Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

Қасиетті домбыра күмбірледі

«Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек ЗАКИРОВ

 2014 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Біржан сал музыкалық колледжінде Кокшетау қаласының ішкі саясат бөлімінің «Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы əкімдігі жəне Ақмола облысы білім басқармасының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында Көкшетау қаласы əкімінің кубогына арналған облыстық «Қасиетті домбыра» байқауы өтті. 
 Байқаудың негізгі мақсаты ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табуды көздейді. 
 «Əнді сүйсең, менше сүй» - деп дана Абай қазақтың əн мен күй құдіретін осылай жырлаған. Себебі, қазақтың əні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нəзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық қуанышы. 
 Байқауға Ақкөл, Ерейментау Егіндікөл, Зеренді аудандарынан жəне Көкшетау қаласынан жалпы саны 25 тарта үміткер қатысты. Байқаудың жеңімпазадры төрт номинация бойынша анықталды: «Үздік күйші» номинациясы – Кəрібаев Мағжан (Көкшетау қаласы), «Үздік дəстүрлі əнші» – Зинулғабиден Нұрмағамбет (Егіндікөл ауданы), «Ерекше дауыс» - Серғазы Қарақат (Ақкөл ауданы), «Көрермен көзайымы» - Байғабылов Əлішер (Көкшетау қаласы). Жеңімпаздар кубок, диплом жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларды Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Ақмола облыстық Достық үйіне жəне «Бурабай» спорт кешенінің жүзу бассейніне апарып көңілдерін көтерді. Байқаудын құрметті қонақтары жəне əділ қазылардың мүшелері: Серік Сапарұлы, Қазақстан жазышулар Одағының мүшесі, «Көкшетау» қалалық газеті бас редакторының орынбасары, ақын, Бисара Мəкенова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі, Кенжебек Жəнібекұлы, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры. 
 Байқауының құрметті қонағы Əміренова Алтынай Байқадамқызы, Көкшетау қаласы əкімінің орынбасары. Байқау соңыңда сөз алған құрметті қонақтар жəне əділ қазылар іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйдастырушыларға алғыстарын білдірді. Келесі сөз сөйлеген Көкшетау қаласы əкімінің орынбасары Əміренова Алтынай Байқадамқызы «Қасиетті домбыра» байқауы дəстүрлі түрде жыл сайын өтуіне қолдау көрсететіндігін атап өтті. 

Журнал "Жасstar", №4 (42) 2014 2014 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум