Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

«Бала би» шешендік өнер сайысы

 2014 жылдың 28-30 қараша күндері Көкшетау қ., (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 3 облыстық мектеп-интернатында, Ақмола облысының білім басқармасы, «Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні мейрамы аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы кубогына арналған облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысын өткізді. «Бала би» интелелктуалды шешендік өнер сайысы бұл күнгі қоғамда білім мен шешендікті дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тəрбиелеуді мақсат етеді. Қазіргі таңда оқушыларымыз батыстың əндері мен киноларын көріп өскендіктен жəне басқа да факторлардың əсерінен таза əдеби қазақ тілінде сөйлеуге қиналады. Күнделікті теледидардан немесе қоғамдық орындарда əліпбидің қазақы əріптерін бұрмалап, сөйлейтін адамдардың да cаны аз емес. Осы орайда «Бала би» шешендік өнер сайысының ұйымдастырылуы əбден орынды деп санаймын. Турнирдің басты мақсаты-ұлттық рухпен, сол арқылы қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тəрбиелеу. Сайысқа Ақкөл, Аршалы, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайын, Зеренді, Сандықтау, Шортанды, Бурабай, Бұланды аудандары жəне Көкшетау қаласынан жалпы саны 20 топ қатысты. Сайыста: «Бүгінгі Отанымыздың негізгі үш жетістігі», «ЭКСПО-2017» көрмесінің Қазақстанға пайдасы», «Қазақстан-2050» «Мəңгілік Ел»» атты стратегиясын орындау барысындағы балалар мен жасөспірімдердің үлесі», «Қазақ тілін бүгінгі, ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналдыру жолы», «Жасұландықтардың» ұйымының дамуы жолындағы үлесі қандай болуы қажет», тақырыптарында пікір алмастырылды. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлде І-орынды Көкшетау қ., М.Ғабдуллин атындағы № 3 көптілде оқытатын кəсіби мектеп-гимназиясының «Заңғар» тобы құрамында: Жамаш Алмас, Қыдырмен Айғаным. ІІ-орынды Зеренді ауданы, «Ақадыр» орта мектебі «Сөз мəйегі» тобы құрамында: Силам Арыстан, Силам Мерей. ІІІ-орынды Бурабай ауданы, «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясы «Алаш ұлы» тобы құрамында Теміров Ерасыл, Мəден Лашын жəне Көкшетау қ., (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 3 облыстық мектеп-интернаты «Жас Ұрпақ» тобы құрамында: Толқын Гүлнар, Маманов Серікжан өзара бөлісті. Жеңімпаздар кубок, диплом жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Журнал "Жасstar", № 2-3 (40-41) 2014 2014 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2024 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кокшетау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Сайт работает при финансовой поддержке Авторской группы DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум