Перейти в форум
 
 

Главная страница - Журнал "Жасstаr"

Журнал "Жасstar"

Палитра детских общественных объединений

Голоса регионов. Тараз

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді және ол сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы - тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиeci - қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселе болып келгендігі, баршаға мәлім.

Өмірдің барлық салаларындағы ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қабылдап, дамытуға қабілетті, рухани және адамгершілік әлеуметті бай тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту тәрбие үрдісіне ізгілендіру арқылы ғана асатыны белгілі.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты - оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алды яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу сияқты аса маңызды әлеуметтік-педагогикалық шешуге көмектеседі.

Осы мәселелерді шешу үшін балалар құқығы Конвенцияда айтылған. Біздің жас мемлекетіміз Біріккен ұлттар ұйымының мүшесі және халықаралық құқық субъектісі болып табылады. Балалар құқығын негізгі халықаралық деп саналатын құжат негізінде Қазақстанда 1994 жылы балалар құқығы Конвенцияда бекітіліп қол қойылды.

Балаларды мемлекеттің қорғау және оларға көмектесуі тиіс, өйткені бала қоғамның әлсіздеу бөлігі болғанымен олар мемлекеттің болашағы бола отырып Конвенцияның 28, 29-баптарында бала тегін білім алып, білімнің түрлі нысандарына қол жеткізуіне құқылы, жеке тұлға, баланың қабілетін дамытуға, оны саналы салауатты өмірге, өзге елдің мәдени ерекшелігін құрметтеуге бағытталған: балалар еліміздің болашағы. Болашақ ұрпақтың білімділігі мен тәрбиелігі әлемдік өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының гүлденуіне кепілдік болар жолда.

Осыған орай облысымызда жастардың, балалардың жан-жақты дамуына, олардың рухани адамгершілік деңгейін жоғарылатуға атсалысып жүрген ұйымдар қатары күн сайын көбеюде. Соның бipi балалар қоғамдық бірлестігі «Мирас».

«Мирас» ауданда ұйым, облыста - одақ.

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер одағы Жамбыл облысының аумағында ic-әрекет етеді. Одақ - Ұйымының атауы, қызметі, мақсаты бар. «Мирас» одағы қоғамдық ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ic-әрекет етеді, баланың әлеуметтік құқығы мен азаматтық бостандығын қорғау, толық даму үшін, мүдделері мен қажеттерін жүзеге асыруға жағдай жасауға көмектесу болып табылады.

Одақтың - негізі ұйым, ұйымның негізі - топ.

Топтар мектеп базасында құрылады. Ұйымды басқару органдары - конференцияда болып табылады.

Үйлестіру кеңесі нұсқаулар, түзетулер енгізеді.

Белгілі бip бағдарламамен облыста, ауданда жұмыстар атқарады.

Ұйымға Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер одағының мақсатымен келісетін 10 жасқа толған жеке тұлға мүше бола алады.

Ұйым мүшелері жас шамасына қарай топқа бөлінеді, өз еркімен өтініш бepіп кіре алады.

Қaзiргi жас ұландар болашақтағы еліміздің тipeктepi, еліміздің болашақ өкілдері болып табылады.

Жас ұландардың шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру, шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, қайырымдылық қасиетінің қалыптасуына жағдай жасау ұйымның мақсаты, «Мирас» ұйымның «Біз бipгeміз» атты бағдарламасын, ұйымның озық тәжірибесін пайдалана отырып және республикалық «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламалары ескеріліп жасалынды.

Бұл бағдарлама 7 бағытта жұмыстар атқарады. Биылғы 2003-2004 оқу жылында ұйым ашып, бipaз жұмыстардың жетістіктерін көрдік.

Аталған бағдарламаның 7 бағытымен жұмыстар атқарылды.

Жамбыл облыстық үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша 2004 жылғы 18 ақпанда ауданымызда Абай мектебінде Құрылтай конференциясы өтіп Жарғы мен бағдарлама бекітілді.

Қaзipгі таңда «Мирас» ұйымының Т. Рысқұлов ауданымыздағы оқушылар саны 4200-ге жетті «5»-830, «4»-1740, «3»-1630, лидерлер - 130.

Біз, яғни ұйымдастырушы - ұстаздар осы ұйымның ролімен мәртебесін арттырып, оның жұмыс мазмұнын байыта отырып, оқушылардың қоғамдық белсенділігін өзiнe-өзi сенімділік, ұйымдастырушылық, мәдени шығармашылық, лидерлік, жігерлік, демократиялық қабілеттерін дамыту мақcaттарына басты назар аударуымыз кepeктiгiн ескерудеміз.

Оқушылардың бос уақытында жат қылықтан сақтау үшін мектептен тыс жұмыстарды қызықты өткізуіміз керек.

Бұл мақсатта Конференцияның 31-бабында бала түрлі ойындарға, қызықты ic-шараларға қатысып, өнерімен шұғылдануға құқылы делінген.

Осыған орай балалар ұйымының жұмысын жандандыру, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында барлық мектептерге тәлімгерлерге берілді.

Аз уақыт көлемінде ауданымызда көптеген icтep атқарылды.

«Мирас» ұйымының оқушыларының iciнe ауыл ақсақалдары, қарт аналар ризашылығын білдіруде.

Мысалы, Луговой кентіндегі Н.Ф. Коверин, Желдікбаевтан Подгорный ауылынан, Айбасовтан Құмарық ауылы, Элимановтан, Мырзаевтан Қ-шаруа ауылы, Құлан ауылы Сергеевадан, Сергодан алғыс хаттар түсуде.

Бұл біздің ұйымдағы оқушылардың «Айналаңа қара» бағыты бойынша атқарылған icтepi.

«Жасыл әлем», «Ойын маңызды ic», «Денсаулық - өз қолымызда», «Біздің дауыс» атты бағытта мектепішілік баспасөз яғни газеттер шығарып, балалар өз мақалаларын мектеп газетінде, аудандық Құлан таңы, Балдәурен газетіне беруде.

«Ойын маңызды ic» бағыты бойынша бipaз icтep атқарылып ерекше кезге түскен мектептер Сұлтанбеков, Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, Б. Момышұлы, № 2 орта мектептерінің «Мирас» ұйымының оқушылары, «Ұлан» және «Сұңқар» тобының жасөспірімдері өз уақыттарын тиімді пайдаланып шығармашылық қабілетін дамытуға ден қойып, түрлі ойындар өткізді, әр түрлі эстафеталық жарыстар, танымдық ойындар, Алтын қақпа лингвистикалық ойын өткізілді. Түрлі акцияларға «Мирас» ұйымының оқушылары қатысады.

«Тазалық сақтайық, ағайын» атты көріктендіру iciнe аудан орталығындағы мектептер көп үлес қосты. Луговой кентінде «Жастар ауыл болашағы» атты акцияға «Мирас» ұйымының оқушыларының табиғатты қорғау мақсатында өткізілген ic-шараға белсенділіктерін көрсете білді.

Біздің оқушыларымыз облыс көлемінде республика көлемінде жақсы нәтижеге жетуде. Атап айтсақ, «Жүзден жүйрік» ойынының жүлдегері атанған № 1 лицей оқушысы Қалыш Алмаз білім грантына ие болды.

Мамыр айында республикалық «Балдәурен» оқу сауықтыру орталығында өтілген слетте «Мирас» ұйымының аудандағы облыстағы бағдарламаны қорғап Т.Рысқұлов орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Қарабаева Жанна «Мирас» ұйымының лидері «Мұрагер» тобының басшысы алғыс хаттар мен марапаттау грамотасына ие болды.

Біз қазір 7 жоба арқылы жұмыс істеудеміз, «Біз тұратын үй» жобасында көптеген ic-әрекеттер бағытында жұмыстар атқарылып жатыр, «Жанұя шежіресін жасау», біздің қазақта «Жеті атасын білмеген - жетесіз» дейді.

Оқушы өз аулының таныс eмipiн зерттей келе, ауданның одан еліміздің, Қазақстанның әлемді зерттейді осыдан келе жеке тұлға дамиды.

Біздің жұмысымыз жаңа басталғандықтан үйренудеміз, ізденудеміз.

Біздің мақсатымыздың бipi, мектепте дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалау.

Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы дарынды қабілеттері аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарттарын иелерін жастайынан танып білу.

Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастарымыз көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін үлкен абырой.

Қaзipгi мектептің талабы, оқу тәрбие үрдісіне жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған, қоғам талабына сай, шығармашылық қабілеті мол жеке тұлға тәрбиелеу.

Біз биылғы оқу жылынан бастап өзін-өзі басқару жүйесін алға қоймақпыз. Өзін-өзі басқару өз iciнiң мақсатын өзі билеу, өзі жоспарлау, өзі ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру, түзету, өз жұмысын өзі талдау.

Мұндағы негізгі қағида: «Өмip маған не береді емес, өмірге мен не беремін, қандай үлес қосамын» деу.

Мұндағы қоғам алдындағы жауапкершілік пен парыз, ұжымдылық пен жолдастықты, мейірбандылық пен қайырымдылықты, қарапайымдылық пен сыпайлықты, өзінің орнын білу, өзiн-өзі қадірлеу, өзіне талап қоя білу, алдына қойған мақсатқа жету үшін еңбекқор бола алатындай жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Жақында облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығында «Мирас» одағына кipeтiн оқушылар арасында байқау болып, ауданымыздан 18 оқушы қатысып, соның ішінде 8 оқушы лидер атанып қайтты.

Жамбыл облысы Р.Рысқұлов аудандық “Мирас” ұйымында “Біз біргеміз” бағдарламасының “Айналаңа қара” бағыты бойынша көмек күткен жандар, оларға сөз жүзінде емес, іс жүзінде көмек көрсетіп өз уақытымен санаспайтын балаларға арналады. “Қуаныш оты дертке ем” атты қарттарға көмек көрсетуге Т.Рысқұлов орта мектебінің “Азамат” тобының оқушылары Демидова София Григорьевна соғыс кезіндегі әңгімесін, басынан өткен қиыншылықтары мен құрметпен алған ордендерін балаларға қызықты әрі, тартымды етіп әңгімелеп көрсетті. Ұйым мүшелері апайдың көкөніс отырғызуға арналған жерлерін аударып тегістеп берді. Балаларға апай ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. “Мирас” ұйымының мүшелері 1 қазан қарттар күніне арналған “Ақылды қария-ағып тұрған дария” атты кездесу өткізді. Кездесуде Тоқтыбаев Дүйсенбай ата 105 жасқа, жұбайы Нұртай әже 99 жасқа толуы мен қатар, қарттар мерекесімен құтықтап, “Мирас” ұйымының “Мұрагер” тобының оқушыларының қарттар күніне арналған концерттік бағдарламасын көрсетті. Ата мен әже кейінгі жас ұрпақтарға немере-шөберелеріне алғыстарын айтып, батасын берді.

Қызыл-шаруа орта мектебіндегі “Мирас” ұйымының мүшелері “Айналаңа қара” жобасы бойынша тұл жетім, жартылай жетім, сәтсіз жанұяның балаларына “Қайырымдылық қоры” атты жәрменке өткізіп көмегімізді көрсетудеміз. “Мирас” ұйымының ашылуына және де қайырымдылық көрсетіп жатқан оқушыларға ардагерлер төрағасы айтуда. Соғыс ардагерлеріне және мүгедектерге әрқашанда қызмет көрсетуге әзірміз.

А. Алтаева, Ұ.Қайпова.


Журнал "Жасstar", № 4 (6), декабрь 2005 г.


[ Вернуться к содержанию ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум