Перейти в форум
 
 

Главная страница - Новости Союза (архив)

Добро пожаловать!

Алтын арқалап, жантақ жеген жас тілшілер Нұр-Сұлтанда бас қосты






     XVІ Халықаралық медиафестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен болашақта журналист боламын деген жастар жиналды. Балалар мен жастар қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының «БАҚЫТТЫ ЖҰЛДЫЗ АСТЫНДА: ЖАҢА ӘЛЕМДЕ БІЗ ӨМІР СҮРЕМІЗ!» медиафестивалі «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып келеді.

     Жас тілшілер қаламы қарымды кәсіби журналистер ақылына құлақ түріп, қабілеттерін шыңдау мақсатында жиналған. Жыл сайын Елорда төрінде өтетін медиафестивальге «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы, ««РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламаларының жобаларын басқарушы Орталық кеңсенің Қазақстандағы балалар әлеуметтік бастамалары мен балалар қоғамдық қозғалысын дамыту жөніндегі Үйлестіруші кеңесі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Журналистика және саясаттану факультеті ұйытқы болған.

     Балалар құқығы жөніндегі комитет, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты жөніндегі департаменті, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті, «Жас Отан» жастар қанаты, балалар мен жастар ұйымдарының өкілдері шақырылған дәстүрлі шараның биылғы басты ұраны: «Балалардың ақпараттың кеңістігі: кәсібилік, шығармашылық, ресурстар». Оған Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі аймақтарынан келген жас тілшілер, кәсіби журналистер, балалар мен жастар ұйымдарының, әлеуметтік желілердің өкілдері, жас фототілшілер, тележурналистер, бейнеоператорлар, педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, зерттеушілер мен ата-аналар қатысты.

     Жиылған жастардың бұл медиа шарадан алары көп болмақ, дейді ұйымдастырушылары. Балалар мен жастар қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының жас өскіндерде рухани- адамгершілік құндылықтарын, жоғары мәдениеттілікті, азаматтық өзіндік санасын, толеранттылығын қалыптастырудағы әсері, қазіргі әлемдік стандарттарға сай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде балалар мен жастар бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби деңгейін арттыру саласын кеңейтуге септігін тигізбек. Сондай-ақ, балалар мен жастар БАҚ-ын заманға сай дамытуға ықпалдасып, әлемдік стандарттармен бой түзету. Кәсіби бағдар тиімділігін арттыру және заманауи технологияларға қызыққан, сөз өнерін, шешендік өнерді үйренгісі келген жастарды кәсіби тұрғыдан іріктеу, журналист мамандығын меңгергісі келген жастарға жол нұсқап, дұрыс бағдар бермек.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау комитетінің өкілі Айнұр Смағұлова өңір-өңірден келген балаларға аталмыш шара өсіп-дамуға тамаша серпін береді, дейді:

     - Жасөспірімдерге ересектер сәл қолдау көрсетіп, демеп жіберсе болды емес пе, қанаты қатайып, жігерленіп, қаламы ұштала түседі. Сол себепті бұл шара ұйымдастырушылардың бұлақ көріп, көзін ашып жатқаны деп білемін. Жалпы ел болашағының ақпараттық салада сауатты, құқықтарын біліп өскені өте маңызды. Сондықтан, мұндай фестивальдердің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жатқаны болашаққа салынған қомақты инвестициямен пара-пар дер едім.

     Медиафестивальдің ашылу салтанатына «Жұлдыз» Балалар қоғамдық бірлестігінің президенті, ҚР Қоғамдық білім және ғылым министрлігінің мүшесі, профессор Елена Дмитриенко, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, Венесуэла Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Энрик Антонио Акунья Мендос қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

     Шара аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, кәсіби журналистер мен жас тілшілердің қатысуымен шеберлік сыныптары  өтті. Атап айтқанда, ЕҰУ журналистика және саясаттану факультеті деканының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжауһар Болатова «Қоғам дамуындағы журналистиканың рөлі», Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтмұхамбет Есдәулетов «Журналистің шығармашылық шеберлігі», телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент Индира Рыстина «Жұртшылықпен байланыс құрудағы таныстырылымды дайындау ережелері» тақырыбында шеберлік шыңдау сабағын өткізді.

     Медиафестиваль қатысушыларының бірі - Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Нүсіпжанов Ерсұлтан Кәрімжанұлы «БАҚЫТТЫ ЖҰЛДЫЗ АСТЫНДА: ЖАҢА ӘЛЕМДЕ БІЗ ӨМІР СҮРЕМІЗ!» XVІ Халықаралық медиафестивалі жоғарғы деңгейде өтті деп бағалады өз тарапынан.

     - Қазақта " Бұлақ көрсең, көзін аш" деген сөз бар емес пе? Болам деген баланың бетін қақпай, белін буатын, шығармашылық жұмысына серпін беретін, мотивация беретін, таным көкжиегін дамытатын, жас журналистердің пікір алмасуына мүмкіндік беретін бұл медиафестивальдің ерекшелігі сол -  елімізде 16-рет өтуі. Жалпы бұл медиафестивальге алғаш рет қатыстым.

     Ерсұлтан бұл медиафестиваль жайында ғаламтордан көріп, бірден қатысуға бел байлаған екен. Нұр-Сұлтан қаласына көне Тараздан ат терлетіп келген ол ұйымдастырушыларына ерекше алғысын айтып, қазіргі қазақ журналистикасына қатысты өз ойын білдірді:

     - Әркімнің ойы құнды! Сахнадан сән кетіп,  әннен мән кеткен заманда, журналистерден де ұят кеткен секілді. Бұл менің көзқарасым. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Ол журналистерді теледидардан көргенде байқалады. Эфир үшін ұятты ұмытып, рейтинг үшін жұмыс жасайтын журналистерді айтқым келіп отыр. Оны өзіңіз де біліп отырсыз. Журналист - халықтың қамын ойлайтын, сөзін сөйлейтін, халық пен биліктің арасындағы көпір іспетті болуы керек. Себебі, төртінші билік өкілі. Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай: "Журналистердің арқалағаны алтын, жегені жантақ". Қазіргі еліміздегі телеарналарда адамдардың тағдырын талқылайтын, елдің алдына ұятты болса да шығаратын бағдарламалар көбейіп кетті. Қазақ журналистикасы осылай жалғаса берсе не болмақ? "Ұят"  деген қайда кетеді? Жақсының жақсылығын айт,  нұры тасысын. Әрине, тек жаман жағын көрмей, жақсы жағын да айту керек. Республикалық, облыстық телеарналарда халықтың қамын ойлап, мәселесін шешетін де бағдарламалар баршылық. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ұлттық менталитетімізге кері әсер ететін, халқымызға зиянын тигізетін, жас жеткіншектердің санасын улайтын бағдарламалар жабылса екен деймін.

     Жас та болса, салмағы зілдей ой салатын журналист Ерсұлтан Нүсіпжанов жайында толығырақ тоқтала кетсек. Журналистикадағы алғашқы білімін еліміздің майталман журналистерінің тренингтері мен курстарынан алып бастаған. Теория мен практиканы шебер ұштастыра білген Ерсұлтанның көп ұзамай алғашқы сюжеттері көгілдір экран жүзінен шыға бастады. Бара-бара білімін жетілдіріп, журналист құқытары мен БАҚ туралы заңнамаға қатысты ақпарат беретін арнайы семинарларға да қатысты. Еккен еңбегі жемісін көп күттірмеді. 2018 жылы XIV Облыстық Дельфий ойындарында "Тележурналистика" номинациясы бойынша 2-орынға ие болды. 

     Форумға қатысушылар  Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерін аралап, мұражайларын тамашалап, әртүрлі тақырыптарды тілге тиек еткен дөңгелек үстелге қатысты. Шара соңында «Жас тілші – 2019» және «Жас Медиа KZ: балалардың үздік МедиаОрталығы» байқауларының  қорытындысы шығарылды.

     Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең дарынды жас тілшілер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетіне оқуға  шақырылып,  «Жас тілші – 2019» байқауының жеңімпаздары «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-ның бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

     Айнұр Нұрманғалиева, Ruh.kz
     Фото: Джамиля Мурзабекова



27.03.2019

[ Вернуться к списку новостей ]





НОВЫЙ НОМЕР

№1-2 (51-52) 2017

Архив номеров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Перейти в фотогалерею

 

ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

СЕЙЧАС
01.01.2019 - 31.12.2019
Работа пресс-центра «Жулдыз ИНФОРМ»

СКОРО
01.05.2019 - 30.06.2019
Конкурс детских санитарных и нарко-постов ЗОЖ: «Здоровые дети - успешный Казахстан!»

Просмотреть мероприятия

ПОИСК ПО САЙТУ



 

© 2006 – 2019 Республиканский Союз детских общественных организаций Казахстана «Жулдыз».
Адрес: Республика Казахстан, г. Кошектау, ул. Абая, 112 а, офис 207 (2 этаж). Телефоны: 8 (7162) 502591, 721226, e-mail: sdoozhuldyz@mail.ru
При перепечатке материалов ссылка на источник обязательна. Авторы Интернет-проекта www.zhuldyz.kz: Данил Конищев, Лидия Тришечкина, web: Муратбек Жусупеков.
Авторская группа DALI

Перейти на главную страницу Перейти в форум