тарихын бір адамдай зерделеген жандардың бірі, көптеген ғылыми-тарихи мақалалардың авторы Еркін Жолмырзаұлы өзінің тарихи мəліметтерін бейне-слайд арқылы кеңінен ашып баяндап берді. Ол өзінің көп жылдардан бері зерттеп жинақтап жүрген Əбілхайыр хан жəне оның ұрпақтары туралы біраз мағлұматтарды саралап ортаға салды. Қазақ хандығы жəне Қазақстан тарихы ол біздің ата-бабаларымыздың өткені. Біз елімізді қалыптастырған аталарымыздың ерліктері мен еңбектерін тарих беттеріне мəңгілік қылып алтын əріппен жазып, ұрпақтар санасына қалыптастырып, аманат етуіміз қажет. Біздің тарихымыз көптеп зерттелсе де, əлі де жан-жақты зерделеніп ізденіс үстінде. Біз қашанда тарихымызбен, тұлғаларымызбен мақтануымыз керек. Ұлан жердің ұлы  хандары ұлықталып, ұрпақтар санасына шыңайы тарихымызды ұқтыруымыз керек деп – тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры – Абдуллаев Нұртаза Ақишанұлы өз сөзін білдірді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры – Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы жəне облыстық тарихи-мəдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының бас маманы Досмуратов Фархат Сабыртайұлы – Ақтөбе өңірінің тарихы, қазақ хандығы кезіндегі тарихи қорымдар, осы өлкеде жерленген бабалар зираттары жəне археологиялық қазбалар жөңінде бейне-слайд арқылы толық ашып көрсетті. Бүгінгі шара аясында, кешке қатысушылар мерейлі мерекенің тарихи маңыздылығына тоқталып өтіп, жас буынды ұлттық мəдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу жөнінде əңгіме өрбітті. Шара барысында кітапхана қызметкерлері Кенжебаева Арайлым, Бекеева Жанат Қазтуған жыраудың «Алаңда алаң, алаң жұрт», Асанқайғының «Əй хан ием» өлеңдерін оқыды. «Мəңгі-Ел тарихы» атты бейне ролик көрсетіліп, тарихи деректерден жəне Қазақ хандығы кезінде -аты əйгілі болған ұлы адамдардың тұлғасын таныту мақсатында «Еліміздің терең тамыры» атты слайд қатысушылар назарына ұсынылды.«Елдіктің бастауы –қазақ хандығы» атты Қазақ хандығы туралы дəйек сөздер жазылған көрме жасалды. «Қазақ хандығына -550 жыл»тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кеште Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның əншісі Н.Қаражанның орындауында «Қазақтай ел қайда», əні шырқалды. Кітапхана басшысы М.Төлебай шараға қатысқан қонақтарға, жастарға алғысын айта келе, мұндай тағылымы мол өзге де маңызды іс-шараларға белсенді атсалысуға, сонымен қатар биылғы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы бойынша Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы ұсынылған болатын.Осыған орай кітап сүйер оқырман қауымды ел болып оқуға шақырды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шараның жастар қауымы үшін берері мол. Сондықтан осындай маңызы ерекше іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табары сөзсіз.

Журнал "Жасstar", №1 (43) 2015 г. 2015 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум