Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

АК жол, «Жас Ұлан»!

«Жас Ұланға» екі жыл!

Мейрамбек ЗАКИРОВ, «Жас Ұлан» АО ББЖҚӨ атқарушы хатшысы, Акмола облысы

Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас Ұлан») Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. Ұйымның негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Жалпы ұйымның Республикалық деңгейде құрылғанына екі жыл болса Ақмола облысында заңды мәртебе алып құрылғанына биыл бір жыл толып отыр. Өткен бір жыл ішінде, не істедік? Қандай жетістікке жеттік? деген сұрақтар мазалайды әрине. Осы жылдың ішінде облыс көлемінде бірсыпыра іс-шаралар өтіп ұйым қатарындағы мүшелердің саны 10 803 жетті. Оның ішінде «Жас Ұландар» 6 820 болса, «Жас Қырандар» 3 983 жетіп отыр. Бұл үлкен жетістік, өйткені салыстырмалы түрде бізден бұрын құрылған ұйымдарда осындай үлкен көлемде мүшелері жоқ. «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі құрылған күннен бастап «Тамыз конференциясы» аясында Ақмола облысы білім басқармасымен бірлескен «Жас Ұлан» ұйымының 2012– 2013 оқу жылы арналған жұмыс жоспарын бекіткен болатын. Жұмыс жоспарының негізгі мақсаты облыс көлеміндегі жалпы білім беретін оқу орталығының «Жас Ұлан» жылдық жұмысы бойынша бағыт беру және ұйым мүшелерінің белсенділігін әрі қартай арттыру. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту» атты әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Әлеуметтік жоба аясында Астрахан, Бұланды, Есіл аудандарында және Степногорск, Көкшетау қалаларында, облыс көлемін толық қамтыған «Елжандылық және тәрбие» тақырыбында белгілі саясаткер, мәдениет және қоғам қайраткерлері мен «Жасұландықтармен» кездесулер. «Көшбасшы қасиетін дамыту», балалар мен жасөспірімдерге арналған тренинг. «Жас Ұлан» – тәрбиелі білім берудің Қазақстандық моделі. «Жас Ұлан» негізгі тәрбиелік бағыттары тақырыбында білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасарлары, ұйымдастырушылар мен бастаушы (вожатый) ұстаздарға арналған семинар-тренинг өткізілді. «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының көшбасшылары және «Жасұландықтарға» арналған курс, дөңгелек үстелдер және конференциялар ұйымдастырылды. «Ел болашағы - Жастар» тақырыбында облыстық мектепаралық пікір – сайыс турнирі өтті. Пікір-сайыс додасына облысымыздың барлық аудандарынан, Көкшетау, Степногорск және Астана қаласынан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалпы саны 54 команда қатысты. «Өнер керек, ұрпаққа өлең керек» авторлық өлең шумақтары және «Ойы терең, қаламы ұшқыр» шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 150 – ден астам еңбек түсіп ең үздік деген жиырма екісі жинаққа кіріп, басып шығарылды. «Жасұландар қарттарды құрметтейді» атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында «Жасұландықтар» қарттарға өз көмегін ұсынып сыйлықтар таратты. Көкшетау қаласы әкімінің кубогі үшін «Ұланымыз ұлы елдің» атты облыстық мектепаралық КВН фестиваліне 17 команда қатысып, жеңімпаз Астана қаласында өткен жарысқа жолдама алды. «Жас Ұлан» кубогіне арналған футбол турнирі ұйымдастырылды. Футболға жалпы саны онға тарта команда қатысып, жеңімпаз Алматы қаласында өткен жарысқа жолдама алған болатын. 2013 жылдан бастап ұйым ешқандай қаржыландыруға қарамастан облыс көлемінде бірсыпыра іс-шаралар ұйыдастырылуда. Атап өтетін болсақ «Ғалым да, дана да бас иетін, Ұстазым, асыл ғой қасиетің!» атты Каримова Нателла Маулетбайқызы атындағы кубогіне арналған ІІІ жыл сайынғы мектепаралық ашық облыстық пікір – сайыс турнирі. Турнир қазақ және орыс тілінде өткізіліп облысымыздың барлық аудандарынан, Көкшетау, Степногорск және Астана қаласынан барлық саны 36 команды бақтарын сынады. «Халықтар достығы» аясында халықтар бірлігі күніне арналған мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ең белсенді деген оқушыларды «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті. 2012 – 2013 оқу жылын қорытындылау мақсатында Көкшетау қаласы (қазақ тілінде) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында «Жыл оқушысы – 2013» байқауы өтті. «Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсанында «Біз Қазақстан балалары» тақырыбында Бурабай ауданы «Джезгазганиц» балаларды сауықтыру орталығында «Жас Ұлан» көшбасшылар слеті өтті. Слет үш күнге созылып 170 – тарта оқушылар топтарға бөлініп, қатысушылар арасында байқаулар ұйымдастырылды. Облыс орталығы Көкшетау қаласында өткен «Мемлекеттік Рәміздер күні» мерекелік митингіне 420 «Жасұландар» қатысқан болатын. Жалпы митинк барысында облыс әкімі Қосман Қайыртайұлы «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшесі Қапар Бектұрды алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапаттады. Өз кезегінде ұйым атынан Қапар Бектұр алғыс білдіріп, ұйым нышаны галстук және төсбелгі табыс етті. Абылай ханың 300 жылдық мерекесі қарсанында Астана қаласының 15 жылдығы және Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» екі жылдық мерейтойы күні Абылай хан алаңында өткен мерекелік концерттік бағдарлама аясында ең үздік деген 50 оқушыны облыс басшылары, саясаткерлер, қоғам және мәдениет қайраткерлері салтанатты түрде облыс орталығы Көкшетау қаласының халқының алдында ұйым қатарына қабылдады. 24 – 27 шілде аралығында Астана қаласының 15 жылдығына арналған «Ұланымыз ұлы елдің!» атты ІІ Республикалық «Жас Ұлан» көшбасшылар форумына Ақмола облысы атынан Бурабай ауданы, Степногорск және Көкшетау қалаларынан алты оқушы қатысып келді. Форум аясында ЭКСПО – 2017 арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Білім және ғылым вице министрі М. Әбенов қатысып, оқушылар еңбегіне жоғары баға беріп алғыс білдірді. Шыңға біткен шынардай шырайлы өскелен қазақ ұланы, ұлтжанды, рухы биік,білімді, отансүйгіш болуы тиіс. Осы мақсатта отбасы болып, қоғам болып атсалысқанымыз жөн. Өйткені ел болашағы, өскелен ұрпақ қолында екенін ешқашан ылайым естен шығармайық.

Журнал "Жасstar", №2 (36) 2013 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум