Перейти в форум
 
 

Главная страница - Новости Союза (архив)

Асхат Тасимов: Естен кетпес 20 күн




Мамырдың 29-нан, маусымның 10-на дейінгі уақыт аралығында Мәскеу қаласында "Детство без границ" атты оныншы халықаралық фестиваль болып өтті. Бұл кездесуге Ресей елінің жиырма жеті ауданынан сонымен қатар Дағыстаннан, Украинадаң, Беларуссиядан және Қазақстаннан келген екіжүзден астам делегат қатысты. Қазақстан делегациясын "Жұлдыз" РБҚБО көшбасшылары бастап барды. Қазақстандық делегация өзге елдерге бауырмалдық көрсете отырып, еліміздің атын, затын көрсете білді. Туымыздың көк байрағымыздың өзге мемлекетте еркін желбірей түсуіне себепкер болды. Барлық ерік-жігерін көрсете отырып, қазақ елінің кеңдігін, пеңдігін өзге елдер арасында паш етті. Бұл Фестивальді "СПО-ФДО" халықаралық одағы ұйымдастырды. Мұның бәрі Мәскеу маңындағы "Спасатель" сауықтыру орталығында жүзеге асырылды. Бірінші күннен өмір сиқырлы арманға айнала бастады.

Сегіз отряд ішінен "Қазақтарымыз" үшінші отрядқа ілігіп, Украина мен Томск балаларымен үлкен, әрі бауырлас ұжым құрды. Бұл отбасының екі тамаша тәлімгері: Мәскеудің Анастасия - сұлуы мен Қостанайдың Илья батыры.

Ұмытпас12 күн ішінде көптеген қызықты іс-шаралар ойындар әлемнің ең үлкен қалаларының біріне - Мәскеуге саяхаттар болды. Әрқайсысына бөлек тоқталайық... Барлық делегациялар әкелген шеберлікті дамыту сағаттарда өзіміздің - журналистика саласы, көшбасшылық теория бойынша; Украинаның, "Котигорошко"- өз-өзін қауіпсыздандыру әр түрлі табиғи жағдайда өмір сүру; Дагестанның "Лезгинка"- халық биі; Волгоградтың, "Dаnсе 4 Ііvе"- ЖҚТБға қарсы халықаралық би бағдарламасы және т. б. өмірге қажетті нәрсе-құбылыстар жайлы болды. Сан алуан конкурстарда бала езуі жиылмай өткен жоқ, немесе қатты ойға бөлінді. Кешкіліктер физикалық ауыр болып, интелектуалды терең болып баланың қаттыда, тәтті ұйқыға жол ашқан.

Айтпақшы, бұлғажап түстің орташенінде өз балаларын "Жұлдыз" одағының "Анасы",Елена Дмитриенко, өз келуімен қатты қүантты. Ол жаңа серпіліс болып бет бұрыстар тарландарымызға қуат көзін кеңейтті.

Алғаш серуендегеніміз: автобуспен кешкі Ресей астанасын көруге экскурсияға шыққанымыз. Онда көптеген әйгілі ғимараттар мен ескерткіштер көз алдымызға келді. Екінші рет Мәскеу қалалық жануарлар бағына барғанымыз Африканың жыртқыш аңдарын, Аустралияның сирек кездесетін фауна бөлігін және солтүстікте мекендейтін алып жануарларды таң қала тамашаладық. Кезекті қалаға шығуымыз "Қызыл алаңда" одан соң Кремльдегі мемлекеттік мұражайда болғанымыз. Мұражайдың айрықша белгісі – барлық экспонаттар, кезінде билік құрған адамдардың иелігінде болған заттар Кейінгі серуен "Муз-ТВ" салтанатты марапаттау кешіне барып келуіміз. Онда Ресей шоқ-жұлдыздарымен қатар әлемге әйгілі әншілер өнерін барша жұртқа төкті.

Бірақ ең жақсысы - ол достасуымыз! Иә, бұл тапқан қазынамыздың ең қымбаттысы. Қазақта бір мақал бар ғой, "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».  Болашақта осындай кездесулердің көп болуына тілектеспін. Менің ойымша, осындай кездесулер ойы ұшқыр, терең сезінетін азаматтарды тәрбиелеуімізге өз үлесін қосады.

Асхат Тасимов, Көкшетау қ."Жас Ұрпақ" БҚБО.

18.06.2008

[ Вернуться к списку новостей ]

НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2024 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кокшетау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Сайт работает при финансовой поддержке Авторской группы DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум