Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Наша история

Оқжетпестей өр тұлғалы Абылай хан!

Әсел ҚАЖЫБАЕВА, 11 сынып оқушысы, Абылайхан атындағы орта мектеп, Бурабай ауданы, Ақмола облысы.

«Абылай дәуірі – қазақ халқының ерлігі мен серілігінің ғасыры.» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Иә, Абылай - аңызға айналған тұлға. Бірақ, біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін, сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек... Абылай тақырыбы ол туралы аңызды өршіту үшін емес, тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғаның өмірінен тағылым өрбіту үшін қажет.» -дегендей, Абылай – білікті мемлекет басшысы, көреген, ашық саясаткер. Абылайдың ұлылығының өзі – бүкіл қазақ ұлтының бірлігі, жер аумағының тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Даңқты жеңістерімен жауынгерлік жорықта тарихта өшпес із қалдырған Абылай ханды барша халық ерекше қастерлеп, құрмет тұтады. Абылай хан билік жүргізген кезең – қазақ тарихындағы алтын ғасыр. Абылай дәуірінде Қазақ мемлекетке тән дәстүрлі белгілерге толық ие біртұтас елге айналды. Өзіндік басқару жүйесі, бүкіл елдер мойындаған шекарасы, әлеуметтік жағдайда ұйымдастырудың ерекше тәсілі қалыптасқан. Абылай хан еліміздің, халқымыздың жадында бытыраңқы қазақ халқының, яғни үш жүздің басын қосқан алып тұлға ретінде өшірілмес, ұмытылмас жан. Малшы Сабалақтан – Абылай ханға дейінгі бастан өткізген қайғы-қасіреттері аз емес. Халқының ауыртпалығын көріп өскен баланың: Бесіктегі баланың бек боларын кім біледі, Қарындағы баланың хан боларын кім біледі. - дегендей, кейін арқа сүйер, қорғаныштары боларын кім білген? Тарихшы Е. Бекмаханов: «Шиеленіскен халықаралық жағдайда бытыраңқы қазақ жерлерін өз қол астына біріктіруге тырысты. Қазақстанды басып алуға тырысқан көршілері – Ресей, Қытай, Жоңғария мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, Абылай іс жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алды.» - деп, өз зерттеу жұмыстарында атап көрсеткендей, халық Алла тағала Абылайды Ұлы Далаға көз алартқан, арам пиғылды жауларынан тазартып, үш жүзге бөлінген барлық рулар мен тайпалардың басын біріктіруге жіберген деген ойда да болған. Абылай хан жаңа дәуірдегі қазақ елінің ең шоқтығы биік кемеңгер билеушісі болды. Халық арасында Абылайдың ерекше құрметке бөленгендігі сондай, тірі кезінде-ақ Абылайды «аруақ» деп атап, аты мен істері, қазақ мемлекетін күшейтудегі таймас қайраты, көрегендігі аңызға айналып кетті. Көкшетау өңірінде туып өскен әрбір жеткіншек баланың бойында мақтаныш сезімі бар деп ұғамын. Себебі, Абылай хан Қытайға елші жібергендегі бір сөзінде: Байтақты өз мекенім – Көкшетауда, Бұл уақытта болып тұрмын қазаққа хан.- деп айтқандай, Абылайдың жазда отыратын орны осы мекенде болса керек. «Жер шоқтығы - Көкшетау» деп жырлағандай, сұлулығы мен әсем табиғатына тамсана қарайтын Көкшетаудың әрбір тұсында өзіне белгілі сыры мен аңыздары бар. Әлемге әйгілі болған Бурабай өңірі де тарих қойнауынан сыр шертеді. « Оқжетпес » пен «Жұмбақтасты» атап өтсем артық болмас. Халық ауызында аңызға айналған жерлердің бірі және ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Өз басым Бурабай өңіріндегі Қызылағаш ауылынан боламын. Ауылымыздың көне көз қарияларымыздың айтқан әңгімелеріне құлақ салсақ, Абылай хан қоныстанған « Ораз бұлақ», «Төре жұрты» тағы сол сияқты мағынасы тереңде жатқан жерлеріміз көп. Тағы бір мақтанатынымыз, мектебіміздің аты осы ұлы Абылай ханның атында. Абылай хан әрқашанда өзінің ұтқыр шешімімен жауларымызды шаң қақтырған адам болғандықтан, біздің мектеп оқушылары да әрқашан қандай жарыс болсын, іс–шара болсын белсене қатысып, намысты қолдан бермей, биіктен көрінуге тырысады. Абылай хан есімі әрқашан биіктен көріне берсін! Абылай хан көзінің тірісінде-ақ әулие атанған санаулы адамдардың бірі десек, осы қатарға мен біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да жатқызар едім. Өлмедік! Зар еңіредік, сабыр еттік, Шашатын алтын сәуле таңды күттік. Көп күттік, сөгілдік те, соғылдық та, Сатылдық та, тілекке ақыр жеттік.- деп, Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай,қазақ халқының басындағы қара бұлтқа, жарқ еткен сәуледей үміт сыйлаған,болашаққа көздерін ашқан Президентімізді қазақ жұртының басына қонған бақ құсы десек артық болмас, сірә? Міне, қазақ халқының бастарын қосқан, еркіндік сыйлаған ірі тұлғалар. Халық нақылында: Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ер сақтар. - деген сөз бар. Ендеше, ірі тұлғаларымыздың аттары әрқашан биіктен көрініп, жарқырай берсін! Және де келер жеткіншек ұрпақтан да есімі әлемге әйгілі болар билеушілердің өсеріне сенемін. Қазақ халқы жасай берсін, тәуелсіздігіміз мәңгілік, баянды болғай, ағайын!!!

Журнал "Жасstar", №2 (36) 2013 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум