Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Мәңгілік ел

ҚОРАБАЙ ЖАПАНОВ – ПУБЛИЦИСТ

Қайрат Өмірбайұлы САҚ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор, Еуразия Халықаралық телевидение және радио Академиясының академигі

Қорабай Жапанов – қазақтың алғашқы журналист-публицистерінің бірі, ақын. Ол Павлодар облысының қазіргі Ақсу ауданында 1873 жылы туған. Ауылдың орысша-қазақша мектебінде оқып, кейін мұғалім, әрі ақын болған. Оның «Қарлығаш» дейтін өлеңдер жинағы 1913 жылы Уфа қаласында басылып шықты. Қорабай Жапановтың журналистік, публицистік қызметі 1894 жылы басталған. Өйткені осы жылы 18-қыркүйекте оның алғашқы мақаласы Омбыда жарық көріп тұрған «Дала уалаятының газетіне» басылды. «Ғылым, оқудың қажет екенінің баяны» атты тырнақалды мақаласында «дүниенің кілті – орыста, орыстың тілі мен мәдениетінде» деген Абай айтқан ойды қуаттаған. Публицист Жапанов – туған ел перзенті. Ол елі үшін, елінің болашағы үшін толғанады. Ел-жұртын түзу   жолға бастайды, халқының атынан сөз алады. Міне, осы қасиеттер Қ. Жапановты өз заманының толғақты мәселелерін қозғаған нағыз публицист деңгейіне көтерді. Қ. Жапанов публицистикасының негізгі тақырыптары: оқу-ағартуға үндеу, экономиканы жаңаша бағытта дамыту, керітартпа әдетұрыптардан арылу, әйел теңдігі мәселесі. Сондай-ақ ру тартысын, болыс-билердің әділетсіздігін әшкерелеп, сынға алады. Ол өз өлеңдерінде қазақ жастарын қараңғылықтан құтылып, оқу-білім арқылы өркениетке ұмтылуға шақырады. Қ.Жапанов – сыншыл публицист. Ол өз қоғамындағы би, болыстардың, бай, молдалардың теріс қылығын, кемшіліктерін әзілсықақ тілімен батыл әшкерелейді. Бұл оның публицистикасының бір ерекшелігі десе де болғандай. Қазақтың отырықшылыққа көшу мөселесі, оның артықшылықтары туралы материалдары да жарияланады. Сонымен бірге Ресей монархиялық билігінің отаршылдық саясаты келеңсіздіктерін сынға алады. Қазақ даласындағы қолдан жасаған әлеуметтік теңсіздікке атойлап қарсы шығады. Мақаланы бастағанда не мәселені сөз ететінін айтып алады да, оқиғаны өрбітіп, өмірден бірнеше нақты деректер келтіреді. Ал соңында түйінді ой тастайды, немесе шешімін таппаған бір мәселені көпшілік талқысына салады, кейде үндеу, шақырумен аяқтайдыұның бәрі – Қ. Жапанов публицистикасын даралап тұрған ерекшеліктер.  Қорыта айтқанда, Қорабай Жапанов – өз заманында қазақ халқын білім жарығына сүйреген, ағартушылық идеяның жақтаушысы, жаңа заманның жаршысы бола білген, ұлт азаттығын аңсаған, сол жолда күрескерлік танытқан қайраткер қаламгер.   Мемлекет тілдері Бір мемлекеттің қол астына қарап тұрған неше түрлі халықтар мұқтаж болып, бек қатты керек қылады, бір-бірін біліп танымақтарын. Соның үшін олардың əр қайсысына тиісті бірнеше түрлі тілдерді білмектік. Бірақ мұның бəрін білу бек қиын һəм мекен-жайы сонан болса да əрбір мемлекеттерде мүмкін қатары жаһут етіп білуге тырысады,қарап тұрған жерлерінің тілдерін үйреніп білмектеріне, керекті мақсатына қарай.Еліне мұндай болмаған мезгілінде қиын болмай, жеңіл болса керек. Біздің уақытымызда шыққан машина арқылы жүретұғын нəрселердің себебімен қандай үлкен дүниенің жүзін ойыншык секілді қылып, адамдардың жүріп-тұруларына жақын қып қойғандарының себебінен əрбір жұрттардың бір-біріне араласып, қатынасулары көбейіп кеткеннен кейін,бүткіл халық араларына керекті тілдерді үйреніп білмектеріне керектігінің барлығы білініп қалды. Соның үшін ең белгілі халықтардың бір–бірімен көнісіп уағда қылғандары баршаға керекті тіл болсын француз тілі деп. Осылай болған мезгілде əрбір адам тəлім қылып, уақыты бола қалған кезде оған керекті білмектік ең жоқ дегенде үш түрлі тілді. Тұрмыс уақытында қиыншылық көрмей біреудің болыспағын сұрап,оған тəуелді болғанша.Əуел білмек керек өз тіліңді. Онан кейін қарап тұрған мемлекетінің тілін жəне мүмкін қатары француз тілін де. Бұл тілді барша халық үйреніп, жатыр: орыстар, арабтар, немістер, қытайлар һəм басқалары да. Тұрмыс мемлекетінің тілін білмектік əр қайсысына пайда һəм қарап тұрған мемлекетінің өзіне де пайда бар. Қолдарындағы халықтары тілдерін біліп, төзімдеріменен мекеме бұйрықтарын ұғып тұрғаннан кейін оларды жақсы қылып сақтап ұстамақтарына. Соның үшін əр бір мемлекет жайлары жаһут қылады,қол астына қарағыштары мүмкін қатары білсе екен деп, тұрмыс жағынан тілдерін. Жəне неміс ұлтының мемлекеті жаһұт етіп Қалайды қол астарына қараған Россия халқы мен поляк халықтары неміс тілдерін үйреніп білсе екен деп. Жəне Россия халықтары жаһұт етеді, өзіне қараған халықтары орысша ұғып, тілдерін білсе екен деп. Соның үшін міндеттілі қылып қойған баршаларына тілді үйренбектерін һəм бүкіл медреселерде табиғи қаратып қойған ең үлкен ғылым мекемесіне əрбір тексеруші жайларда жəне мемлекетке қараған мекеме жайларында басқа тіл болмасын, жалғыз қарап тұрған мемлекет тілінен болады деп. Ғылым, оқудың қажет екенінің баяны Біздің қыр даласындағы қызметтегі қазақтарға орысша тіл білмектің қажет екені, мұның баршаға бірдей пайдалы екені төмендегі жазуда баян етіледі. 1891-інші жылы 25-інші мартта патша хазіретінің əмірі бойынша бекітіліп шығарылған Дала уалаятына тиесілі низам бойынша қыр даласындағы бес облыстағы халықтың сайланған билеріне əділетпен билік қылмақ үшін ықтияр берілген еді. Би басына қылған бітімдерін жазатұғын книгалар берілді. Закон книгадан билер өздеріне қандай ықтияр, қандай міндет тиесілі екенін қарап білсе керек. Билік книгаларына дау жұмыстар турасынан қылған кесімдерін жазғанда олай-бұлай қисық қылмай əділеттік жөніменен жазар деп ойлаған едік. Енді мұның бір қапалығы бар, сайланған халық билері орысша түгіл, қазақша жазу білмейтұғын адамдардан болады. Мəзкөр книгалар қолдарына тиген соң қалайша бітім жазуларын білмей қапа болады. Орысша жазуменен тіл білмектің мұқтаж екендігі бек қатты батып тұрады. Осы уақытта біздердің арамызда шатақ болып тұрады. Халық арасындағы ұлықтардың қылған істеріне адамның ақылы жетіп болмайды. Халықтың пайдасын ойлаған адамдар аз. Қазақ арасында бекер айтылмайды мына мақал: «бөліс бөлтірік, би қарға» деген. Қасқыр мешкей болған соң малдарға шабатұғын, қарға ақымақ болған соң бет алдына қарқылдай беретұғыны кімдерге мағлұм емес. Бұл себептен болыс нашарларды сыпырады, билер ақымақ болған соң жұмысын қалай болса солай тиянақсыз қылады. Болыс пенен билер, сіздерге жаман атақтан құтылуға уақыт жетті ғой. Бұл атақтан сіздерді жамандаған адамдарды жаза штраф салып құтыламыз дегендерің бекер болса керек. Мұндай амал қылғандарыңмен ондай алмассыңдар. Өздеріңді жақсы көріндірейін десеңдер өзге бір түрлі дұрыс, анық амал бар, ғылым, оқу оқып ақылды, əдепті болсаңдар керек,орысша тіл үйреніңдер, орысша оқу үйреніңдер. Орысша кітап оқысаңдар ақыл табарсыңдар, білімдерің артар, тастай болып қатып қалған жүректеріңе дəн беріп жібітер, қараңғылықтан көздеріңді ашар. Сіздерге бұл қажет болса керек. Мұнан кейін жақсыны жаманнан айырасыңдар, біреудікінің обал екенін білерсіңдер. Мұнан кеійн сіздер бөтендікіне құрмет етіп, жақсылық өздеріңдікін қорғарсыңдар. Сіздер мұнан соң дұшпандарыңнын қылған жамандық залымдығын законный құрметі бойынша һəм таза амалменен тоқтатарсыңдар һəм қас қылған адамдардың өсегінен құтыласыңдар. «Білегі жуан біреуді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалды өздерің де білесіңдер, ғой. Оқуды үйреніп қуаттанып, орысша тілді үйренсең ғұмырыңда аштан өліп, көштен қалмас едің. Балаларымызды орысша школда оқытсақ қымбат емес қой, мұнан оқып шыққан балалар өзіміздің халқымызға көп пайда келтірер еді. Оқу оқып, орысша тілді үйренген соң біздің арамыздағы ретсіздікті жоғалтқаннан басқа хал-ахуал шаруамыз да ілгері басып,көтерілер еді. Біздің төмендеп бара жатқан шаруамызды көтеретұғын үйренген жай өнеріміз де һəм оқуменен білген өнеріміз де жоқ. Осы уақытқа шейін шаруаны реттеп жайғастыруда да жөндеп біз білмейміз. Осы кезде өзге халықтар жыл сайын ілгері басып, əр түрлі шаруа өнерлерін асырып кетіп бара жатыр. Біздің байлығымыздың тиянағы мал шаруамыз дегеннен куннен-кунге нашарланып барады. Біздің өлі малдарымыз бен тірі малдарымыздың жақсысы қандарымызды сүлікше сорған ноғай, сотқар адамдар – сарттардың қолына кетіп барады. Мұның барша себебі надандықтан һəм орысша тіл білмегендіктен. Бізге орысша тіл мен орыстың кітабы қажет. Кітаптан жай білім білгеннен басқа жан-жақты дүниеде не хабар, не керемет болып жатқандарын білеміз. Мұнан кейін көк өгіз жерді көтеріп тұр деп айтқан ертегі сөздерге иланбас едік. Мұнан соң ноғайлардың айтқан сөздеріне де иланбас едіңдер,біз бұлардан гөрі оқымысты, өнерпаз болар едік. Неге десеңіз, біздің арамызда ондай-мұндай жалған сөздерге иланатұндармыз ноғайлықтардан гөрі аз болса керек. Орыстың тілі мен оқуын білуге бір-бірлеп қадам басқан сайын қажет болып келеді. Қалаға келгенде переводчик таба алмай əуре боламыз. Бұған жалынып сөзімізді жеткіз деп. Арыз жазып, малымызды сатысып бергеніне көп ақша төлейміз. Солай біз бұрынғы өткен заманнан жаман əдетке сеніп надандықтың ішінде қалғанымызға бек қайғыланамыз. Орыстар біздің қамымызды ойлап неше жүз жылдан бермен қарай ұйықтаған ұйқымыздан оятып жаһут қылады. Орыс біз үшін шаруа школын ашты. Біздің балаларымызға оқу оқуға əрбір школ - медресеге бостандық беріп тұрады, Мысалы, Омбы шаһарындағы əр түрлі школ– медреселерде біздің балаларымыз оқып жатады. Бірақ өкінеміз, біздің надандығымызбен теңестіре қарағанда оқыған қазақтардың көптігі теңізге тамған тамшыдай ғана болып көрінеді. Сонда да біздер бұларды қуат қылып, ішінде жатып, қашан олар қайтып келіп өздерінің өніп-өскен туған халқына орыстың школынан алған өнерлерін көрсетер екен деп күтіп тұрамыз. 
Қорабай ЖАПАНОВ.

Журнал "Жасstar", №1 (43) 2015 г. 2015 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2024 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кокшетау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Сайт работает при финансовой поддержке Авторской группы DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум