Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Елімнің ертеңі Жасұландар!

 Майра АБДРАХМАНОВА, Қарағанды облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 Тəуелсіз Қазақстан тарихындағы өтпелі қиын кезеңге қарамай, аймақтарда өскелең ұрпақ жанашырлары құрған балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басын біріктіріп,алда болашағымызды жан-жаққа тарпай, əлемдік деңгейде бедел алып қалған Отанымыздың жүргізіп отырған салихалы саясатына үйлестірілген тұлғалық тəрбие беру мақсатында Елбасы нұсқауымен Республикамызда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылып, жұмыс атқаруда.Бірінші жылы Қарағанды қаласы балалар мен жасөспірімдер сарайында «Тəлімгерлер мектебі» жəне «Балалар қозғалысын ұйымдастыру бөлімдері» ашылған болатын. Ал облыстық қоғамдық бірлестік болып 2012 жылы 30 шілдеде тіркеуден өтіп,өте күрделі жағдайда ұйымдастыру шараларын өткізіп, 2013 жылы толық қанды жұмысын бастады. Қазір біздің облыстағы қатарымыз 83763 Жасқырандықтар мен Жасұландықтар. Облысымыздың аудан, қалаларында ұйымдастырушыларымыз бар. Олар өздеріне қарайтын мектеп əлімгерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады.Ұымның жұмысын жүргізуге жастар ресурстық орталықтары көмектерін көрсетеді. 
 2013 жылы «Жас Ұлан ұйымының мазмұны өте терең болып, балалар мен жасөспірімдерге арналған 21,тəлімгерұйымдастырушыларға арналған 4,ата-аналарға арналған 2 жобалары іске асырылды. Оған облысымыздан 29785 оқушы, 93 тəлімгерлер, 1256 ата-ана қатысты. 
 Ұйым жұмысын қолға алғаннан кейін отансүйгіш,  елсенді балалар, Көшбасшылар тəрбиелейтін тəлімгерлермен серіктесе келе, Кеңес дəуірінде қалыптасқан білімді тəрбиешілердің саны азайғандығы анықталды. Өзім жинаған дерегіме сүйенсем: облысымыздың 278 мектебінде тəлімгерлер жартылай жалақыға жұмыс жасаса,кей мектептерде кесте бойынша өткен қиын жылдары қысқартылып,енді енгізілмей отыр. Көп мектептерде тəлімгер басшының барып кел, алып келінде жүреді. Неге олай, өйткені олардың статусы,білімдері төмен. Сондықтан олардың мұң-мұқтажын жоқтайтын елімізде бірінші болып облыстық «Тəлімгерлер қауымдастығын» құрып,əрі қарай республика деңгейінде де құруға  мəжбүрледік. Олардың білім деңгейін облыстық оқу əдістеме орталығында көтеріп,сертификаттау өтіп тұрады. Орталықтың жоғары дəрежелі əдіскерлері берген семинар-тренингтері тəлімгерлер жағынан жақсы қабылданады.Өткен іс-шаралар қортындылары бойынша оқу əдістеме оқуларынан өткен тəлімгерлердің балалармен жұмыс жүргізуінде көш ілгерілік байқалады. Бұл елімізде жоғары оқу орындарында кешенді тəлімгерлер дайындайтын бөлімдер керек екендігін айқындап отыр. 
 Тəлімгерлердің статусы мен жауапкершіліктерін көтеру мақсатында 2013 жылы 1 қарашасын «Тəлімгерлер күні» деп,олардың антын,киім үлгісін енгізіп, атап өткендегі ойымыз: жасөспірімдеріміз қоғамдағы түрлі ағымдағылардың киім киістеріне еліктетпей,уəде-ант қадірін түсінуді өз жанашырлары тəлімгерлері бойынан байқату. 
 2014 жылы ұйым облыстық жастар саясаты мəселелері жөніндегі басқарма арқылы қаржыландырылды. 
 Облысымыздың Жаңа Қазақстан балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытуда,«Жас Ұлан» ұйымының тұғырын тереңдетуге қосқан іс-шараларына тоқталсам: 
- Жасұланы Алмас Дəулетбек -№45 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысының ұйымның, бағыттарының логотиптерін жасап ,авторы ретінде жеке кітапша шығаруы; 
- ұйымның киім үлгілерін/авторы М.Абдрахманова/ жасап шығарып,іс- шараларға енгізу:
- «Тəлімгерлер күнін» атап өту; -жылды қорытындылау бағытында 1қараша «Тəлімгерлер күнінен», 16 желтоқсан «Отан күніне дейін, əрбір бағыттырын айқындай отырып,«Жасұландар айын» өткізу: /сөзімнің айғағы ретінде өткен кестені назарларыңызға қосымшада ұсынамын/ 
- 7 бағыт бойынша белсенді Жасұландарға облыс əкімінің сыйлығын табыстау: 
- Елбасы күні барлық мектептерде, ұйым көшбасшылыры «Ұланбасы күнін» өткізіп, Ұланбасылардың антын қабылдау; 
- Ұйымның дəреже көтеру бағытында қысқа жəне толық нұсқадағы бейне баяны; 
- ұйымның имиджін көтеру бағытында «Жас ұландар» дауылпаздар жасақтарын қалыптастырып,мерекелік қойылымдарға көркемдік əсер беру; 
- Облысымыздың бірінші телеарнасымен бірлесе өткізген «Ой талқы» айдарымен откізген «Болашаққа хат» атты хабары жəне аймағымыздың өнегелі, шығармашылығы мол білім ошағы № 92 мектеп гимназиясында өткен «Тыңдашы менің бойынша Жасұландардың жас ақын, жазушылардың клубын ұйымдастыруға мұрындық болды; 
- Тəлімгерлерге арналған жадынамасы; 
 Облыс Жасұландары оқудан бос уақыттарын өздері бойындағы талаптарын ұйымның жеті ошағына айналып келе жатқан бағытта жұмыс жасайтын үйірмелерде аша отырып, жұмыс жасап келешекке кəсіптік байымдау табуға ықпалдануда. Жұмыс барысында өз шəкірттерінің шығармашылығын шыңдауда уақыттарымен санаспай еңбектенетін тіл, тарих жəне технология пəні ұстаздары мен оқушыларының талантын ашуға бірлесіп жүмыс атқарудамыз. 
 Əрбір іс-шара оқушылардың астамасымен кең көлемде талданып,өздерінің ұйымдастырулары арқылы өтеді. Бұл оларды өздеріне сенімділікке жəне жауапкершілікке жетелейді. 
 Өзін таныта білген Жасұландықтар үстіміздегі мерекеге толы жылда облысымыздың барлық қала,аудандарында өтіп жатқан іс-шараларды өткізуге үн-пікір қоса белсене араласып, ортамыздың көз сүйсіндірер, үміт артар болашағына айналып келеді.Қарағанды облысының «Жас Ұлан» ұйымының алдына қойған бағыты ата -аналардың буынын бекітіп, қоғамға ұсынған перзенттерін, мектеп жасында қанаты қатайып тұлғалыққа бағыттап елімізге «алуынан, берері көп» азаматтар тəрбиелеуге ат салысу. 

Журнал "Жасstar", №1 (43) 2015 г. 2015 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум